Біз туралы
БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) әлемнің 190 елінде және аумағында жұмыс жасайды. ЮНИСЕФ балалардың өмірін құтқару, олардың құқықтарын қорғау, әр баланың қабілеттерін дамытуға және аман-саулығын насихаттауға септесу мандатына ие.
Балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету-Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі ЮНИСЕФ үшін маңызды міндеттердің бірі.
Біздің миссия
Әр бала ата-анасының қамқорлығына, қауіпсіздікке, денсаулығы мен дамуына зерделі қарауға толы бақытты балалық шаққа құқылы. ЮНИСЕФ түрлі себептермен өзгелермен тең дәрежеде өсу және даму мүмкіндігінен айырылған балалардың құқытары үшін күреседі.
ЮНИСЕФ 1946 жылы БҰҰ Халықаралық төтенше балалар қоры ретінде құрылып, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде зардап шеккен балаларға көмек көрсетті. Қор уақытша жұмыс жасайды деп жоспарланды, алайда, ұйым жұмысына мұқтаждық азайған жоқ, сондықтан, құрылғаннан бастап 10 жылдан да аз уақыт ішінде ЮНИСЕФ міндеттерінің аясы кеңейтілді, ал атауы БҰҰ Балалар қоры болып өзгерді.
Бүкіл әлемдегі серіктестерінің күшін біріктіре отырып, ЮНИСЕФ оларды өмірлік қиын жағдайда қалған аса ұрымтал балаларға және отбасыларға қолдау көрсетуге бағыттайды.
ЮНИСЕФ Қазақстанда
16 ақпан 1994 жылы тәуелсіз Қазақстан алғашқы халықаралық құжаттардың біріне – Бала құқықтары туралы конвенцияға - қол қойды.
1992 жылдың ақпанында БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы балалардың жағдайына баға беру үшін жас тәуелсіз республикаға алғашқы миссиясын ұйымдастырды. Осыдан кейін жүзеге асырылған барлық балаларға қызылша мен полиомелитке қарсы екпе жасау жобасы ЮНИСЕФ үшін Қазақстандағы тұңғыш жоба атанды.
Қазақстанда 20 жылдан астам уақыт бойы жасаған жұмысы аясында ЮНИСЕФ мандаты айтарлықтай өзгерді: екпе, дәрі-дәрмек және басқа да материалдық көмек жеткізуден бастап, біз қоғам әлеуетін нығайтуға және балалар мен отбасылардың ең игі мүдделері үшін озық әлеуметтік технологиялар енгізуге көштік. ЮНИСЕФ Үкіметпен, жергілікті билік органдарымен және азаматтық қоғаммен тығыз ынтымақтастықта Қазақстандағы балалардың жағдайын жақсарту үшін жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметі мен ЮНИСЕФ арасында 2016-2020 жылдарға арналған кезекті бес жылдық ынтымақтастық бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, оның негізінде ұлттық басымдықтар мен стратегиялар жатыр. Сондай-ақ, мемлекеттің халықаралық міндеттемелері, соның ішінде, БҰҰ тұрақты даму саласындағы мақсаттарын орындау да толық көлемде ескеріледі. Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру да балалық мәселелерімен айналысатын барлық мекемелердің жұмысын үйлестіруге жаңа мүмкіндіктер ашты.