Жасөспірімдер мен жастар
Жасөспірімдік кезең адам өмірінің тұтастай он жылын алады. Бұл – ерекше қажеттіліктер және құқықтар тән бірегей уақыт

Қиындықтар
Қазақстан заңнамасына сәйкес жасөспірімдік жастағы тұлғалар (10-19 жас) балаларға да (0-18 жас), жастарға да (14-28 жас) жатқызылады. Бұл кезең орасан зор мүмкіндіктер және өсу-жетілу, күш-қуат және шығармашылық тұрғысынан шексіз дерлік әлеует береді. Алайда, жасөспірімдер – ұл балалар үшін де, қыз балалар үшін де қауіп-қатерлер мен осалдықтар артуына байланысты ерекше көңіл бөлуді де талап етеді.
Жасөсіпірімдер суициді және суицид әрекеттері жаһандық құбылыс ретінде барған сайын кеңінен мойындауға ие болып келеді. Суицид жасөспірімдер арасында тысқары себептерден көз жұмудың басты себептері қатарынан ешқашан кеткен емес.
Жастар әдетте өз-өзіне бағытталған зорлық-зомбылық туралы мүлдем сыр алдырмайды; дегенмен, халықаралық зерттеулер көрсеткендей, өз-өзіне зақым келтіргенін мойындайтын жастар мұндай әрекетке көбінесе жабырқау, алаңдау немесе эмоциялық бұзылыс сезімін жеңілдетуге септесу үшін баратынын айтады. Бірақ, Қазақстанда да, басқа елдерде де жүргізілген зерттеулер суицид жасаған жасөспірімдердің кем дегенде 90%-да депрессия белгілері және психологиялық төзімділік деңгейі төмен болғанын көрсетті.
Шешімдер
Суицидті қоғамдық денсаулық сақтаудың түйіткілді мәселесі екенін мойындап, Қазақстан үкіметі батыл шаралар қолдануға кірісті, оларға мәселені мұқият зерттеу, ЮНИСЕФ ұйымын, халықаралық сарапшыларды, бейүкіметті ұйымдарды және білім мен психикалық денсаулық саласындағы жергілікті мамандарды қатыстырумен арнайы бағдарламалар әзірлеу кіреді.
ЮНИСЕФ ерте анықтау, алдын алу және шара қолдану үшін сенімді дәлелдер мен мәліметтер алу мақсатында жасөспірімдер мен жастардың суицидке бейім болуына алып келетін себептерді және қауіп-қатер факторларын анықтауда ұлттық құрылымдарға қолдау көрсетті.
Соңғы бірнеше жыл ішінде кәмелетке толмағандар арасында суицидтердің алдын алу жобасы жасалып, ЮНИСЕФ-тің тікелей қолдауымен Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жүзеге асырылды. Аталмыш жоба Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде де енгізіле бастады. Сәйкес әдістемелер жасөспірімнің психикалық денсаулығындағы мәселелерді және суицидтік мінез-құлық қаупін ерте анықтауға мүмкіндік береді. Соның ішінде ең маңыздысы – жасөспірімнің суицидке және депрессияға бейімділігін ерте анықтау. Бұл жасөспірімнің ата-анасына, мұғалімдеріне және қатарластарына мәселенің белгілері туралы түсінікті мәлімет беруге мүмкіндік береді.
Бағдарламаның ерекшелігі – кешенділік, көпсалалылық және салыстырмалы түрде шығыны аздығы:
1. Жсөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының басты себептеріне бағытталған, олар:
- психикалық денсаулық мәселелері (депрессия және үрейлі күйлер), Қазақстандағы зерттеу мәліметтері бойынша аталғандардың таралу ауқымы Еуропадағы жасөспірімдер арасындағы орташа көрсеткіштен 3 есе жоғары.
- балалардың психикалық жағдайын ауырлата түсетін қауіп-қатерге жақын жүруі
- психикалық денсаулықтың маңыздылығы, оның тән саулығымен байланысы және қажет болғанда қайдан көмек іздеу қажет екені туралы білмеу.
2. Суицидтік мінез-құлыққа бой алдырған балаларды және осындай мінез-құлықты тудыруы мүмкін мәселелерді уақытылы анықтауға көмектеседі.
3. Мектеп пен колледж қызметкерлерінің, сондай-ақ, дәрігерлердің психикалық денсаулығында ақауы бар және суицидтік мінез-құлыққа бой алдырған жасөспірімдер анықталған жағдайда көмек көрсетуге дайындығын арттырады.