ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, ДДСҰ және Дүниежүзілік банк мектептердің ашылуына арналған вебинарлар өткізеді

Мектептердің ашылуына арналған вебинарлар

28 Қазан 2020
Урок казахского языка во втором классе, село Батпак, Карагандинская область.
UNICEF/Kaliyev
Урок казахского языка во втором классе, село Батпак, Карагандинская область.

28 қазан 2020, Нұр-Сұлтан - Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымымен (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ), Дүниежүзілік банкпен және жергілікті серіктестермен бірлесіп мектептердің жабылуы мен ашылуы аясында әр баланың білім, денсаулық және қауіпсіздік құқықтарын ілгерілету және қорғау бойынша вебинарлар сериясын іске қосты. 

Вебинарлар білім беру саласының мамандарының COVID-19 жағдайында мектеппен байланысты  денсаулық сақтау шараларын жүзеге асырудағы потенциалын арттыруға, оқу шығындарын азайтуға және балаға бағытталған инклюзивті, цифрлық және аралас оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік беруге бағытталған. Вебинарлар сериясы 2020 жылдың төртінші тоқсанында айына бір вебинар өткізіледі. Ай сайын білім және денсаулық сақтау департаменттері, мектеп басшылығы мен мұғалімдер келесі тақырыптарға арналған пікірталасқа қатыса алады:

1. Мектептерді қауіпсіз және жүйелі түрде біртіндеп іске қосу.

2. Жетілдірілген және шокқа тұрақтырақ мектеп жүйелерін қалыптастыру.

3. Аралас оқу жағдайында инклюзивті оқуды қамтамасыз ету.

COVID-19 пандемиясы бүкіл әлемдегі білім беру жүйесіне қатты әсер етті. Көптеген елдер басқа кең таралған шектеулермен қатар COVD-19 таралуының өсуіне байланысты жедел жауап ретінде мектептерді жауып тастады. Мектептердің жабылуы балалардың денсаулығына, біліміне және дамуына, отбасының кірісі мен жалпы экономикаға теріс әсер етуде.

2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанында Қазақстан бастауыш мектептерде офлайн оқытуды қайта бастай отырып, аралас тәсілді қолданды. ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, ДДСҰ және Дүниежүзілік банк бірнеше маңызды факторларды ескере отырып, мектептерді жабу немесе қайта ашу туралы шешімді анықтайтын қауіпті бағалауға негізделген тәсілді қолдайды, мысалы: жергілікті деңгейдегі COVID-19 эпидемиологиясы, білім беру мекемелерінің өз жүйесін қауіпсіз жұмыс үшін жоспарлау және бейімдеу мүмкіндігі және вирустың таралуын азайту, мектептердің жабылуының білім берудегі шығындарға әсері, әділеттілік, балалардың жалпы денсаулығы мен әл-ауқаты, сондай-ақ мектептен тыс жүзеге асырылатын бірқатар басқа денсаулық сақтау шаралары.

2020-2021 оқу жылының бірінші семестрінде Қазақстан бастауыш мектептерде дербес оқытуды қайта бастай отырып, аралас тәсіл қолданды. ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, ДДСҰ және Дүниежүзілік банк бірнеше маңызды факторларды ескерумен, мектептерді жабу немесе қайта ашу туралы шешімді анықтайтын қауіпті бағалауға негізделген тәсілді қолдайды, мысалы: жергілікті деңгейдегі COVID -19 эпидемиологиясы, білім беру мекемелерінің өз жүйесін қауіпсіз жұмыс үшін жоспарлау және бейімдеу мүмкіндігі және вирустың таралуын азайту, мектептердің жабылуының білім берудегі шығындарға әсері, әділеттілік, балалардың жалпы денсаулығы мен әл-ауқаты, сондай-ақ мектептен тыс жүзеге асырылатын бірқатар басқа денсаулық сақтау шаралары.

«Мектептердің жабылуы бүкіл әлемдегі балалардың оқу процесін бұзды, бұның шұғыл және ұзақ мерзімді салдарлары болды. Тиісті сападағы жалпыға қол жетімді қашықтықтан оқыту болмаған кезде білім берудегі теңсіздік күшейеді. Қазір барлық балалар үшін сапалы оқытуды қайта бастау және оқу шығындарын өтеу өте маңызды. Қауіпсіз жерде мектептер қайта ашылуы қажет. Сонымен қатар, білім беру жүйесін қайта қарастыру, көптеген оқыту жолдарын ұсынатын және денсаулық сақтау мәселелеріне де, басқа да күйзелістерге төзімді, оқушыларға бағытталған инклюзивті білім беретін жүйені құру үшін шұғыл инвестициялар қажет», - деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің өкілі Артур ван Дизен.  

«Мектептердің ашылуы қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда сапалы білім берудің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Көптеген адамдар үшін пандемияның жаңа толқындарына немесе қазірдің өзінде пайда болған жағдайлар санының артуына байланысты мұны қалай шешу керектігі әлі түсініксіз. Бірақ бүкіл әлемдегі көптеген балалар үшін оқушыларға бағытталған аралас оқыту мүмкіндіктері сапалы білім алудың бірден-бір кепілі болып табылады. Бұл вебинарлар мүдделі тараптарға бүкіл әлем бойынша осыған байланысты негізделген шешімдер қабылдау үшін негізгі ұсыныстар мен сабақтарды зерттеуге көмектеседі деп үміттенеміз», - деді Криста Пиккат, ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы өкілі.

