COVID-19 контекстіне байланысты оқу орындарында денсаулық сақтау шараларын енгізуге қатысты ұсыныстар
ДСҰ, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО

туралы
Осы қосымша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2020 жылғы 10-мамырда жариялаған «COVID-19 контекстіне байланысты оқу орындарында денсаулық сақтау шараларын енгізуге қатысты ұсыныстар» деген құжаттың орнына жүре алады.
Бұл құжат осы уақытша басшылыққа алынатын нұсқаулықты әзірлеу үшін білім беру мекемелері бойынша соңғы нақты деректерді бірлесіп зерттеген – Техникалық консультативтік топ (ТКТ) пен COVID-19 сарапшыларының, сондай-ақ ДДСҰ, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО сарапшыларының қатысуымен дайындалды. Бұл нұсқаулықта теңдік, ресурстардың салдары және оның жүзеге асырылу мәселелері қарастырылады. Осы құжатқа енгізілген негізгі өзгеріс – мектеп жұмысын ұйымдастыру барысында COVID-19 контекстіндегі инфекцияның ұлттық деңгейден төмен әкімшілік деңгейлерде берілу дәрежесі мен қарқындылығын ескере отырып тәуекелдерді бағалауға негізделген. Бұдан басқа, өзгерістерде физикалық қашықтықты сақтаумен қатар, мектептерде бетпердені (маска) қолдану жағдайларындағы жас ерекшеліктеріне сәйкес аспектілер де ескерілген, сондай-ақ SARS-COV-2-нің білім беру мекемелеріне енуіне және таралуына жол бермеу мақсатындағы кешенді, көп деңгейлі шаралар да қамтылған.
Осы Қосымшада COVID-19 пандемиясы кезінде мектеп жұмысын барынша қауіпсіз ұйымдастыру туралы шешім қабылдаушылар мен оқытушыларға ұсынымдар беріледі. Барлық ұсыныстар мен шешімдердің басында балалардың жалпы жағдайын, денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, балаларға үзіліссіз білім беру мәселесі тұруы тиіс. Қабылданған барлық шешімдердің де балаларға, олардың ата-аналары немесе қамқоршыларына, мұғалімдерге және басқа да қызметкерлерге, жалпы алғанда қоғам мен көпшілік үшін маңызды әсері бар.
Оқырмандар да COVID-19 байланысты эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруі барысы мен жағдайдың қайта туындау қаупін бір уақытта басқару шаралары туралы ДДСҰ басып шығарған ХДҚӘш бейімдеу бойынша нұсқаулықты оқып-зерттеуге қызығушылық туындауы мүмкін.