БҰҰ агенттіктері COVID-19 пандемиясы кезінде балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың өсуі жайлы мәлімдейді
Жаңа жаһандық есеп: әлемдегі балалардың жартысы физикалық, жыныстық немесе психологиялық зорлық-зомбылықтан зардап шегуде.

НҰР-СҰЛТАН, 19 МАУСЫМ 2020 ж. – Бейсенбіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), ЮНЕСКО, БҰҰ Бас хатшысының балаларға қатысты зорлық-зомбылық жөніндегі арнайы өкілі және балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою жөніндегі жаһандық серіктестігі жаңа баяндаманы - 2020 жылғы Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты алдын-алу туралы жаһандық есепті жариялады. «INSPIRE» бағдарламасы аясындағы 155 елде қол жеткізілген жетістіктер туралы алғашқы есеп - балаларға арналған зорлық-зомбылықты алдын алу және оған қарсы әрекет етудің жеті стратегиясының жиынтығы.
Баяндаманың нәтижелері барлық елдерде осы стратегияларды іске асыруды күшейтудің қажеттілігін дәлелдейді.
ДДСҰ-ның бас директоры, доктор Тедрос Адханом Гебрейюс: «Балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа ақтау жоқ», - деді. «Оны алдын алуға арналған ғылыми негізделген шешімдер бар, оны біз барлық елдерге қолдануға кеңес береміз. Балалардың денсаулығы мен амандығын сақтау біздің қазіргі және болашақтағы ұжымдық денсаулығымыз бен амандығымызды қорғауда маңызды рөл атқарады.»
Жаңа баяндамаға сәйкес, әлемдегі балалардың жартысы немесе жылына шамамен 1 миллиард бала жарақат алуға, мүгедектікке және өлімге әкелетін физикалық, жыныстық немесе психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшырайды, өйткені елдер оларды қорғаудың белгіленген стратегияларын ұстанбауда. Кез келген дағдарыс немесе төтенше жағдай балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайын нашарлатады, осыны COVID-19 пандемиясы кезіндегі жағдай көрсетіп отыр.
«COVID-19 пандемиясымен және соған байланысты мектептің жабылуы кезінде біз Интернеттегі зорлық-зомбылық пен жеккөрушіліктің, оның ішінде қорлаудың өршуің байқадық. Енді мектептер қайта ашыла бастағанда, балалар мектепке оралуға қатысты алаңдаушылықтарын білдіруде», - деді ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азулай. «Біз барлық балалар үшін мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бәріміз бірдей жауаптымыз. Мектептегі және жалпы қоғамдағы зорлық-зомбылықты тоқтату үшін біз бірігіп әрекет етуіміз керек».
Қазақстан Үкіметі халықаралық серіктестермен және азаматтық қоғам ұйымдарымен бірлесіп, балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күресуге қаражат бөлуде. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарына қызмет көрсету, балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік және балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы хабарлау тетіктері үшін заңнама күшейтілді. Патронат медбикелердің отбасылық сапарлары жүйесі балаларға қатысты зорлық-зомбылықты алдын-алуға және оны жоюға бағытталған. Сонымен қатар, интернат типіндегі жабық мекемелерде тұратын балалардың құқықтарының сақталуын бақылаудың тәуелсіз жүйесі енгізілді. Осы жылы бала құқығын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру және жасөспірімдер арасындағы суицидтік мәселелерді шешу бойынша 2020–2023 жылдарға арналған кешендік Жол картасы қабылданды.
«Біз Қазақстан үкіметінің балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою бағытындағы ілгерілеушілігін қолдаймыз. COVID-19 пандемиясы үйдегі зорлық-зомбылықпен күресу және балалардың құқығын қорғау қажеттілігін күшейтті. Карантин және мектептерді жабу оны шұғыл тапсырмаға айналдырды. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің басым бағыты болып табылады», - деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің өкілі Артур ван Дизен.
ЮНИСЕФ әлеуметтік жағынан осал топтардағы балаларға, мүгедек балаларға және интернат мекемелерінде тұратын балаларға ерекше назар аудара отыра, балалардың зорлық-зомбылығын алдын-алу және қорғау бойынша Қазақстан үкіметімен тығыз қарым қатынас жасайды. 2013–2017 жж. ЮНИСЕФ Қазақстандағы мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқушылардың арасында психоәлеуметтік дағдыларын дамыту, сонымен қатар қауіп факторлары мен зорлық-зомбылық жағдайларына жауап беру тетіктерін әзірлеу үшін мектептегі зорлық-зомбылықты алдын-алу бағдарламасын жасап, сынақтан өткізді. Ұлттық білім академиясының қолдауымен бұл әдіс білім беру жүйесінің стандарттары мен құзыреттеріне енгізілуде. 2018 жылы ЮНИСЕФ балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрінің жағымсыз салдары және білім берудегі оң көзқарастардың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастады. 2020 жылы ЮНИСЕФ Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, Ұлттық еріктілер желісімен бірлесіп оқушылар мен мұғалімдерге мектептердегі қорлау мәселесін шешуге көмектесу үшін Қазақстанның 5 аймағында жастарды еріктілер ретінде тартады. Бүгінгі күні 2 000 бала мен 1500 ата-ана үшін онлайн сабақтар өткізілді. ЮНИСЕФ мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет ету бойынша қажетті іс-шараларды жоспарлауды күшейту мақсатында балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы әкімшілік дереккөздерді талдауға бастамашылық етті. Қазақстан Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ЮНИСЕФ БҰҰ агенттіктерімен бірлесіп, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы әрекет ету, қыздар мен әйелдердің гендерлік кемсітушілігін алдын алу, ата-аналық дағдыларын нығайту бағдарламаларын дамыту бойынша жұмыстар жүргізеді.
