13 Қазан 2020

Ұялшақ балалар

Бүгінде қарым-қатынасты жасап, келіссөздерді жүргізе білу және дау-жанжалдарды шеше білу қабілеті - сәттіліктің негізгі шарттарының бірі болып табылады. "Тіл таба білу" - бұл жай ғана құпталатын  емес, оқуға, жұмысқа қабылдау кезінде ауадай қажет болатын қасиет. Қызмет көрсету нарығы әртүрлі "маскалармен" шығатын жай ғана сөйлесуге үйрететін…, Ұялшақтық дегеніміз не?, Ұялшақ баланы оңай тануға болады: ол кеңсеге кіргенде, анасының артына тығылып, психологқа үрейлене қарап, сұрақтарға  біраз үзілістен кейін жауап беруі немесе мүлде жауап бермеуі мүмкін. Ұялшақ балалар басқа балалармен танысу үшін бірінші бармайды, олар шетте тұрып, бақылағанды жөн көреді. Әдетте бұндай балалар құрдастары ортасында жетекші…, Ұялшақтықтың "маскасы" астында не жасырынуы мүмкін?,  "Интроверт" балалар. Психологияда "экстраверт" және "интроверт" сияқты ұғымдар бар. Экстраверсия мен интроверсия – бұл адамға табиғатынан берілетін темперамент. Экстраверт - бұл сыртқа, сыртқы әлемге бағытталған адамдар болса, ал интроверт өзіне, ішкі әлемге бағытталған адамдар болады. Экстраверт сыртқы әлемге (басқа адамдарға, қатынастарға), ал…, Элективті мутизм ретінде осындай «патологиялық ұялшақтықтың» себептері қандай?, Осындай балалармен жұмыс істейтін және осы проблеманы зерттейтін мамандар элективті мутизм – бұл өзінің «Мен» деген сенімін  бекітудің патологиялық тәсілі, қоршаған адамдарға айлы-амал жасаудың сәтті бекітілген тәсілі деген қорытындыға келді.  Бұндай балалар әдетте қырсық болып, күнделікті өмірде сөйлегісі келмегеннен басқа, ойын кезінде,…, «Тең» белгісінен кейін әрдайым өзін-өзі танытудың осындай патологиясы элективті мутизм ретінде бола ма және осыны болдырмау үшін ата-аналарға не істеу керек? , Психологтар элективті мутизмі бар балалар аса өзімшіл болатынын жиі айтады. Оларға біреуді  аяу, жанашырлық таныту қиынға соғады. Олар өздерін ең-еңге жатқызып, өздерін "ең бақытсыз" немесе "ең ерекше" деп санауға бейім. Балалар өзіне және басқа адамдарға осындай мінезбен тумайды, олардың бұл қылықтары  ата-аналарының жанашырлық, өзара түсіністік…, Ата-аналар баласына қалай көмектесе алады?, Біріншіден, сізге  (мамандардың көмегі арқылы)  балаңызда нақты қиындықтардың (сөйлеу қабілеттерінің бұзылуы, кем дамуы )бар-жоғын   біліп алу қажет,  егер олар онда болған жағдайда оларды жеңу үшін жұмыс істеу қажет.Қандай жағдай болмасын балаңыздың хабарлы болу деңгейін қамтамасыз етіңіз. Баламен сөйлесіп, әңгімелесу үшін  кітапты бірлесіп оқып…, Қорытынды, Әрине, ұялшақ баланы танымал шешенге айналдыру қиын, бірақ бұны мақсат қылудың да қажеті жоқ,  себебі,   бала басқалармен  қатынасқан кезде өзін қаншалықты жайлы сезінсе, сол да жеткілікті жетістік болады. *Бұл материал "3 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың жақсы ата-аналары болуға үйренеміз" атты оқу құралы негізінде дайындалды.
13 Қазан 2020

Баланың беймаздығы мен денсаулығы

Дені сау бала - көңілді бала деген  ұқсас ұғым бар. Бала көтеріңкі көңіл – күйде болмай, қапалы, мазасыз күйде отырса, бізге денсаулығы дұрыс емес сияқты болып көрінеді де тұрады. Бала мазасыздығының себептері әртүрлі болады. Кейде ол дүниеге келмей жатып, жүктілік кезінде анасының басынан өткен қолайсыз жағдайларға байланысты пайда болады.…, Баланы қалай тынышталдыруға болады?, Ол үшін таңертеңнен кешке дейін оның көңілін аулап,  алдандырудың  қажеті жоқ. Ол қоршаған ортадан тыныштық пен қуанышты өзі тауып, күнделікті өмірден қызықты нәрсені өзі алып, барлық жасаған нәрсеге қуана білуді үйренуі керек. Тіпті мейлі,  сіз үшін  болмашы  болып көрінген жолда табылған әдемі жапырақ, күннің шұғыласы, шыныдағы аяз өрнегі…, Мазасыз баланың ата-аналарына арналған кеңестер, Баланың өзіне деген сенімділігін арттыруға ықпал етіңіз: оны (тіпті кішкентай жетістіктер үшін де) жиі мақтаңыз,  балаға көбірек сенім танытыңыз ; балаға жиі есімін айтып, сөйлесіңіз. Дене контактісін жиі қолданыңыз: психологтар ата-аналардың баланы күніне 8-10 рет құшақтағаны баланың өзін әлдеқайда бақытты және тыныш сезінуге, өмірдің қиындықтары…