Ұлытау облысының Әкімдігі, ЮНИСЕФ және Ұлттық статистика бюросы МИКЗ зерттеу қорытындысы бойынша кеңес өткізді

11 Тамыз 2025
UNICEF, the Bureau of National Statistics, and the Akimat of Ulytau Region Discuss Key Findings of the MICS Survey
UNICEF

Ұлытау, 2025 жылғы 11 тамыз — Ұлытау облысының Әкімдігінде Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Ұлттық статистика бюросының өкілдерімен ресми кездесу өтті. Сапар ЮНИСЕФ-тің арнайы миссиясы шеңберінде өтуде, ол балалардың құқықтарын қорғау, тұрақты даму және жастар саясаты саласындағы серіктестікті нығайтуға және басымдықтарды ілгерілетуге бағытталған.

ЮНИСЕФ 2024 жылы Мульти-индикаторлық кластерлік зерттеу (МИКЗ) жүргізу кезінде белсенді қолдау көрсеткені және тиімді үйлестіргені үшін Ұлытау облысының Әкімдігіне алғысын білдірді. Зерттеу барысында өңірдегі әйелдердің, балалар мен жастардың жағдайы туралы, соның ішінде медициналық және білім беру қызметтеріне қолжетімділік, өмір сүру жағдайлары, тамақтану және қорғау туралы бірегей және өзекті деректер жиналды.

МИКЗ талдау нәтижелері бойынша Ұлытау облысы денсаулық сақтау және білім беру саласында айтарлықтай жетістіктерді көрсетеді:

  • Әйелдердің 97.2%-ы босануға дейінгі бақылауға 4 реттен артық барады, бұл соңғы 10 жылдағы тұрақты көрсеткіш.
  • Әйелдердің 98.4%-ы 4 айдан аз мерзімде есептіқ бақылауға алынады, бұл оңтайлы мерзім болып табылады. Осы көрсеткіш бойынша облыс елімізде екінші орында тұр.
  • Ауруханалардың балалар төсектерімен қамтамасыз етілуі - 1000 балаға 6 келеді - өңір ел бойынша 2-ші орында тұр.
  • Мектептегі білім берудің барлық сатыларында қатысу жоғары, бұл ретте облыста үш ауысымдық оқуы бар мектептер жоқ.

Сонымен қатар, зерттеу көбірек назар аударуды талап ететін бірқатар бағыттарды анықтады:

  • 5 жасқа дейінгі балалар арасында артық салмақ мәселесі өте өзекті. 100 баланың 11-де семіздіктің орташа дәрежесі бар, ал 100-ден 3 баланың семіздік дәрежесі жоғары.
  • 5-9 жас аралығындағы балалар арасында өсудің тежелуі және артық салмақ сияқты мәселелер бойынша елдегі орташа көрсеткіштен асады. Әрбір төртінші бала артық салмақтан орташа дәрежеде, 100 баланың 10-11–і айтарлықтай дәрежеде зардап шегеді.
  • Өңірде 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жас әйелдер арасында туу көрсеткіші айтарлықтай жоғары - 1000 әйелге шаққанда 27 бала (ел бойынша 6-шы орында).
  • Мектепке дейінгі білім беру көрсеткіштері төмен - 3-5 жас аралығындағы 10 баланың 6-ы ғана мектепке дейінгі білім берумен қамтылған. Бұл көрсеткіш бойынша өңір 17-ші орында.
  • Мектептердің 2.3%-ы апаттық жағдайда тұр, облыс осы көрсеткіш бойынша ең қолайсыз өңірлер арасында 3-ші орында тұр.

ЮНИСЕФ, Ұлттық статистика бюросы және Әкімдік өкілдері балалар мен әйелдердің мүддесі үшін өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және түзету үшін МИКЗ деректерін тұрақты пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Алынған нәтижелер Ұлытау облысында Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі прогресті  жеделдетуге және ведомствоаралық жоспарлауға негіз болады.

Тараптар өңірдің тұрақты дамуына және әрбір бала үшін қолайлы орта құруға ықпал ететін стратегиялық диалогты жалғастыруға және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Медиа байланыс

Салтанат Жуманбаева
Дамуды қолдау коммуникациялары маманы
Тел: +7 702 999 7703

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.