Кез-келген қажеттіліктері бар барлық балалар үшін қол жетімді инклюзивті білім жүйесін құру білім беру жүйесін жоспарлаудың негізінде тұруы қажет. Қазақстанда онлайн-оқыту үшін оннан астам онлайн-оқыту платформасы құрылды, бірақ оқу материалдары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға бейімдеуді қажет етеді.  Сандық оқу мазмұнын жасаудан гөрі, оны жеке оқушылардың нақты қажеттіліктеріне бейімдеудің шұғыл қажеттілігі бар.

Вебинарлар барысында ұйымдастырушылар балаға бағытталған аралас оқыту тұжырымдамасын және оқу платформалары мен құрылғыларын балалардың қажеттіліктеріне бейімдеудің қолданыстағы шешімдерін ұсынады.

«Мектептердің жабылуының нәтижесінде әлем базалық білім беруге мемлекеттік инвестициялардың 16%-на дейін жоғалтуы мүмкін. Түзету шараларынсыз біз 2030 жылға қарай нашар оқитындардың үлесін 50%-ға қысқарту жөніндегі мақсатқа қол жеткізуде едәуір сәтсіздікке ұшыраймыз. Осылайша, «вируспен өмір сүру» ойлау тәсілін қабылдау, саясатты өзгеріп жатқан жағдайларға сәйкес түзету және мектептердің жұмысын біртіндеп қайта бастауға арналған құралдардың бір бөлігі ретінде қашықтықтан оқыту сапасын жақсартуды жалғастыру өте маңызды», - деді Сусанна Хайрапетян, Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы адами даму бағдарламаларының жетекшісі.

«Мектептің жабылуы балаларға білімі жағынан да, психикалық денсаулығы мен әлеуметтік дамуы жағынан да кері әсерін тигізуде. Балалар күтімге лайық және аурудың өршуі олардың өмірін бұзатын кезеңдерде ерекше назар аударуды қажет етеді. Олардың білімге ең қолайлы жағдайда қол жеткізуіне мүмкіндік беретін нұсқаларды қарастырайық», - деді доктор Омар Салех, ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің денсаулық сақтау саласындағы аға кеңесшісі.

 

Редакция үшін ескертпелер:

ЮНИСЕФ өзінің барлық әрекеттін әрбір баланың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау үшін бағыттайды. Біз өз серіктестерімізбен бірге ең осал және оқшау қалған балаларды қамту үшін бар күшді шоғырландырып, осы міндеттемені балалардың игілігі үшін 190 ел мен аймақта қызмет атқарамыз. ЮНИСЕФ және оның балаларға арналған жұмысы туралы қосымша ақпаратты www.unicef.org/kazakhstan  сайтынан қараңыз. Қазақстанда ЮНИСЕФ-ті InstagramFacebook және Twitter-де бақылаңыз.  

ЮНЕСКО - Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет ұйымының мамандандырылған мекемесі. Ол білім, ғылым және мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық арқылы бейбітшілікті нығайтуға бағытталған. ЮНЕСКО бағдарламалары 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған 2030 күн тәртібінде айқындалған тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді. ЮНЕСКО және оның Орталық Азиядағы жұмысы туралы қосымша ақпарат алу үшін http://www.unesco.kz сайтына кіріңіз. Алматыдағы ЮНЕСКО жаңалықтарын Instagram, Facebook, YouTube және Twitter-де бақылаңыз

ДДСҰ-ның елдік кеңсесі - ДДҰ-ның Қазақстандағы қызметінің негізгі орталығы. Елдік кеңсенің басты бағыттары ДДҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросы мен қабылдаушы ел арасындағы екі жылда бір рет жасалатын ынтымақтастық туралы келісімде көрсетілген. Кеңсе ұлттық институттармен және халықаралық серіктес агенттіктермен тығыз ынтымақтастықта келісімді жүзеге асырады. ДДҰ-ның Қазақстандағы СО туралы қосымша ақпарат алу үшін мына сайтқа https://www.euro.who.int/kz/countries/kazakhstan/who-country кіріңіз. Қазақстандағы ДДҰ жаңалықтарын Instagram, Facebook, YouTube және Twitter арқылы бақылаңыз.

Дүниежүзілік банк тобы дамушы әлемдегі білім берудің ең ірі демеушісі болып табылады. Біз 80-нен астам елде білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс істейміз және 2030 жылға қарай сапалы білім алуға және үздіксіз оқу мүмкіндіктеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге шақыратын елдерге тұрақты дамудың 4-ші мақсатына қол жеткізуге ұмтыламыз. Дүниежүзілік Банктің білім беру саласындағы жаһандық тәжірибесі бүкіл әлем бойынша елдерге COVID-19 дағдарысына білім берудің әрекет ету шаралары туралы ақпарат пен ресурстарды ұсынады. Қазақстандағы Дүниежүзілік банк туралы қосымша ақпарат алу үшін www.worldbank.org/kz сайтына және біздің Facebook-қа кіріңіз.

Неғұрлым толығырақ ақпарат алу үшін:

Эльвира Яушева

Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы

Тел: +7 707 109 8553

Email: eyausheva@unicef.org

Әсел Садуова

Қоғаммен байланыс маманы

ЮНИСЕФ Қазақстан

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

Email: asaduova@unicef.org

 

 

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

О ЮНИСЕФ:

ЮНИСЕФ осуществляет свою деятельность в целях обеспечения прав и благополучия каждого ребенка. Совместно со своими партнерами ЮНИСЕФ действует в 190 странах и территориях мира в целях претворения в жизнь своих обязательств, уделяя при этом особое внимание проблеме охвата наиболее обездоленных и изолированных детей; на благо детей, во всех уголках мира.

Подробности о деятельности ЮНИСЕФ на сайте www.unicef.org.

Подпишитесь на наши страницы в Instagram, Facebook и Twitter