ЮНИСЕФ Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары
ЮНИСЕФ Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары

Қысқаша ақпарат
Міне, жиырма жылдан астам уақыт бойы ЮНИСЕФ Үкіметпен, жергілікті басқару органдарымен және азаматтық қоғаммен тығыз ынтымақтастықта Қазақстандағы балалардың жағдайын жақсарту үшін, сапалы әлеуметтік қызметтерге, бірінші кезекте денсаулық сақтау және білім беру қызметтеріне тең қолжетімділікпен қамтамасыз ету үшін жұмыс жасап келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметі мен ЮНИСЕФ арасындағы 2016-2020 жылдарға арналған кезекті бес жылдық ынтымақтастық бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, оның негізін ұлттық басымдылықтар мен стратегиялар құрайды. Сондай-ақ, елдің халықаралық міндеттемелері, оның ішінде, БҰҰның тұрақты даму саласындағы Мақсаттарына қол жеткізу толық көлемде ескеріледі. Балалық мәселелерімен айналысатын барлық ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін жаңа мүмкіндіктер Бала құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесін құру арқылы ашылды. Балаларды тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету - ЮНИСЕФ үшін Қазақстанда да, бүкіл әлемде де ең маңызды міндет. Теңдік барлық балалар үшін Бала құқықтары туралы конвенцияға сәйкес тіршілік ету, даму және өз әлеуетін толығымен іске асыру мүмкіндігін білдіреді, аталмыш Конвенцияға Қазақстан 1994 жылы қосылды. Балалардың құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламасының негізгі бөлігін құрайды. Басты назар ең әлжуаз әлеуметтік топтардан шыққан балаларға, соның ішінде, психикалық және физикалық дамуында ерекшеліктері бар балаларға бөлінеді. Осы басылымда Қазақстандағы әр балаға арналған ЮНИСЕФ қызметінің негізгі бағыттары ұсынылған. Балалар мүддесінде күш біріктіру және серіктестік орнату маңыздылығына ерекше көңіл аударылады