ЮНИСЕФ қалай қаржыландырылады?
ЮНИСЕФ бүкіл әлемдегі балаларға ерікті қайырмалдықтар есебінен көмектеседі
ЮНИСЕФ үкіметтердің, үкіметаралық ұйымдардың, қорлардың, бизнестің және жеке тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары есебінен қаржыландырылады.
Қаражат көздерінің осындай алуан түрлілігі ЮНИСЕФ-ке өз миссиясын орындауға және бүкіл әлемдегі балаларға, әсіресе ең осал балаларға – ата-ана мейірімінсіз қалғандарға, зорлық-зомбылық көргендерге, білім алуға немесе медицина қызметтеріне жүгінуге мүмкіндігі жоқтарға және көптеген басқаларына қамқорлық көрсетуге мүмкіндік береді.
ЮНИСЕФ жұмысына үлес қосу тек қаржылық сипатта ғана болмауы мүмкін. Мысалы, волонтерлердің, сарапшылық және ақпараттық серіктестіктердің уақыты мен еңбегі және басқа да ақшалай емес қайырмалдықтар.
Ресурстарды тиімді басқару үшін ақшалай қолдау үш санатқа бөлінеді:
Негізгі ресурстар –қажет болған жағдайда балаларға көмектесу үшін икемді түрде пайдаланылатын қайырмалдықтар.
Өзге ресурстар (тұрақты) – белгілі бір мақсатқа жұмсалатын қайырмалдықтар, мысалы, ЮНИСЕФ пен донор арасында келісілген белгілі бір елге немесе аймаққа, нақты тақырыпқа немесе жобаға арналған қаражат.
Өзге ресурстар (төтенше жағдайлар) – төтенше жағдайлар кезінде жылдам әрекет етуге арналған қайырмалдықтар.
ЮНИСЕФ-ті қаржыландыру қаражат көздерінің түрлері бойынша, 2023 жыл
2023 жылы ЮНИСЕФ-ті қаржыландыру 8,4 млрд. АҚШ долларын құрады, оның 6,5 млрд. доллары үкіметтерден, үкіметаралық ұйымдардан және қорлардан түсті.
Біздің донорлардың тұрақты қолдауының арқасында ЮНИСЕФ балалар көмекке аса мұқтаж жерлерде жұмыс істейді және қақтығыстар, табиғи апаттар немесе індеттер кезіндегі төтенше жағдайларда дереу шара қолданады.