«Әр отбасының әл-ауқаты - бұл, ең алдымен, қоғамдағы тұрақтылық пен мемлекеттің табысты дамуының негізі. Бүгінгі таңда отбасы институтын, әсіресе жаһандану процесінде күшейту қажет.
Қазақстан қабылдаған барлық шаралар қоғамда әйелдер мен балаларға қатысты құқық бұзушылықтарға «нөл төзімділік» атмосферасын құруға бағытталған. 2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды, сондай-ақ олардың отбасыларын қорғаудың тұтас бағдарламасын құруды тапсырды.
Қазіргі уақытта Ұлттық комиссия әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа құралдар тізімін жасауда. Біздің міндетіміз - проблемаларды бөлек бөлек шешпей, оларды жоюға мүмкіндік беретін жүйелі шараларды дайындау», - деді Лаззат Рамазанова, Қазақстан Республикасы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы.
«Үйде, көшеде, мектепте немесе басқа да балалардың мекемелерінде, әлеуметтік желілерде балаға қатысты зорлық-зомбылық - бұл ақтаусыз қылмыс. Зорлық-зомбылық баланың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіріп қана қоймай, қоғам мен мемлекеттің болашағына зиянды әсер етеді. Көбінесе қатыгездік жасырын жасалады. Мемлекеттің даму деңгейі балаларға, әйелдерге, қарттарға және мүгедектерге деген қарым-қатынасы арқылы бағаланады. Тек жақсы заңдарды қабылдап, қылмыскерлерді жазалау жеткіліксіз. Қоғам мен әрбір азамат кез-келген зорлық-зомбылыққа төзбеушілікті танытуы қажет. Күшімізді біріктіру арқылы ғана біз балаларымыз үшін қауіпсіз қоғамды құра аламыз», - деді Эльвира Азимова, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі.
Редакторларға арналған ескертпе:
Есепке арналған деректер 2018 және 2019 жылдар арасында жүргізілген сауалнамада жиналды, оған 155 елдің 1000-нан астам шешім қабылдаушыларынан жауаптар алынды. 2016 жылы іске қосылған INSPIRE стратегиялары заңдардың іске асырылуын және сақталуын қамтамасыз етуді; зорлық-зомбылыққа жол бермеу үшін нормалар мен құндылықтарды өзгертуді; балаларға қауіпсіз физикалық жағдай жасауды; ата-аналар мен қамқоршыларға қолдау көрсетуді; кірістерді және экономикалық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуды; іс-әрекет ету қызметтері мензардап шеккендеге қолдау көрсету қызметтерін жетілдіруді; балаларға білім беру және өмірлік дағдыларды ұсынуды көздейді.
Тақырып бойынша сілтеме
Есеп (тек қана ағылшын тілінде) және түйіндемені (ағылшын, француз, орыс және испан тілдерінде) жүктеу үшін: https://who.canto.global/b/SSHOR сілтеме бойынша өтіңіз және 490759 құпиясөзді теріңіз.
ДДСҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіндегі денсаулық сақтау саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады. ДДСҰ 1948 жылы құрылған және денсаулық сақтау, жаһандық қауіпсіздікті сақтау және халықтың осал топтарына қызмет көрсетуді қамту мүддесінде алты аймақтағы 194 мүше мемлекеттермен және 150-ден астам бюролармен жұмыс істейді. Біздің мақсатымыз 2019–2023 жж тағы 1 миллиард адамды жалпыға бірдей денсаулықпен қамту, тағы 1 миллиард адамды төтенше жағдайлардан қорғау және тағы 1 миллиард адамның денсаулығы мен әл-ауқатын арттыру. Қосымша ақпарат алу үшін біздің сайтқа: www.who.int, сондай-ақ Twitter, Facebook әлеуметтік желілеріндегі ДДСҰ ресми аккаунттарына кіріңіз.
Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры (ЮНИСЕФ) біз жасаған барлық әрекеттерде әр баланың құқығы мен денсаулығын қорғайды. Біз өз серіктестерімізбен бірге 190 елде ең әлсіз және нашар халге түскен балаларға көмектесу үшін жұмыс жасаймыз.
ЮНИСЕФ және оның Қазақстандағы қызметі туралы қосымша ақпарат алу үшін www.unicef.org/kazakhstan веб-сайтына кіріңіз. Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің жұмысын Instagram, Facebook және Twitter парақшаларынан бақылаңыз.
ЮНЕСКО Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы. ЮНЕСКО болып табылады. ЮНЕСКО бағдарламалары 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған 2030 жылға дейін күн тәртібінде белгіленген тұрақты дамуға ықпал етеді.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Қазақстандағы ЮНИСЕФ қоғамдастығымен байланыс жөніндегі бөлім басшысы Эльвира Яушевамен хабарласыңыз, тел: +7 707 109 8553; eyausheva@unicef.org.
Медиа байланыс
ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ
ЮНИСЕФ барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.
ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында.
Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.