Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілі
БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілі – Доктор Рашед Мұстафа Сарвар
Доктор Рашед Мұстафа Сарвар Орталық Азия мен Кавказ, Еуропа мен Оңтүстік- шығыс Азиядағы саяси ауысу жағдайындағы, дамушы, кіріс дəрежесі орта жəне жоғары, сол секілді төтенше гуманитарлық жəне дағдарыс жағдайларындағы мемлекеттерде ЮНИСЕФ жəне БҰҰ өкілдіктерінде 25 жылдан астам алуан түрлі дəрежелерде қызмет атқарып келеді.
Қазақстандағы тағайындалуына дейін доктор Рашид Польша мемлекетінде босқындарға көмек көрсету қызметін басқарды. 2 жылдық қызметі барысында ол Польшадағы миллиондаған украиндық босқын балалар мен əйелдерге арналған құны 250 миллион АҚШ долларынан асатын бағдарламаны басқарып, ЮНИСЕФ қызметінің тиімділігін қамтамасыз етті.
2020 жылдан 2022 жылға дейін Малайзияда ЮНИСЕФ өкілі жəне Бруней- Даруссаламда Арнайы өкіл қызметін, 2015 – 2020 жылдары Беларусь Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілі қызметін, 2009 – 2015 жылдары Азербайджандағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары қызметтерін атқарды. Барлық тағайындалымдарында ЮНИСЕФ барғарламасын жалпы басқару мен жүзеге асыру, саясаттарды орындау, қызметтер бойынша стандарттардың орындалуын бақылау, сол секілді халықаралық, үкіметтік жəне қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынасты реттей білді. Беларусь мемлекетінде ол жеке жəне корпоративтік қайырымдылық ұйымдарын жұмылдыру жəне Беларусь азаматтарын, компанияларын жəне азаматтық қоғамды үйде жəне шетелде балаларға көмектесуге көбірек тарту арқылы қаражат жинаудың жаңа үлгілерін оңтайлы түрде енгізе білді.
Бұған дейін 2006-2009 жылдар аралығында доктор Рашед Сарвар Ресей Федерациясының Солтүстік Кавказ өңірінде, 5 Солтүстік Кавказ республикалары: Дағыстан, Шешен Республикасы, Солтүстік Осетия, Ингушетия жəне Кабардин – Балқар мемлекеттерінде ЮНИСЕФ өкілдігінің жетекшісі қызметін атқарды. Сол секілді доктор Сарвар төтенше жағдайлар мен өзге гуманитарлық бағдарламаларды жүзеге асыру барысында саяси қолдау, жетекшілік ету жəне жариялылық жасауды қамтамасыз ете білді.
1995 жылдан 2006 жылға дейін Сарвар Шығыс Тимор мен Абхазиядағы (Грузия) БҰҰ Жоғары комиссиясының кеңсесінде, Тəжікстандағы БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы ұйымында, сол секілді Оңтүстік – Шығыс Азиядағы (Шығыс Тимор мен Мьянма) ЮНИСЕФ ұйымының кеңсесінде денсаулық сақтау жəне тамақтану, ерте жастағы балаларды дамыту жəне иммундау бойынша кең көлемді бағдарламалар аясында қызметтер атқарды.
Доктор Сарвар – Бангладеш Халық Республикасының азаматы. Жоғары медициналық білімі бар.