Әр балаға – отбасы!
ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы аса маңызды міндеті болып интернат мекемелеріне жіберілетін балалар санын қысқарту және әрбір баланы отбасында сапалы тәрбиелеу табылады

Мәселе
Қазақстанда денсаулық сақтауға, білім алуға, әлеуметтік қолдауға және даму мен өзін-өзі танытудың басқа да мүмкіндіктеріне қол жеткізіп жатқан балалар саны күннен-күнге артып келеді. Алайда, балақайдың өсіп-жетілуі үшін жалғыз материалдық қамсыздандыру аздық етеді – балаға өзін шынымен қажет екенін, қамқорлық көрсетілетінін тек отбасы ғана сездіре алады.
Қазақстандағы жағдайдың ерекшелігі – интернат мекемелеріндегі балалардың 82%-ның ата-анасы бар екенінде. Бұл ретте, ерекше қажеттіліктері және тіркелген мүгедектігі бар 18 000 бала интернат мекемелеріндегі балалардың жалпы санының 51%-нан астамын құрайды. Яғни, балаларды интернат мекемелеріне әрі қарай да жіберу себептерімен жұмыс жасаудағы маңызды рөлді балалардың және олардың отбасыларының әлеуметтік инфрақұрылымға тең инклюзивті қолжетімділігін дамыту бағдарламалары атқаруы тиіс.
Қазақстан Республикасының Үкіметі әрбір бала отбасында өсуін үшін көп күш салып жатыр. Дегенмен, интернат мекемелерінде тәрбиеленушілер саны әлі де болса жоғары. ЮНИСЕФ өзінің міндеті сол балаларға қолдау көрсету деп біледі, атап айтқанда, оларды интернат мекемесіне жөнелту тек төтенше шара ғана болуы тиіс және олардың дамуына және әлеуметтенуіне кедергі келтірмеуі тиіс. Отбасы 3 жасқа дейінгі балақайлардың өсетін және дамитын жалғыз ортасы болуы тиіс. Отбасынан тыс интернат мекемесінде өткізген әр күн балақайдың денсаулығы мен аман-есендігіне орны толмас нұқсан келтіруі мүмкін.
Шешім
Ерекше көңіл отбасыларды қолдау қызметтерін дамытуға, ата-аналық дағдыларды жетілдіру бағдарламаларын дамытуға, мекемелерге жөнелтілетін балалар ағынын қадағалауға және интернат мекемелерін жаңалауға бөлінеді. ЮНИСЕФ интернат мекемелеріндегі балалардың жағдайына мониторинг жүргізу жүйесін енгізумен және бірыңғайландырумен, оларға денсаулық сақтау және білім алу қызметтерін ұсыну тиімділігін талдаумен және осындай балалардың қоғамнан оқшаулануын азайтумен айналысады.
ЮНИСЕФ нормативтік-құқықтық стандарттарды жетілдіруге, мемлекеттік интернат мекемелерін түрлендіру жоспарларын, балалықты қорғау мамандарының біліктілігін арттыру бағдарламаларын жасауға және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына (КТБО), жетімдер үйлеріне, арнайы оқу орындарына (арнайы мектептерге) немесе ерекше режимі бар оқу мекемелеріне (ерекшек ұстау режимі бар арнайы мектептерге) түсетін өмірлік қиын жағдайда қалған балалар үшін балама қызметтерді дамытуға белсенді қатысады.
Жаңалаудың маңызды бағыты болып әлеуметтік жағдайы ауыр отбасыларды сүйемелдеу және қолдау көрсету үшін және ведомствоаралық байланыстарды нығайту үшін Қазақстанда әлі жаңа мамандық болып табылатын әлеуметтік жұмысты дамыту саналады.
Парламентпен, адам құқықтары және бала құқықтары жөніндегі уәкілдермен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен, бейүкіметтік ұйымдармен және бизнес-қауымдастықпен серіктестік ауыр әлеуметтік жағдайдың алдын алу және балалардың интернат мекемелеріне түсуіне жол бермеу үшін жергілікті деңгейде балаларды қорғау қызметтері жүйесін жаңартуға мүмкінідк береді.