Коронавирус (COVID-19): нені білу керек

Өзіңізді және жақындарыңызды коронавирустан қорғау үшін нені білуіңіз керек?

UNICEF
washing hand at school
UNICEF/Kaliyev

Әлемдегі барлық  адамдар коронавирус (COVID-19) ауруы жайлы ақпаратты алып, өздерін және жақындарын коронавирустан қорғау үшін қажетті сақтық шараларын қолданады.

Ауру (COVID-19) туралы негізгі ақпаратты, аурудың белгілерін, асқынуларын, оның қалай берілетіндігі және оны басқаларға таралуын қалай тоқтату керектігін түсіну керек.  COVID-19 туралы ЮНИСЕФ, ДДСҰ және Денсаулық сақтау министрлігі сияқты сенімді көздерден хабардар болып отырыңыз. Адамдар интернетте бөліскен жалған жаңалықтар мен ақпараттар мен мифтерден сақ болыңыз.  Денсаулыққа байланысты дағдарыс кезіндегі дезинформация адамдарды вирустың әсеріне әлсіз және осал етеді.  Бұл паранойяның таралуына, қорқыныш пен стигматизацияға әкелуі мүмкін.

Сондықтан, біз сізді COVID-19 туралы қате немесе жалған ақпаратпен күресуге көмектесуді сұраймыз. Бұл ақпаратты отбасыңызбен, достарыңызбен және әріптестеріңізбен бөлісу арқылы адамдардың COVID-19 туралы нақты фактілерді біліп, денсаулығын сақтап қалу өз үлесіңізді қоса аласыз.

Embedded video follows
UNICEF

 Инфекцияны жұқтырып алмау үшін не істеу керек?

1

1. Қолыңызды жиі сабынды сумен кем дегенде 20 секунд жуып тұрыңыз немесе құрамында спирті бар құралды қолданыңыз. Инфекция қолда сақталатындықтан бетіңізді қолыңызбен ұстамауға тырысыңыз.

coronavirus2

Жөтелгенде немесе түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды жабу үшін бүгілген шынтақты немесе сұлықты қолданыңыз; Одан кейін сұлықты қақпағы бар қоқыс жәшігіне тастаңыз.

coronavirus3

3. Тұмау белгілері бар кез-келген адаммен жақын араласудан аулақ болыңыз.

coronavirus4

4. Қызба, жөтел немесе тыныс алу жолдары қиындаған жағдайда, дәрігерді үйге шақырып, тезірек медициналық көмекке жүгініңіз.

Embedded video follows
UNICEF