ЮНИСЕФ #ҮйдеҮйренеміз эстафетасын іске қосты

07 Сәуір 2020
LearningAtHome_challenge_cover
UNICEF

2019 жылдың 07 сәуірі, Нұр-Султан – Қазақстандағы БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Instagram және Facebook желілерінде #ҮйдеҮйренеміз атты эстафета-челленджін іске қосты. Бір ай бойы танымалы қазақстандық аналар мен әкелер пайдалы және қызықты ойындар мен іс-шараларды барлық ата-аналармен бөлісіп, оларға ұсынылған шараны өз балаларымен қайталауға ынталандыратын болады.

Бұл бастаманың мақсаты – ата-аналардың өз балаларымен қарым-қатынасын нығайту, сонымен қатар коронавирусқа байланысты карантин уақытындағы оқшауланудың жағымсыз салдарын алдын алу. Шектеулермен бірге, карантин кезі ата-аналарға балаларымен бірге көбірек пайдалы және қызықты уақыт өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, осы эстафета-челледжге қатысу арқылы ата-аналар балаларымен бірге қызықты әрі пайдалы бірлескен шараларды жасаудың арқасында арадағы қарым-қатынастары жақсарады.

«Балалар ойын арқылы үйренеді. Сондықтан Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігі белгілі медиа тұлғалар мен блогерлердің қатысуымен ата-аналарға арналған #ҮйдеҮйренеміз атты эстафета-челленджін бастады. Бұл жобаның ата-аналар мен кішкентай балалардың бірлескен ойындары мен іс-шараларының репертуарын кеңейтуге, ата-ана мен баланың арасындағы байланысты нығайтып, жақсартуға, сонымен қатар балабақша мен мектепке дайындалуына көмектесетіндігіне біз сенімдіміз. Осылайша, әрбір қазақстандық бала қауіпсіз және қолайлы ортада барынша толықтай дамуы үшін, біз позитивті тәрбиелеу мәдениетін дамытып, әкелердің бала тәрбиесіне қатысуын ынталандырғымыз келеді», - деп бөлісті ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.

#ҮйдеҮйренеміз эстафета-челледжінің алғашқы тапсырмасын ЮНИСЕФ-тің Ізгі Ниет Елшісі, белгілі шахматшы Динара Садуакасова жариялады. Сонымен қатар, белгілі әртіс Санжар Мади, жазушы Әсел Сапакова, блогерлер Альмира Орлова және Айна Досмахамбетқызы, әртіс Мұрат Мутурганов, тележүргізушілер Айгерим Есенали және  Данияр Есен, кәсіпкер Рамиль Мухоряпов, психолог Динара Болат, журналист Данияр Мусиров және басқа да танымал тұлғалар осы бастамаға қатысуға келісімін берді.

Эстафета-челлендж қалай өтетін болады?

2020 жылдың 06 мамырына дейін бір ай бойы, күн ара белгілі медиа тұлғалардың немесе блогерлердің бірі ЮНИСЕФ-тің Instagram және Facebook парақшалары мен өздерінің парақшаларында ата-аналарға арнап пайдалы ойын немесе іс-әрекетті ұсынатын болады.

Әрбір ата-ана осы бастамаға қосылуы үшін ұсынылған ойын немесе тапсырманы балаларымен қайталап, оны бейнеге түсіріп, өз парақшаларында пост немесе сториз арқылы жариялауы қажет. Ең бастысы @Unicefkazakhstan тэгін белгілеп, #ҮйдеҮйренеміз хэштегтерің жазуы қажет. Эстафета-челлендждің барлық іс-шаралары ЮНИСЕФ-тің Instagram және Facebook парақшаларында жарияланып отыратын болады.

 

#Редакторларға арналған қосымша ақпарат

ЮНИСЕФ әлемдегі ең қиын халге түскен балаларды қамту үшін әлемнің ең қауіпті жерлерінде жұмыс жасайды. 190 астам елде және аумақта біз әрбір бала үшін, барлық жерде баршаға арналған жақсырақ әлем құру үшін жұмыс жасаймыз. ЮНИСЕФ және оның жұмысы жайлы қосымша ақпараты сайттан көре аласыздар: https://www.unicef.org/kazakhstan

ЮНИСЕФ Қазақстанның Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріндегі парақшаларыңа жазылыңыздар.

 

Толыққанды ақпарат алу үшін, өтінеміз, келесі тұлғамен хабарласыңыз:

Асель Садуова, Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс маманы, тел.: +7 777 881 05 47; asaduova@unicef.org

Медиа байланыс

Әсел Садуова
Қоғаммен байланыс маманы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)
Тел: .

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.