Дрондар және ЮНИСЕФ

Қазіргі уақытта түрлі салаларда дрондар (ұшқышсыз ұшу аппараттары – ҰҰА) кеңінен қолданыла бастады. ЮНИСЕФ дрондарды балаларға көмек көрсету үшін пайдалану мүмкіндіктерін белсенді зерттеп жатыр

ЮНИСЕФ_БПЛА
UNICEF

Дрондар және ЮНИСЕФ

ЮНИСЕФ балаларға көмек көрсету үшін, олардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін, өмір мен денсаулыққа қауіпті жағдайларға түсуін болдырмау үшін, төтенше жағдайларда құтқару үшін және қажетті дағдыларға үйрету үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) пайдалану мүмкіндіктерін зерттеп жатыр.

2018 жылы ЮНИСЕФ Қазақстанда «Сынақ дәлізін» - ҰҰА технологияларын сынап көруге арналған аудан әзірлеу жұмыстарын бастады. ЮНИСЕФ мамандары ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетімен бірге Қазақстанда ҰҰА пайдаланудың (ЮНИСЕФ мандаты тұрғысынан) болашағы бар бағыттарын анықтады, олар:

  • төтенше жағдай кезінде адамдарды іздеу және құтқаруға қатысу;
  • алдын-ала көзбен шолу арқылы қауіп-қатер аймақтарын анықтау және сондай аймақтарды үнемі немесе мерзімді бақылау арқылы төтенше жағдайлардың алдын алу;
  • орын алған төтенше жағдайдан келген шығынды есептеу (зақым көлемін, көлік және тұрмыстық инфрақұрылымды қалпына келтіруге қажетті жұмыстар тізімін анықтау);
  • ТЖ аумағында уақытша байланыспен шұғыл қамтамасыз ету (GSM ұялы телефон байланысы және/немесе Wi-Fi).

 

Қазақстандағы жағдайды бағалау бойынша алдын-ала жұмыстар барысында ҰҰА саласында орасан зор әлеует бар екені анықталды: осындай техниканы өз бетінше өндіруді (сонымен қоса арнайы бағдарламалық қамсыздандыруды пайдаланумен жасап шығаруды) бастап жатқан компаниялар бар, көптеген компаниялар ҰҰА негізінде сервистік қызметтер көрсетеді, сонымен қатар, мектептердің және мектептен тыс оқыту мекемелерінің жанында ұшақ үлгілерін құрастыру үйірмелері (сарайлар/балалар шығармашылығы орталықтары) кеңінен дамыған. Осы салада Ақмола облысының Әкімдігімен және Алматы қаласының Әкімдігімен ынтымақтастық орнату жұмыстары басталған. Жетекші қазақстандық университеттердің (ХАТУ, КБТУ, НАРХОЗ, AlmaU, Сулейман Демирель атындағын Университет) IT саласындағы әлеуеті белсенді қолданысқа тартылып жатыр.