COVID-19 кезінде мектепке оралу барысында баланың психикалық денсаулығын қолдау

Мектепте оқуды қайта бастағанда ата-аналар балаларына қиын сезімдерді өткеру үшін қалай көмектесе алады?

ЮНИСЕФ
Baurzhan
UNICEF
27 Тамыз 2020

Коронавирустың өршуі күнделікті өмірге айтарлықтай қолайсыз өзгерістерді әкеліп, әсіресе бұл өзгерістер балаларға ерекше әсерін тигізуде. Кейбір оқушылар мектепке барғысы келіп, күн санап жүрсе, кейбір оқушылар бұл жайттан мазасыздықты немесе қорқынышты сезінуі мүмкін. Осы мақалада мектепке оралу кезінде балаларда пайда болуымүмкін ауыр эмоцияларды жеңуге көмектесетін кеңестер берілген.

Менің балам мектепке оралудан қорқады. Мен оны қалай тыныштандыра аламын?

Жаһандық пандемия кезіндегі  стресстің күшеюін айтпағанда, мектептің алғашқы  немесе жаңа оқу жылының басталуы бала үшін жеке  стресс. Сіз баланың неге мазасызданып отырғанын сұрай отырып, оған бұндай жағдайда мазасыздану – табиғи және орынды эмоция екендігін түсіндіре аласыз.

Егер бала бірнеше ай бойы үйде оқып, оған үйренген болса, ол мектепке бару туралы жаңалықты абыржи қабылдауы немесе  мектепке барғысы келмей әзер болуы мүмкін. Баламен шынайы болыңыз.Оған мектепте өзгерістер болатынын, жеке қорғаныс құралдарын, мысалы,  маскаларды қолданылатынын айтыңыз. Сондай-ақ, балаларға оқу кезінде достарымен және мұғалімдерімен қашықтықтан қарым-қатынас жасау қиынға соғады, сондықтан балаңызбен бірге  достасудың, қарым-қатынас жасаудың және коммуникацияның  басқа тәсілдерін қолддануға болатындығы туралы қарастырыңыз.

Балаларға оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығын сақтау үшін барлық қауіпсіздік шаралардың қабылданғандығы туралы айтыңыз. Қолды сабындап жуу және жөтелу немесе түшкіру кезінде мұрынды және ауызды шынтақты бүгу арқылы микробтардың таралуын болдырмауға көмектесетінін еске түсіріңіз.

Балаларға мектепке оралудың жағымды сәттерін еске түсіртіп,  достары мен мұғалімдерін көре алатындығын, жаңа нәрсені үйренуді жалғастыра алатындығын еске салыңыз.

Менің балам оқитын мектеп қорғаныс құралдарын тағуды талап етеді, балам  одан бетер қорқып жүр.  Оған не айтсам болады?

Баланы қолдаңыз. Баланың коронавирусқа қатысты алаңдаушылығын сезінетініңізді және  осыған қатысты уайымдар мен  эмоциялар туралы ашық айту пайдалы екендігін айтыңыз. Балалар сондай-ақ, әсіресе жүгіріп, ойнаған кезде, егер 1 метр қашықтықты ұстау қиын болғанда маска тағуға ренішін білдіріп, көңілі толмауы мүмкін. Сіз бұған қатысты балаларыңызды көңілін орнына түсіріп, көптеген ересектердің  отбасыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үлкен жұмыс істеп жүргенін, бірақ сонда да өзінің және қоғамдағы әлсіз адамдарды қоса алғанда басқалардың  денсаулықтарын қорғау үшін ұсынылған шараларды орындау маңызды екендігін айтып түсіндіріңіз. 

Мен баламды қорқытып алмай мектепте сақтық шараларын (мысалы, қолды жиі жуу, байланыс кезінде қашықтықты сақтау және т. б.) сақтау керек екенін қалай айта аламын?

Балаларды COVID-19 және басқа аурулардан қорғаудың ең жақсы тәсілдерінің бірі – бұл қолды үнемі жууға дағдыландыру. Бұл әңгіме қорқынышты болмауы тиіс. Осы дағдыларды  балаңызбен бірге оның сүйікті әнін айтып немесе бірге билеп үйретіңіз. Оларға  микробтар көрінбесе де, заттардың үстінде және қолда қалуы мүмкін екендігін ескертіп жүріңіз. Балалар қолдарын не үшін жуу керек  екенін түсінсе,  олар оны  тезірек  әдетке айналдыратын болады.

