Қазақстан балалары
Жас республикадағы ЮНИСЕФ миссиясы – Қазақстандағы әр балақайдың балалық шағы бақытты өтуі үшін және балалардың құқықтарын ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейлерде ілгері бастыру үшін ел әлеуетін жұмылдыру
Қазақстан балалары: жағдайға шолу
Балалық шақ – адам дамуындағы аса маңызды кезең, себебі, дәл осы кезеңде салауатты, табысты, әрі бақытты өмір негізі қаланады. Балалардың дамуына қолдау көрсету – қоғамның стратегиялық мақсаты.
Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы 5 623 387 бала тұрады, олар елдегі халықтың шамамен 31% құрайды. 2008 жылдан бастап, мемлекет халықаралық тірі туу қағидаттарына көшкеннен бері, Қазақстанда балалар өлім-жітімін қысқартуда айтарлықтай оңалыс орын алды. Неонаталдық өлім-жітім көрсеткіштері 50%-дан аса қысқарды.
Алайда, айтарлықтай төмендегеніне қарамастан, нәрестелердің шетінеуі Қазақстанда әлі де болса өзекті. Өңірлерде перинаталдық және неонаталдық күтім мен ауру нәрестелерге көмек көрсету бағдарламалары жеткілікті дәрежеде тиімді жұмыс жасамайды. ЮНИСЕФ балаларды ерте жастан дамытуға қолдау көрсету мақсатында медицина қызметкерлерінің дағдылары мен біліктілігін жетілдіруге техникалық көмек көрсетеді.
Қазақстанда балалардың 3% жуығы мүгедектігі және арнайы қажеттіліктері бар балалар ретінде тіркелген. Бұл сан әлемнің басқа елдеріндегі 10–15% құрайтын көрсеткіштерден әлдеқайда төмен. Мұндай айырмашылық бірінші кезекте мүгедектігі бар балаларды анықтау әдісінің басқа елдердегі әдістер мен жіктемелерден өзгеше болуымен түсіндіріледі – Қазақстанда әлі күнге дейін мүгедектіктің тек медициналық жағы ғана қарастырылады.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды білім берумен қамту өсіп келе жатқанына қарамастан, мүгедектігі және арнайы қажеттіліктері бар мектеп жасындағы 10 000 астам бала үйде оқиды, бұл олардың әлеуметтену мүмкіндіктерін шектейді. Ал ауылдық жерлерде осы санаттағы балалардың білім алу және оңалту қызметтеріне қол жеткізу мүмкіндіктері тіпті аз, осылайша олар қатарластарымен қарым-қатынастан оқшау қалады.
Оған қоса, мүгедектігі және арнайы қажеттіліктері бар мектеп жасындағы 10 000 астам бала үйде оқиды, бұл олардың әлеуметтену мүмкіндіктерін шектейді.
Заңнамадағы алғашқы оң өзгерістерге және төлемдер мен қызметтер жүйесінің жетілдірілуіне қарамастан, мүгедектігі тіркелген балалардың әзірше тек 28,6% ғана арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған.
Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігінің мақсаттарының бірі – ерекше қажеттіліктері бар барлық балалардың құқықтары мен мүдделелі сақталуын, заңнамалық деңгейде ескерілуін және бірлескен әлеуметтік инклюзия және материалдық көмек бағдарламалары арқылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
Кедейшілік мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр, себебі, елдегі кедей отбасылардың 90%-дан астамы – көп балалы отбасылар, әрі балалар кедейшілік шегінен төмен өмір сүретін барлық қазақстандықтардың 40%-дан астамын құрайды. Кедейшілік бала өмірінің әрбір тұсына әсер етеді: тойып тамақтанбау, таза су мен тиісті санитарлық жағдайлардың жоқтығы, денсаулық жағдайы және өмір ұзақтығы.
ЮНИСЕФ балалары бар мұқтаж отбасылар қажетті әлеуметтік қолдауға ие болуы үшін әлеуметтік көмек бағдарламаларының атаулылығын және тиімділігін арттыру мақсатында Үкіметпен бірге жұмыс жасайды.
2009-2017 жылдар аралығында кәмелетке толмаған құқық бұзушылар саны 53%-ға қысқарған.
Елде заңмен байланысқа түскен балаларға қатысты көрсеткіштер деңгейі төмендегені байқалады. 2009-2017 жылдар аралығында кәмелетке толмаған құқық бұзушылар саны 53%-ға қысқарған.
- сотпен сотталған балалар саны 66%-ға қысқарған
- тергеу изоляторларындағы балалар саны 65%-ға қысқарған
- бас бостандығынан айыру орындарындағы балалар саны 9 есе қысқарған (2009 жылы 449-дан 2017 жылы 49-ға дейін).
Балалар жасаған қылмыстар саны азайып жатқанда, балаларға қарсы жасалған қылмыстар артып бара жатыр. Балаларға қарсы жасалған көптеген қылмыстар анықталмаған және тіркелмеген күйде қалады.
ЮНИСЕФ балама сот жүйесін, пробация қызметін және заңға қайшы қылыққа барған балаларды әлеуметтік оңалтуды әрі қарай дамытуда қолдау көрсетеді. Кадрларды мамандандыру және даярлау жағынан құқық қорғау және сот органдарымен белсенді ынтымақтастық орнатылған
ЮНИСЕФ 2010-2016 жылдары Адам құқықтары жөніндегі Уәкілмен бірге жүргізген зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, ересектердің шамамен 75%-ы отбасында балалардың тәртібін қадағалау үшін дене жазалауын қолдануды құптайды екен, ал ата-аналардың 67%-ы балаларды тәртіпке салудың зорлықлықшыл әдістерін қолданатын көрінеді.
Зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жою жолындағы күрделі кедергі – «зорлық-зомбылық» ұғымын өте тар мағынада түсіну, көбінесе тек дене жазалауы деп қана қабылдау.
Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігі балаларға зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алуға және заңмен байланысқа түскен балаларға мейіріммен қарауды насихаттауға бағытталған екі ақпараттық науқанды жүзеге асыруды қолға алды.