Кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот
Балаларға арналған әділ сот жүйесін дамыту жұмысының табыстылығы қылмыстық әділ сот жүйесінің назарына іліккен жасөспірімдердің болашағына тікелей әсер ететін болады

Мәселе
Соңғы он жылда Қазақстанда кәмелетке толмағандарға арналған әділ сот саласында қызметтер көрсетуге, балаларды қорғауға және ұлттық тәжірибені халықаралық стандарттармен сәйкестііке келтіруге бағытталған бірқатар реформалар басталды. Оң реформалар жаңа заңнамалық базаны қабылдауға, кәмелетке толмағандарды сотқа дейін қамауда ұстауды шектеуге, қылмыстық жауапкершілікті түзеуші әсерге ие балама шаралармен алмастыруға, құқық бұзушылықтардан зардап шеккен балаларға және қылмыс куәгерлеріне айналған балаларға қолдау мен көмек көрсетуге септесті.
- Заңға қайшы әрекет жасаған балалар
Статистика балалар жасаған тіркелген қылмыстар саны азайғанын көрсетеді: 2009 жылы - 6 651 бала, 2017 жылы - 3 148 [1]. Кәмелетке толмаған қылмыскерлер арасындағы қыздар үлесі 7,0% құрады. Қайта құқық бұзушылыққа барған балалар 12,7 % [2] құрады.
Өткен жылдар ішінде балаларға қатысты шығарылған айыптау үкімдері 2009 жылы 2 654-тен 2017 жылы 443-ке қысқарды [3]. Сотқа дейін қамауда отырған балалар саны да 2009 жылы 475-тен 2017 жылы 166-ға қысқарды. Оған қоса, колониялардағы балалар саны 2009 жылдың аяғында 427-ден 2017 жылы 49-ға қысқарды.
- Жәбірленуші және қылмыс құрбандары болған балалар
Мәліметтер соңғы бірнеше жыл ішінде қылмыстық шабуылдардан жәбір көрген балалар саны айтарлықтай өсіп, артынша қысқарғанын көрсетеді. 2017 жылы кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған 2014 қылмыс тіркелген, ал 2014 жылы 7 882 қылмыс жасалған.
[1]Дереккөз: 2009 жылғы мәліметтер: TransMonEE (веб-сайт ЮНИСЕ-пен Еуропадағы және Орталық Азиядағы балаларға және әйелдерге қатысты жағдайға мониторинг жүргізу үшін жасалған: http://www.transmonee.org/); 2017 жылғы мәліметтер: Бас прокуратура
[2]Дереккөз: Бас прокуратура
[3]Дереккөз: 2009 жылғы мәліметтер: TransMonE, 2017 жылғы мәліметтер: Бас прокуратура
Шешім
ЮНИСЕФ балама әділ сот жүйесін, пробацияны және заңға қайшы әрекет жасаған кәмелетке толмағандарды және қылмыс құрбандарын әлеуметтік оңалтуды әрі қарай дамытуда қолдау көрсетеді. Кадрларды мамандандыру және даярлау жағынан құқық қорғау және сот органдарымен белсенді ынтымақтастық жүргізіліп жатыр.
2014-2018 жж. аралығында Еуропалық Одақ пен ЮНИСЕФ ұйымдарының бірлескен «Балаларға арналған әділ сот жүйесін нығайту және олардың құқықтарын қорғау» бағдарламасы жүзеге асырылды.
Балалардың ең игі мүдделері сақталуын және оларға мейірімділікпен қарауды қамтамасыз ету қажеттілігі ескерілетін балалар қатысатын тергеу шараларын жүргізу стандарттары жасалып жатыр. Пилоттық негізде полицияда, сотта және пробацияда балаларға мейірімді кабинеттер ашылды. Халық арасында жүргізілген сауалнама қоғамда заңға қайшы әрекет жасаған және қылмыс салдарынан жәбір көрген балаларды кемсітуді өзгерту керек екенін де анықтады.
Балаларға арналған әділ сот саласындағы заңнаманы нығайту үшін және баланың құқықтары толығымен сақталуын қамтамасыз ету, балама қызметтерді дамыту, әділ сот жүйесіндегі мамандардың әлеуетін ұлттық жүйені халықаралық нормалармен және стандарттармен таныстыру арқылы нығайту үшін қосымша шаралар қажет.
Ресурстар
«Балаларға арналған әділ сот саласындағы білім, қарым-қатынас және тәжірибе» зерттеуі шеңберінде заңға қайшы әрекет жасаған, қылмыстан жәбір көрген және қылмысқа куә болған балаларға байланысты мәліметтер, басым әлеуметтік нормалар және қолданыстағы тәжірибелер туралы деерктер жиналды.
ҚР Жоғарғы соты, ҚР Үкіметі және халықаралық сарапшылар бірлесіп, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының (КТІЖМАС) дамуын құжаттау, сонымен қатар, қолданыстағы тәжірибенің халықаралық стандарттарға қаншалықты сәйкес екенін анықтау және КТІЖМАС әрі қарай күшейту бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында зерттеу жүргізді.