БҰҰ-ның серіктесі болғыңыз келе ме? БҰҰ-ның серіктестік порталында тіркеліңіз

БҰҰ-ның серіктестік порталы

10 Қаңтар 2019
UN Partner Portal
UNHCR

БҰҰ-ның серіктестік порталы – бұл азаматтық қоғамдағы серіктестермен, соның ішінде, ұлттық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық ұйымдармен және ғылыми-білім беру мекемелерімен жұмыс жасау үшін БҰҰ-ның рәсімдерін жеңілдетуге және үйлестіруге арналған онлайн-платформа. Бұл БҰҰ-ның Балалар Қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасы (БЖКБ) және Халықаралық азық-түлік бағдарламасының (ХАТБ) бірлескен бастамасы.

 

БҰҰ-ның серіктестік порталы деген не?

БҰҰ-ның серіктестік порталы келесі мүмкіндіктерді береді:

  • Азаматтық қоғам ұйымдарына (АҚҰ) өз анкетасын ашып, БҰҰ-мен өздері жайлы негізгі ақпаратпен бөлісуге;
  • БҰҰ-ның агенттіктеріне серіктестік мүмкіндіктері жайлы ақпаратты жариялауға және азаматтық қоғам ұйымдарынан өтінімдерді сұратуға;
  • БҰҰ-ның агенттіктеріне АҚҰ-ның жіберген өтінімдерің алуға, бағалауға және іріктеуге, әрі АҚҰ-на келісілген жан-жақты тексеру жүргізуге.

Қандай ұйымдар БҰҰ-ның серіктестік порталында тіркеле алады?

Потенциалды азаматтық қоғам ұйымдары – үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық ұйымдар мен ғылыми-білім беру мекемелері.

БҰҰ-ның агенттіктері келесі ұстанымдарға сай жұмыс жасайтын азаматтық қоғам ұйымдарымен серіктес болады:

  • Ортақ гуманитарлық мақсаттары бар;
  • Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі құндылықтарың ұстанады;
  • Серіктестік қағидаларың орындайды;
  • Тиісінше ұйымдық басқару, соның ішінде ашықтық, есептілік және қаражатты ұтымды басқару жасайды.

БҰҰ-ның серіктестік порталының қандай артықшылықтары бар?

  • БҰҰ-ның барлық ашық серіктестік мүмкіндіктеріне қолжетімділік;
  • Өтінімді онлайн жіберу мүмкіндігі;
  • Азаматтық қоғамдағы серіктестер тікелей таңдау мүмкіндіктері туралы хабардар болуы мүмкін;
  • Бір жерде әртүрлі серіктестер жиналған үлкен пулдың болуы;
  • Ынтымақтастықты таңдау мен дамытудың тиімділігін арттыру;
  • Серіктестер верификация мен скринингтен өтеді.

Қазіргі уақытта БҰҰ-ның серіктестік порталында 331 халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, 1181 ұлттық үкіметтік емес ұйымдардың, 44 қоғамдық ұйымдардың және 207 ғылыми-білім беру мекемелерінің анкеталары бар. Анкеталар саны күннен-күнге өсіп келуде, себебі, БҰҰ-ның серіктестік порталы жайлы ақпаратты көбірек АҚҰ біліп жатыр.

Біз азаматтық қоғамдағы барлық серіктестерімізді аталмыш онлайн-ресурста өз анкеталарын тіркеуге шақырамыз. Бірге жұмыс жасай отырып, балалар үшін үлкен және ең жақсы нәтижелерге жете аламыз.

https://www.unpartnerportal.org/landing/

Медиа байланыс

Зарина Нурмухамбетова
ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (112)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Бізді Twitter және Facebook аңдаңыз