Бізідң жұмысымыз
ЮНИСЕФ 190 елде және аумақта әр баланың құқықтары мен аман-саулығын қорғай және насихаттай отырып жұмыс жасайды. Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігі балалардың ең игі мүдделерін қамтамасыз ету үшін қалай жұмыс жасайтынын біліңіз.

Қазақстандағы ЮНИСЕФ жұмысы
Балаларды тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету – ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі аса маңызды міндеттерінің бірі. Бұл Қазақстан 1994 жылы қосылған Бала құқықтары турады конвенцияға сәйкес балалардың тіршілік етуі, дамуы және әлеуетін толығымен іске асыруы үшін олардың құқықтарын қорғауды білдіреді.
Міне, осымен екі онжылдықтан астам уақыт бойы ЮНИСЕФ Үкіметпен, жергілікті басқару органдарымен және азаматтық қоғаммен тығыз ынтымақтастықта балалардың құқықтарын нығайту және сапалы әлеуметтік қызметтерге, бірінші кезекте, денсаулық сақтауға және білім алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету жолында жұмыс жасап келеді.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік күн тәртібінде балалардың құқықтарын қорғау басты орында. Аса ұрымтал топтардағы, соның ішінде, психикалық және физикалық дамуында ерекшеліктері бар балаларға ерекше мұқият көңіл бөлінеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметі мен ЮНИСЕФ-тің кезекті бес жылдық бағдарламасы (2016-2020) жүзеге асырылып жатыр.
Қазақстандағы балаларға арналған бағдарламаларымыз туралы көбірек біліңіздер.
Балалардың тіршілік ету мен дамуы
ЮНИСЕФ Қазақстан Үкіметімен бірге сапалық денсаулық сақтау және білім беру қызметтеріне қолжетімділікпен қамту, отбасында сау психологиялық атмосфера қалыптастыру үшін жұмыс жасайды. ЮНИСЕФ үшін ұрымтал жасөпірімдермен және жастармен жұмыс жасау да маңызды.
Балаларды дамыту бағдарламалары туралы көбірек біліңіздер
Балалардың құқықтарын қорғау және инклюзия
ЮНИСЕФ балалардың құқықтары қорғау, атап айтқанда, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және алдын алу мәселелерімен жұмыс жасайды, аса ұрымтал топтардағы балаларға, мүгедектігі бар балаларға, әрі интернат мекелеріндегі балаларға ерекше көңіл бөледі. Сонымен қатар, ЮНИСЕФ балалардың құқықтарына тәуелсіз мониторинг жүргізу жүйесін дамыту мақсатында ұлттық құқық қорғау ұйымдарымен бірге жұмыс жасайды.
Балаларды дамыту бағдарламалары туралы көбірек біліңіздер
Қауіпсіз әлеуметтік орта
Қазақстан балаға қауіпсіз және меірімді әлеуметтік орта қалпытастыру жолында тұр. ЮНИСЕФ балалар үшін қолайлы орта жасау үшін құқық қорғау, мемлекеттік және жергілікті органдармен белсенді ынтымақтастықта жұмыс жасайды.
Бағдарламаларымыз туралы көбірек біліңіздер
Балалардың мүдделері үшін серіктестік орнату
Барлық мүдделі тараптар арасында серіктестік қарым-қатынас қалыптастыру инновациялық тұғырнамалар пайда болуы үшін, тәжірибе алмасу үшін, ұлттық және өңірлік деңгейде балаларға арналған нәтижелерге бірлесіп жету үшін іргелі негіз болып табылады.