ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі доктор Рашед Мұстафа Сарвар Құрылтайға келді
- русский
- Қазақша
15 қыркүйек, Астана. Құрылтай депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Дана Медеуова БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі, доктор Рашед Мұстафа Сарвармен кездесті.
Кездесуге қатысушылар Құрылтай депутаттары мен БҰҰ Балалар қоры арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылады. Бала құқығын қорғау, инклюзивті білім беруді дамыту, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мәселелеріне де баса мән берілді.
– Балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету –Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі. Осы саладағы мәселелерге ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ерекше басымдық береді. Бала құқығы туралы конвенция әлемдік қоғамдастық үшін үлкен маңызға, сондай-ақ ол біздің Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) ынтымақтастығымызға да негіз болып саналады, – деп атап өтті Дана Медеуова.
Кездесу барысында 2026-2030 жылдарға арналған Елдік бағдарламаны іске асыру үшін заңнамалық негіздерді нығайту, сондай-ақ «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру мәселелері сөз болды.
Доктор Рашед Мұстафа Сарвар Қазақстанның бала құқығын қорғау саласындағы елеулі жетістіктерін атап өтіп, балалар мен жастардың өмірін жақсартуға арналған бастамаларды кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін айтты.
Медиа байланыс
ЮНИСЕФ туралы
ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады.
ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org.
Біздің Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.