COVID-19 күресуде психологиялық көмек көрсету сайты: жұмыстың бірінші айының нәтижелері

- русский
- Қазақша
4 мамыр, 2020, Нұр-Сұлтан - Қазақстанда бір айдан бері психологиялық көмек көрсету сайты (https://onlinehealth.kz/ru/) COVID-19-ға қарсы күрес аясында жұмыс істеуде. Сайтты БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы (РПДҒПО) құрды. Сайтта сіз өзіңізді қызықтыратын сұрақтарға жауаптар ала аласыз, сонымен қатар өтініш қалдырғаннан кейін психологтың немесе психотерапевтің тегін онлайн-кеңесін ала аласыз. Карантиндегі азаматтар, мүгедектер, зейнеткерлер, медицина қызметкерлері, жасөспірімдер және балалар ата-аналарының рұқсатымен сайтта кеңестер ала алады.
Бір айлық жұмыс барысында сайтқа Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан 30 000-нан астам адам кірген. Осы уақытқа дейін мамандар 152 жеке онлайн-кеңес өткізді.
Өзін-өзі оқшаулау жағдайындағы карантин кезінде Нұр-Сұлтан тұрғыны жас ана біраз эмоционалды ыңғайсыздықты сезіне бастаған соң, ол сайт мамандарынан көмек сұрап, кәсіби қолдау алуға шешім қабылдады: «Бір-екі апта бұрын мен сайтқа өтініш жібердім, орталықтың психологы Сандуғаш Құдайбергенова менімен байланысқа шықты. Бұрын мен психологтардың жұмысына күмәнданған болсам да, мен көмек сұрауға шешім қабылдағаныма өте қуаныштымын. Мен өзімді әлдеқайда жақсы сезініп, психологтың кеңестерін қолдана беруді жоспарлап отырмын. Сондай-ақ маған консультациялардың ақысыз екендігі ұнады».
«Өкінішке орай, кейбіреулер үшін шектеулі кеңістікте болу қиынға соғуда. Сондықтан біз коронавирустық инфекцияның өршу жағдайында психологиялық көмек көрсететін сайт аштық. Сайтта адамдар мамандардың кеңестерін оқи алады, психологтарға сұрақтарын жаза алады, сонымен қатар онлайн-кеңестер ала алады. Негізінен, қазақстандықтар ұйқысыздық, жалғыздықтан қорқу, болашаққа алаңдау сияқты мәселелерге қатысты алаңдайды. Әр адамда оқшаулану кезінде виртуалды болса да психологиялық кеңес алуға мүмкіндік бар», - деді Николай Негай, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры.
Бұл жобаға денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік, үкіметтік емес секторларда еліміздің барлық аймақтарында жұмыс жасайтын 70-тен астам маман қатысады. Онда короновирустық инфекцияның жергілікті жағдайда бейімделуімен таралуы кезіндегі психологиялық көмектің үздік халықаралық тәжірибесі жинақталды, атап айтқанда ЮНИСЕФ, ДДСҰ, психикалық денсаулық және төтенші кезіндегі психоәлеуметтік қолдау жөніндегі ведомствоаралық комитетінің жұмыс тобы.
«Коронавирустық пандемия кезінде, әсіресе қалыпты қолдау механизмдері өзгерген кезде, балаларда қосымша алаңдаушылық пен стресс тууы мүмкін. Барлық жастағы балалар бұл эмоциялармен әр түрлі жолдармен күреседі, және олар көбінесе ересек адамдардың эмоцияларына бағынышты болады. Сондықтан бұл сайттың жұмысы ересектер үшін де, балалар үшін де өте маңызды. Біз Денсаулық сақтау министрлігіне және Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығына тұрғындарды қолдаудағы жұмысы үшін және сайтты құрудағы ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз», - деп ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен атап өтті.
Бүгін сайтта жаңа парақша (https://covid-19.mentalcenter.kz/school/) пайда болғанын атап өту керек, онда орта білім беретін мұғалім-психологтарға коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау кезінде психологиялық қолдауды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар берілген. Бұл парақшада сіз балаларға, ата-аналарға, мұғалімдерге кеңес беру кезінде туындаған қиын жағдайларда мәселені шешуге көмектесетін тәжірибелі кеңесшілермен хабарласа аласыз. Бұл парақша РПДҒПО, ЮНИСЕФ және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Медиа байланыс
ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ
ЮНИСЕФ барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.
ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында.
Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.