Көптеген көрсеткіштер бойынша кластерлік зерттеу 2015

Көптеген көрсеткіштер бойынша кластерлік зерттеу 2015

семья
UNICEF/2010/Giacomo Pirozzi

Қысқаша ақпарат

Қазақстандағы Көптеген көрсеткіштер бойынша кластерлік зерттеу (MICS) 2015 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетімен (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ) «ҚР ҰЭМ Ақпараттық есептеу орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ АЕО РМК) MICS 5 жаһандық бағдарламасы аясында ынтымақтастықта өткізілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (бұдан әрі - ЮНИСЕФ) зерттеу жүргізуде техникалық және әдіснамалық қолдау көрсетті. ҚР ҰЭМ Статистика комитеті зерттеудің жекелеген іс-шараларының маңызды бөліктерін қаржыландырды, сондай-ақ зерттеу жүргізу кезінде Комитет пен аумақтық статистика органдары қызметкерлерінің сақталған еңбек ақылары түрінде маңызды жанама үлес қосты.

Едәуір қаржылық қолдауды БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) көрсетті; одан басқа Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрғын халық қоры (бұдан әрі - ЮНФПА) да зерттеу жүргізу үшін қаржылық салым жасады. MICS жаһандық бағдарламасын 1990 жылдары ЮНИСЕФ балалар мен әйелдердің жағдайының ауқымды көрсеткіштері спектрі туралы халықаралық деңгейде салғастырылатын деректерді жинау кезінде елдерді қолдауда үй шаруашылықтарын зерттеудің халықаралық бағдарламасы ретінде әзірледі.

MICS елдерге 2015 жылға дейін Мыңжылдықтың даму мақсаттары (МДМ) ретінде айқындалған негізгі көрсеткіштерге жылдам өзгерістерді қамтуға мүмкіндік берді. MICS Тұрақты даму мақсаттары үшін (ТДМ), сондайақ саяси және бағдарламалық шешімдер қабылдау үшін дәлелдеу базасын кеңейту үшін алдағы уақытта қаже

тті болатын МДМ 21 астам көрсеткіші үшін ақпаратты қалыптастыруда маңызды рөлге ие болды. Осы Есептің міндеті әртүрлі демографиялық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени сипаттамалар бойынша Қазақстанда 2015 жылғы Көптеген көрсеткіштер бойынша кластерлік зерттеудің (MICS) егжей-тегжейлі нәтижелерін уақтылы тарату және пайдалануға ықпал ету болып табылады. Қорытынды есепте келтірілген көрсеткіштер мен талдау туралы қосымша ақпаратты mics.unicef.org және data. unicef.org мекенжайлары бойынша табуға болады.

Автор
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті
Жариялау Күні
Тілдер
Орыс, Қазақша, Ағылшын
ISBN