Алматыда Youth Forum 2025 өтті: ЮНИСЕФ пен Documentolog-тың жаңа цифрлық порталы мыңдаған жас қазақстандықты біріктіреді

28 Қараша 2025
документолог
UNICEF/Kazakhstan/2025/TatyanaDrujinina

Алматы, 2025 жылғы 27 қараша. Алматыда жылдың ең ауқымды жастар оқиғаларының бірі – ұлттық UNICEF Youth Forum 2025 өтті. Шараға 200-ден астам қатысушы, оның ішінде жас көшбасшылар, әкімдік және бизнес өкілдері, халықаралық ұйымдар мен әлеуметтік кәсіпкерлер жиналды. Форумның басты нәтижесі ЮНИСЕФ пен Documentolog компаниясы арасындағы стратегиялық цифрлық меморандумға қол қою болды. Digital Partner for UNICEF деп жарияланған Documentolog компаниясы бүкіл ел бойынша мыңдаған жастарды біріктіруге және «ЮНИСЕФ Жастары» қозғалысын жаңа технологиялық деңгейге шығаруға арналған ұлттық еріктілер порталын әзірлеуге кірісті.

Форум жас еріктілер жасаған әлеуметтік бастамалар экспозициясымен ашылды: он үш команда бала құқықтарын қорғау, инклюзия, менталды саулық, экоағарту, зорлық-зомбылықтың алдын алу және жергілікті қоғамдастықтарды дамыту саласындағы жобаларын таныстырды. Құрамына ЮНИСЕФ, әкімдік және бизнес-қоғамдастық өкілдері кірген қазылар алқасының алдында үздік алты команда қысқаша питч (жобаны қорғау) жасап шықты. Оның ішінде үш жобаны одан әрі ауқымдандыру үшін менторлық қолдау көрсетілетін болады.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі доктор Рашед Мустафа Сарвар Қазақстанның жастар бастамалары мен әлеуметтік жобаларды цифрлық трансформациялаудың өңірлік орталығына айналып келе жатқанын атап өтті.

«Бұл форум – жай ғана оқиға емес. Бұл – жас ұрпақтың өз қоғамдастықтарында және одан тыс жерлерде өзгеріс жасауға қажетті білімі, дауысы мен күш-жігері болуы үшін жасалған қозғалыс. Жастар бастамашы болса, қоғам гүлденеді», – деді ол.

ЮНИСЕФ деректері бойынша, тек 2025 жылдың өзінде ұйымның Қазақстандағы еріктілер бағдарламасына тағы 9 500 жас қосылған, ал жастар хабтарының желісі еліміздің алты қаласына – Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Семей және Көкшетауға дейін кеңейді.

Форумның шарықтау шегі Қазақстанның жетекші технологиялық әзірлеушілерінің бірі – Documentolog компаниясымен цифрлық серіктестік туралы меморандумға ресми қол қою рәсімі болды. Documentolog компаниясы pro bono (ақысыз) негізде ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы еріктілер қозғалысын оқыту мен дамытуға арналған порталды әзірлейді.

Documentolog CEO-сы Байжан Канафин пленарлық сессияда сөз сөйлеп, компания ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастықты жастар бастамаларын ұзақ мерзімді қолдауға, цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және жастардың әлеуметтік жобалаудың заманауи құралдарына қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған стратегиялық қадам деп санайтынын жеткізді. Жаңа еріктілер порталы оқытуды, коммуникацияны, өтінім беру мүмкіндігін, қатысуды автоматтандырылған есепке алуды және еріктілердің цифрлық профильдерін біріктіріп, жастардың бастамаларын ауқымды шешімдерге айналдырмақ.

Форум мемлекет, бизнес және жастар қозғалысы арасындағы диалог алаңына айналды: Алматы әкімдігінің өкілдері қалалық жастар саясатын дамыту, еріктілердің мүмкіндіктерін кеңейту, буллингтің алдын алу, менталды денсаулық қызметтерін нығайту және балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіз цифрлық орта құру бағытында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін растады.

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.