ЮНИСЕФ-тің Шығыс Қазақстан облысындағы (ШҚО) қызметі
ЮНИСЕФ-тің Шығыс Қазақстан облысындағы (ШҚО) қызметі

- Қол жетімді:
- русский
- Қазақша
Қысқаша ақпарат
2011 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде ЮНИСЕФ пен ШҚО әкімдігі Шығыс Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен бағдарламаны жүзеге асырды. Бағдарламаны жүзеге асыруға ең мықты халықаралық сарапшылар, кәсіби білігі өте жоғары жаттықтырушылар, консультанттар мен жергілікті мамандардың басшылығымен алуан түрлі зерттеу топтары қатысты.
Бағдарламаға нәрестелер мен олардың аналарының денсаулықтарын сақтау, балалардың өлім-жітімін азайту, дамуында ерекше мұқтаждықтары бар балалар үшін мумкіншіліктерді кеңейту және әлеуметтендіру, балалардан бас тарту мен отбасынан айыруды болдырмау, жастарға қолдау көрсету және олардың қоғамға қатысуын арттыру, балаларға арналған әділсот жүйесін дамыту және басқа мәселелерге қатысты жобалар кірді.