Түркістан облысы аяғы ауыр әйелдерге және балалары бар отбасыларға қызме көрсету сапасын жақсартады

13 Наурыз 2019
ТУРКЕСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ УЛУЧШИТ КАЧЕСТВО УСЛУГ ДЛЯ БЕРЕМЕННЫХ ЖЕНЩИН И СЕМЕЙ С ДЕТЬМИ
UNICEF Kazakhstan/2019

Түркістан, 2019 ж. 13 наурыз – мыңдаған медбикелер, дәрігерлер және әлеуметтік қызметкерлер Түркістан қаласы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының және БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) қолдауымен ашылған Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу (БШАЫЖ) білім беру ресурстық орталығында білім алады.

Аурухана немесе емхана негізінде оқу орталығын құру инновациялық білім беру ресурстарының қолжетімділігін жоғарылатады, және теория мен практиканының бірігуінің арқасында мамандардың біліктілігін арттырады. Мұндай тәсіл балалары бар ауылдық және қалалық отбасыларға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен халықтың оларға деген қанағаттанушылығық деңгейін жақсартады.

«Бала өмірінің алғашқы жылдары оның физикалық және психикалық денсаулығының әрі қарай дамуын айқындайды. Баланың миы шамамен 80%-ға үш жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан ЮНИСЕФ аяғы ауыр әйелдер мен кішкентай балалары бар отбасыларға патронаж қызметін көрсететін бағдарламаларды қолдайды, өйткені кіші жастағы балалардың дамуына жәрдемдесу - балалар құқығын жүзеге асырудың ең тиімді стратегияларының бірі болып табылады», - деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный.

Өзінің құттықтау сөзінде Түркістан облысының Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев: «Ресурстық орталықтың ашылуы біздің өңір үшін маңызды оқиға. Балалардың денсаулығын жақсарту – басты орында болу қажет. Жақын арада орталықтың жұмысы біздің өңірдегі аяғы ауыр әйелдер мен кішкентай бүлдіршіндері бар отбасылардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға оңтайлы әсер ететіндігіне сенімдімін».

Орталық 2016-2019 жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» атты Мемлекеттік бағдарламасына сай аяғы ауыр әйелдер мен балалары бар отбасыларға патронажды күтім жасаудың әмбебап озық үлгісін енгізу мен іске асырудағы негізгі қоры болады.

«Түркістан облысындағы туу көрсеткішінің жоғары деңгейі медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің үздіксіз кәсіби дамуын талап етеді. Оқу орталығы жыл сайын шамамен 1000 медицина қызметкерін жаңа әмбебап озық үлгісіне сай оқыта алады. Оқытудан басқа, орталық медициналық қызметтің сапасын бақылап отырады. Оқу орталығының мамандары халықаралық озық тәжірибелерге сай білім алған мамандар», - деді ЮНИСЕФ-тің денсаулық сақтау және тамақтану бағдарламасының үйлестірушісі Қанат Сұханбердиев.

Орталықта медициналық және әлеуметтік қызметкерлер ЮНИСЕФ және ДДСҰ-ның ұсынымдарына сай ерте жастағы балалардың дамуы, дұрыс тамақтануы және оларға қалай қауіпсіз орта қамтамасыз ету керектігі жөнінде заманауи білімдерін жетілдіре алады. Оған қоса, мамандар өз білімдерін тәжірибеде іске асыра алады: баланың даму бөлмесінде - қандай ойындар баланың толық дамуына жағдай жасайтындығын зерттейді; асханада - кішкентай балаларға алуан-түрлі және пайдалы тағамдарды қалай дайындау керектігін үйренеді; нақты кейстерді талқылап көрсету арқылы мәселелерді шешуді, ата-аналармен қалай қарым-қатынас орнатуды, және оларға дұрыс тәрбие беру жөніндегі ақпаратты бөлісуді үйренеді.

***

Патронаж мейірбикелік қызмет көрсету/үйге маманның келуі әмбебап озық үлгісін енгізу арқылы кешенді медициналық-әлеуметтік көмек көрсету жүйесін құру туралы қосымша ақпарат

Әмбебап озық үлгі Қазақстандағы аналар мен балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Үлгінің жаңалығы - отбасылар мен балаларға толыққанды көмек көрсету үшін әртүрлі салалардағы мамандар: денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қызметтер бірігіп кешенді қызмет көрсетуі.

Бұл үлгі 2016-2017 жылдары Қызылорда қаласындағы екі емханада және Жаңақорған ауылында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ЮНИСЕФ-тің және Қызылорда облысының әкімшілігінің бірлескен күшімен сәтті жүзеге асырылды. 2018 жылдан бастап бұл модель Қызылорда облысының тәжірибесін ескере отырып, ел бойынша кеңейтілді.

Тақырыпқа қатысты сілтемелер:

Медиа байланыс

Зарина Нурмухамбетова
ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (112)
Әсел Садуова
Қоғаммен байланыс маманы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.