"Қазакстан балалары" статистикалық жиналығы

"Қазакстан балалары" статистикалық жиналығы

Дети Казахстана
UNICEF/2016/Andrey Kim

Қысқаша ақпарат

«Қазақстан балалары» статистикалық жинақ (бұдан әрі – жинақ) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министірлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ СК) және Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдігімен бірлескен бастамасымен 2017 жылы алғаш әзірленіп, шығарылған.

 Бұл жинақтың құрылымы мен мазмұны Республикадағы балалардың жағдайын сипаттайтын жүйелеу көрсеткіштері бойынша жұмыс тобы құрамына кіретін ЮНИСЕФ-тің халықаралық және ұлттық сарапшылары, сонымен қатар қызығушылық танытқан мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен, үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен әзірленген болатын.

Қазақстандағы балалар жағдайы туралы алғашқы статистикалық жинақты әзірлеуде және шығаруда ЮНИСЕФ техникалық және әдіснамалық қолдау көрсетті. Бұл жинақтың шығарылу мақсаты Республикадағы балалар жағдайы мониторингін қамтамасыз ету үшін көрсеткіштерді жүйелендіру, қоғамды деректермен қамту және пайдаланушылардың ауқымды топ тарапынан сұраныстарын қанағаттандыру болып табылады.

Осы жинақта ұсынылған деректер әртүрлі ресми дереккөздерден (статистикалық деректер және әкімшілік есептіліктер) және негізгі 8 бөлімге бөлінген, соңғы 9 бөлімге негізгі көрсеткіштер бойынша деректердің халықаралық салыстырулар жатады.

"Қазакстан балалары" статистикалық жиналығы
Автор
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті
Жариялау Күні
Тілдер
Орыс, Қазақша, Ағылшын
ISBN
978-601-06-4275-1