Сонымен бірге балаларға жөтелу немесе түшкіру кезінде мұрынды  шынтақпен қалай бүгу керек екенін көрсетіңіз және олардан температура көтерілген, жөтел пайда болған немесе тыныс алу қиындаған жағдайда оны сізге айтуын талап етіңіз.

> > Коронавирустан (COVID-19) қорғану үшін қолды жуу туралы білу керек барлық ақпаратты оқыңыз.

Менің балам қашықтықтан оқиды, ал оның достары әдеттегі режимде сыныпта оқуда, осыған байланысты ол өзін жалғыз сезінуде. Ол сыныбымен және достарымен байланысын сезіну үшін не істеуім керек?

Егер балаңыздың мектебі біртіндеп әдеттегі мектеп режиміне оралса,  балаңыз достарымен қарым-қатынасты тоқтатып алам ба деген уайымы болуы мүмкін. Балаңызға мектеп қауіпсіз болған кезде, олар барлық оқушылар үшін қайтадан ашық болатындығын айтып түсіндіріңіз. Мектептерде сабақтардың  қайта басталуы ресми түрде хабарланған кезде, оған мектепке оралуға дайындалуға көмектесіп, онымен мектептің қашан және қалай ашылатындығы жайлы ақпаратпен бөлісіп отырыңыз.

Сонымен бірге, балаларға мектептердің қайтадан жабылуы мүмкін екендігін алдын-ала ескертіп,  алдағы  кезеңге бейімделуге көмектесіңіз. Оларға сабақтардың мектепте немесе үйде болуы мүмкін екенін және олар достарымен интернет арқылы сөйлесе алатындығын ескертіңіз.

Қауіпсіз және бақыланатын онлайн ойындарды, әлеуметтік желілерді және бейне чаттарды пайдалану балаларға үйде отырып, достарымен, ата-аналарымен және туыстарымен сөйлесуге, оқуға,  ойнауға үлкен мүмкіндік береді.  Сіз сондай-ақ, балаларға желі арқылы осы жағдайға байланысты не ойлайтынын білдіруді, өз пікірлерімен бөлісуді және көмекке мұқтаж адамдарды қолдауды ұсыныңыз.

Балаларыңызды қозғалуға мәжбүр ететін сандық құралдар арқылы балаларға арналған онлайн зарядкаларды немесе физикалық қимылдарды қажет ететін бейне ойындарды пайдалануға шақырыңыз. Онлайн демалыс пен желіден тыс белсенді демалыс, оның ішінде мүмкіндігінше ашық ауадағы демалыстың болуынқадағалап отыруды ұмытпаңыз.

COVID-19 пандемиясы кезінде балаларды оқытуға көмектесудің 5 әдісін біліңіз. 

Баламның осы өзгерісті жеңе алатындығын қалай тексере аламын?

Балалармен қарым-қатынаста сабырлы және белсенді болу маңызды. Оларды бақылап жүріп, жағдайларының қалай екендігін күнделікті сұрастырып жүріңіз. Осы жағдайға байланысты олардың эмоциялары үнемі өзгеріп отыруы мүмкін, бұған қатысты сіз оларға мұндай өзгерістердің  болуы табиғи құбылыс екендігін айтыңыз.

Мектепте де, үйде де балаларды қауіпсіз және қолайлы ортада өздерінің жағымсыз сезімдерін білдіруге және жеткізуге көмектесу үшін шығармашылық іс-әрекетке, мысалы, ойындар мен сурет салуға тартыңыз. Бұл балаларға ашуланшақтық, қорқыныш немесе қайғы сияқты қиын сезімдерді білдірудің оң жолдарын табуға көмектеседі.

Балалар ересектерден, ата-аналар мен мұғалімдерден эмоционалды сигналдарды жиі қабылдайтын болғандықтан, ересектердің  өз эмоцияларын ұстап, сабырлы болғандары, балалар уайымдарын тыңдап, мейірімділікпен  сөйлей білгендері және оларға қолдау көрсете білгендері маңызды болады.

Балам мектепте оқи бастаған кезде мен назар аударуға қажет болатын нәрсе бола ма?

