Екі жылдық сұрапыл соғыс Газа балаларының өмірін ойран етті

ЮНИСЕФ атқарушы директоры Кэтрин Расселдің мәлімдемесі

10 Қазан 2025
Thousands of Palestinian families flee Gaza City toward the southern part of the Gaza Strip amid heavy bombardment and evacuation order. 15 September 2025
UNICEF/UNI863960/El Baba Мыңдаған палестиналық отбасы қарқынды бомбалаулар мен эвакуация туралы бұйрыққа байланысты Газа қаласынан Газаның оңтүстік бөлігіне қарай қашып жатыр. 2025 жылғы 15 қыркүйек.

НЬЮ-ЙОРК, 2025 жылғы 8 қазан —«700 күннен астам уақыт бойы Газа аймағындағы балалар қырғын соғыстың құрбанына айналып, өлтіріліп, мүгедек болып, үй-жайынан айырылып жатыр. Бұл соғыс — ортақ адамгершілік қағидаттарымызға жасалған ауыр соққы. Израильдің Газа қаласына және басқа да аймақтарға әуеден жасаған шабуылдары жалғасуда. Бұл жағдайға әлем көз жұма қарамауы керек және жол бермеуі тиіс.

Соңғы екі жылда, деректер бойынша, Газа секторында 64 000 бала қаза тауып немесе жарақат алған, олардың қатарында кемінде 1 000 сәби бар. Ал аурулардан қаза тапқан немесе қирандылар астында қалып қойған қанша бала бар екені белгісіз.

Газа қаласында аштық жалғасып, оңтүстікке қарай таралуда, ал ол жақта балалар онсыз да қиын жағдайда өмір сүріп жатыр. Тамақтанудың жеткіліксіздігі, әсіресе нәрестелер арасында, әлі де жаға ұстатарлық деңгейде. Азық-түлік тапшылығы балалардың өсіп-дамуына орны толмас зиян келтірді.

Атысты дереу тоқтату – аса өзекті қажеттілік. Сенбі таңынан бері, хабарларға сәйкес, кемінде 14 бала көз жұмды, себебі Израильдің бомбалау және зеңбірекпен атқылауы жалғасып жатыр.

ЮНИСЕФ соғысты тоқтату және Газада, жалпы аймақта бейбітшілік орнатуға бағытталған кез келген әрекетті қолдайды. Кез келген жоспар атысты тоқтату, тұтқындарды босату және гуманитарлық көмектің қауіпсіз, жылдам және кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз етуі керек – барлық қолжетімді өткелдер мен бағыттар арқылы – бұл көмекті әсіресе балалардың шұғыл қажет етіп отырғаны анық.

Халықаралық гуманитарлық құқық нақты: Израильден барлық бейбіт тұрғындардың өмірін толық қорғауды талап етеміз. Бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмекті бермеу — заңмен тыйым салынған. Әскери әрекеттерде нысана таңдау, сәйкестік және сақтық қағидалары сақталуы тиіс. Ал соғыс аймағынан кете алмайтын, кеткісі келмейтін немесе көшпеген адамдар – әлі де бейбіт тұрғындар және қорғалуға тиіс.

Әрбір қаза болған бала – орны толмас қасірет. Газа балалары үшін бұл соғыс тез арада тоқтатылуы қажет».

Медиа байланыс

Ricardo Pires
Communication Manager & Deputy Spokesperson
UNICEF Geneva
Тел: +41 79 481 5021
Ammar Ammar
UNICEF Amman
Тел: +962 791 837 388

ЮНИСЕФ туралы
ЮНИСЕФ — БҰҰ-ның балалар істері жөніндегі агенттігі, әлемнің 190-нан астам елдері мен аумақтарында жұмыс істейді, әрбір баланың құқығын қорғауға бағытталған. Біз әрбір баланың өмір сүруіне, дамуына және әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасауға ұмтыламыз — ең ерте жастан бастап.

ЮНИСЕФ қызметі туралы толық ақпаратты www.unicef.org. сайтынан табуға болады.
InstagramFacebook және X(Twitter) парақшаларымызға жазылыңыз.