Ақмола облысының әкімдігі, ЮНИСЕФ және Ұлттық статистика бюросы МИКС зерттеу қорытындыларын талқылады

15 Тамыз 2025
Akmola Region Akimat, UNICEF, and the Bureau of National Statistics Discuss Key Findings of the MICS Survey
UNICEF

Көкшетау, 2025 жылғы 15 тамыз — Ақмола облысының әкімдігінде Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасындағы БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдерімен ресми кездесу өтті. Сапар ЮНИСЕФ-тің балалардың құқықтарын қорғау, орнықты даму және өңірлік деңгейде әлеуметтік саясат саласындағы әріптестікті нығайтуға және басымдықтарды ілгерілетуге бағытталған арнайы миссиясы шеңберінде өтті.

ЮНИСЕФ 2024 жылы Мульти-индикаторлық кластерлік зерттеу (МИКС) жүргізу кезінде тиімді ынтымақтастық пен белсенді қолдау көрсеткені үшін Ақмола облысы әкімдігіне алғысын білдірді. Зерттеу медициналық көмек деңгейінен бастап білім беру, тамақтану және әлеуметтік қорғаумен қамту жағдайларына дейін аймақтағы әйелдер мен балалардың жағдайы туралы құнды мәліметтер алуға мүмкіндік берді.

МИКС нәтижелеріне сәйкес, Ақмола облысы бірқатар бағыттарда маңызды жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Соңғы 10 жылда өңірде 5 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітім деңгейі 1000 тірі туылғанға шаққанда 10,13-тен 4 жағдайға дейін төмендеді, ал неонаталдық өлім-жітім көрсеткіші нөлдік деңгейде. Өңірдегі вакцинация көрсеткіштері барлық вакцина түрлері бойынша, В вирустық гепатитінен басқа, ел бойынша орташа деңгейден жоғары. Орта есеппен 50–80 % аралығында. Жекелеген вакциналар бойынша көрсеткіштер сәл жоғары – БЦЖ1 – 91,3 %, ВВГ (туғаннан кейін) – 86 %. Өңірде әйелдердің 97 %-ы жүктілік кезінде кемінде 4 рет дәрігерге қаралады, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Облыста 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы ерте неке (1,3%) және бала туу көрсеткіштерінің ең төмен көрсеткіштерінің бірі, ел бойынша 18-ші орында. Өңір Қазақстанда балаларды ерте дамыту индексі бойынша 4-ші орында тұр, мектептерде үш ауысымдық оқыту жоқ, ал апаттық жағдайдағы оқу орындарының үлесі — небәрі 0,4%.

Сонымен қатар, зерттеу жоғары назар аударуды қажет ететін бірқатар бағыттарды анықтады. Балалар арасындағы артық салмақ пен семіздік көрсеткіштері ерекше алаңдаушылық туғызады: 5-9 жастағы балалар арасында әрбір үштен бірі орташа семіздікке, 100 баланың 8-і ауыр семіздікке шалдыққан. Сондай-ақ, Соңғы 10 жылда орташа бой өсуінің баяулау мәселесі күшейді (2,9 %-дан 3,9 %-ға артты). Өңір жаңа туған нәрестелерге күтім жасау бойынша 18-ші орында — әрбір екінші нәресте шығарылғаннан кейін бір апта бойы бақылаусыз қалады. Әр 100 мың балаға шаққандағы педиатрлар саны бойынша өңір елде 10-орында. Сонымен қатар, математика және оқу сауаттылығы бойынша білім сапасы елдік орташа деңгейден төмен (ел бойынша 14-орын).

ЮНИСЕФ, Ұлттық статистика бюросы және Ақмола облысы әкімдігінің өкілдері балалар мен әйелдердің мүддесі үшін өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және түзету кезінде МИКС деректерін тұрақты пайдаланудың жоғары маңыздылығын атап өтті. Алынған деректер өңірдегі Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) ведомствоаралық жоспарлауда және іске асыруды жеделдетуде маңызды құрал болады.

Тараптар өңірдің тұрақтыдамуына және әрбірбала үшінқолайлы орта құруғабағытталған бірлескен бастамаларды одан әрі стратегиялық ынтымақтастыққа және іске асыруға әзірлігін растады.

Медиа байланыс

Салтанат Жуманбаева
Дамуды қолдау коммуникациялары маманы
Тел: +7 702 999 7703

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.