Мектепке оралған кезде балаңыздың физикалық денсаулығы мен үлгерімін тексеруден басқа,  стресс пен мазасыздық белгілерінің пайда болуын бақылау қажет. COVID-19 балаңыздың психикалық денсаулығына әсер етуі мүмкін. Сондықтан, сіз оның көңілінің кейде басыңқыболуы қалыпты жағдай екендігін түсіндіріңіз. Егер сіз не істеу керектігін білмесеңіз, онда жанашырлық пен қолдау көрсету – ең дұрыс әрекеттердің бірі.

Оқушылар  мектепке  оралғаннан кейін COVID-19-ға қатысты кейбір жалған ақпараттарға байланысты балалар ішінде қорлау мен қудалау жағдайлары артуы мүмкін деген қауіп болады.са, Вирус  балалардың түріне, шыққан тегіне немесе тіліне байланысты еместігін түсіндіріңіз. Егер осал оқушыларды басқа оқушылар мазақтап, қорлап жүрсе, олардың осының барлығын өздері сенетін ересек  адамға айту қажетті екендігін түсіндіру маңызды. Балаларыңызға әрбір адамның мектепте және интернеттеқауіпсіз сезінудің маңыздылығын айтып,  басқаларды қорлап, қудалау әрқашан жаман екендігін  және әрқайсымыздың  мейірімділікті көрсетіп, бір-бірімізге қолдау үшін өз үлесімізді қосуымыз керектігін түсіндіріп отырыңыз.

Балам басқа балалар оны мектепте және интернетте мазақтайды деп қорқады. Онымен бұл туралы қалай сөйлессем болады?

Егер  балаңыз өзін мектепте, көшеде немесе интернетте біреулер мазақтап жүр деп алаңдайтын болса, оған оның жалғыз емес екендігін және оның әрдайым сізбен немесе басқа ересек адаммен сөйлесе алатындығын түсіндіріңіз.  Балаларыңызбен қорлау, қудалау туралы қаншалықты көп сөйлессеңіз, олар сізге мұндай әрекеттерді көргені немесе өздері тап болғаны туралы соншалықты ашық түрде айтып беретін болады. Күн сайын балаларыңызбен сөйлесіп, олардың мектепте  уақытты қалай  өткізгендері, желідегі әрекеттері мен өз сезімдері туралы сұраңыз. Кейбір балалар өздерінің эмоцияларын ауызша білдірмеуі мүмкін, сондықтан жағымсыз жайттарды алдын-алу үшін кез-келген мазасыздықтың немесе агрессияның  белгілеріне назар аударыңыз.

Сондай-ақ, балаларыңызды интернеттегі қауіпсіздік туралы ашық және ақиқат әңгімеге тартып, олардың кіммен және қалай сөйлесіп жүргені туралы сөйлесіп отырыңыз. Оларға жақсы және қолдау көрсететін қарым-қатынастардың құндылығын, яғни кемсітушілікке немесе ұнамсыз қылықтарға  жол берілмеуі тиіс екендігін түсіндіріп отырыңыз. Егер  балаларыңыз осы аталған жағдайға тап болса, оның осы туралы сізге немесе өзі сенетін ересек адамға дереу айтып беруін сұраңыз. Сақ болыңыз, егер балаңыздың мінезі тұйықталып, ренжіп жүргенін немесе құрылғыны әдеттегіден көп немесе аз қолданғанын байқасаңыз, бұл оны желіде біреулердің мазақтап  жүргенінің белгісі болуы мүмкін.

Сондай-ақ, балаңыз оқитын мектептегі қудалаудан қорғау және онымен күресу саясатымен танысып,  көмекке жүгінудің тиісті механизмдері мен қолжетімді сенім телефондарын білу маңызды болады.

>>  Узнайте больше о том, как обеспечить безопасность вашего ребенка в сети при изоляции дома во время вспышки COVID -19.

>> Кибербуллинг (травля в интернете): что это и как это остановить

 


ЮНИСЕФ осы шешімдерді қабылдауға көмектесу үшін әртүрлі елдердің үкіметтерімен жұмыс істейді. Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, ЮНЕСКО-мен және Дүниежүзілік банкпен бірлесіп орыс және ағылшынтілдеріндегі осы жерде қол жетімді болатын мектептердің жұмысын қалпына келтірудің жаңа нұсқаулықтарын жарияладық. Осы нұсқаулықтарда оқушылардың, мұғалімдердің және басқа қызметкерлердің, сондай-ақ оқушылар отбасыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептердің жұмысын қайта бастағанға дейін, бастау кезінде және одан кейін жасалатын қадамдарды ұсынылған.