АҚШ үкіметі Қазақстанда қызылшаның жайылуына қарсы күреске, сондай-ақ COVID-19 індетін алдын-алу мақсатында 1,25 миллион АҚШ долларын бөлді

Нұр-Сұлтан, Қазақстан – АҚШ Үкіметі Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанда қызылшаның өршуіне қарсы әрекеттерді қолдауға 750 000 АҚШ доллары және COVID-19 індетіне қарсы тұру шараларын қолдауға қосымша 500 000 АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлді. Осы екі бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында USAID бұл қаражатты Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) бөлді.
«Біз USAID ұйымына Қазақстанда қызылшаның өршуіне жол бермеу және COVID-19 індетіне байланысты қауіп-қатерді азайтуға бағытталған және балалардың өмірі үшін маңызды бағдарламалар аясындағы серіктестігі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Осы жобалар қазақстандық балалар мен отбасылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектесетініне сенімдіміз», – деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің Өкілі Артур ван Дизен.
Қызылшаның өршуінің алдын алу бағдарламасы аурудың жайылуының негізгі себептерін анықтауға, жұртшылықты осы мәселе жайында хабардар етуге және өзекті иммундау мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін кешенді дайындауға бағытталған.
Қазақстан қызылша жұқтырғандар саны, оның ішінде 2019 жылы аурудың өршуі бойынша аймақтың алғашқы ондығына кіреді. Қызылшаның эпидемиологиялық жағдайының асқынуы 2018 жылдың қарашасынан бастап тіркелген. Былтыр Денсаулық сақтау министрлігі қызылшаның өршуі салдарынан 19 баланың қайтыс болғанын хабарлады. 2020 жылдың 1 тоқсанында 2 839 қызылша ауруын жұқтыру жағдайы, оның ішінде 1960 жағдай (69%) 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді. Бұл халықты иммундаудағы олқылықтардың бар екендігінің белгісі. Ол COVID-19 індетіне байланысты балаларды вакциналаудағы үзілістер салдарынан қиындап кетуі мүмкін. Бағдарлама аясында қызылшаның жайылу себептерін талдау, вакцинация мәселелеріне қатысты ата-аналардың пікірін зерттеу және ақпараттық-білім беру науқанын өткізу үшін техникалық қолдау көрсетіледі, сондай-ақ вакцинамен жабдықтауды жақсарту және иммундау саласында медициналық қызметкерлерге оқыту мен қолдау көрсету бойынша кеңестер беріледі.
USAID және ЮНИСЕФ ұйымының екінші бірлескен бағдарламасы Қазақстанның COVID-19 індетімен күресуіне қолдау көрсетуге бағытталған. COVID-19 туралы жаһандық деректер COVID-19 індетінің әлеуметтік-экономикалық әсері бүкіл әлемдегі миллиондаған балалар үшін жан түршіктіретін салдарға әкеліп соғатынын көрсетеді. Дағдарыс Қазақстанда білім беру, қауіпсіздік және денсаулық сақтау сияқты негізгі салаларда балалардың әл-ауқатына қауіп төндіреді. USAID пен ЮНИСЕФ көші-қон үдерістеріндегі балалар, интернаттық мекемелерде тұратын балалар, мүгедек балалар, жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының психикалық денсаулығын сақтау, сондай-ақ жүкті әйелдер мен сумен және санитарлық жағдайлармен нашар қамтылған адамдар үшін COVID-19 індетінің алдын алу және оны бақылау туралы ақпарат тарату арқылы халықтың әлсіз топтарына және балалары бар отбасыларға қолдау көрсетеді.
Бағдарлама шеңберінде, шағын топты мектептер мен үкіметтік емес ұйымдарды қоса алғанда, денсаулық сақтау және білім беру салаларының мамандары үшін жұқпаның алдын алу және оны бақылау бойынша оқыту вебинарлары да ұйымдастырылады. Сондай-ақ, бағдарламаға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Республикалық психикалық денсаулық орталығы бірге жүргізетін халықты психологиялық-әлеуметтік қолдау аспектісі енгізілді.
Сонымен қатар, ЮНИСЕФ Ұлттық волонтерлерік желісімен бірлесіп жастарды тарту арқылы коронавирус туралы жалған ақпаратты анықтау және оның таралуына жол бермеу мәселелері бойынша волонтерлермен оқытуды және өзара әрекеттесуді жалғастырады.
# Редакторларға арналған ескертулер
USAID әлемдік жетекші халықаралық даму агенттігі және тұрақты дамуға қол жеткізу катализаторы болып табылады. USAID АҚШ ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономикалық өркендеуді арттыру бойынша жұмыс атқарады, сонымен қатар, тұрақты дамуға өз үлесін қосады. Толық ақпарат https://www.usaid.gov/central-asia-regional сайтында және https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia/ парақшасында.
БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) барлық салаларда әрбір баланың құқықтары мен әл-ауқатын қорғайды. Біз серіктестерімізбен бірге ең осал және ғаріп балаларға көмек көрсету үшін 190 елде жұмыс істейміз. ЮНИСЕФ және оның Қазақстандағы жұмысы туралы қосымша ақпаратты www.unicef.org/kazakhstan веб-сайтынан алуға болады. ЮНИСЕФ Қазақстан қызметін Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілерінен қадағалаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі тұлғаларға хабарласыңыз:
Эльвира Яушева, ЮНИСЕФ ұйымының Қазақстандағы қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, тел: +7 707 109 8553; eyausheva@unicef.org
Асель Садуова, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Қоғаммен байланыс жөніндегі маманы, Тел.: +7 777 881 05 47; asaduova@unicef.org
Медиа байланыс
ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ
ЮНИСЕФ барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.
ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында.
Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.