Қазақстанда COVID-19 күресу аясында психологиялық көмек көрсету сайты ашылады

- Қол жетімді:
- русский
- Қазақша
БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы халыққа психологиялық көмек және қолдау көрсету үшін сенбіде – 4 сәуірде жұмыс істей бастайтын https://mentalcenter.kz сайтын құрды. Короновирустық инфекцияның жергілікті жағдайда бейімделуімен таралуы кезіндегі психологиялық көмектің үздік халықаралық тәжірибесі жинақталды (ЮНИСЕФ, ДДСҰ, психикалық денсаулық және төтенші кезіндегі психоәлеуметтік қолдау жөніндегі ведомствоаралық комитетінің жұмыс тобының).
Бұл сайтта Сіз өз сұрақтарыңызға жауап ала аласыз және сұраныс қалдырып, кеңес алу үшін онлайн психологты немесе психотерапевті таңдай аласыз. Сізге сілтемемен SMS келеді, сол бойынша келісілген уақытта маманмен тікелей желіде байланысқа шығасыз.
Айтып өту керек бұл жобада 50-ден астам денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік, мемлекеттік емес секторларының мамандары қатысады.
Веб-сайттың мекен-жайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында және басқа ресурстардан алуға болады.
Медиа байланыс
ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ
ЮНИСЕФ барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.
ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында.
Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.