«Күміс волонтерлар» деген кімдер және олардың міндеті неде?

2022 жылы ЮНИСЕФ-тің 80 күміс волонтері 900-ден астам ата-ананы иммундауға көңіл бөле отырып, ерте жастағы балаларды дамытудың ерекшеліктеріне оқытты.

Айдана Киндирова
Педиатр-дәрігер Әлия Қартабаева жас аналарды балалар денсаулығына қатысты тақырыппен таныстырып отыр. Бозкөл, Қазақстан.
UNICEF/2022/ KairatShaltakbayev
20 ақпан 2023

«Күміс волонтерлар» – бұлар жасы 50-ден асқан немесе зейнет жасындағы медицина қызметкерлері – дұрыс тамақтандыру, баланы жастайынан дамыту, егу, емшек сүтімен емізу мен оңды ата-ана болу, және COVID-19 пандемиясының ЮНИСЕФ-тің күміс еріктілер бағдарламасы арқылы вакцинацияға сұранысқа әсері мәселелеріне машықтандырудан білім алған педиатрлар, жалпы тәжірибе жүзіндегі дәрігерлер мен отбасылық дәрігерлер. Оқу бағдарламасының арқасында олар тұлғааралық дағдыларын және ата-аналар мен қамқоршылардың ықтимал арандатушылық сұрақтарына жауап беру қабілетін нығайта алды.

2022 жылдың күзінде «күміс волонтерлар» үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық волонтерлар желісі бірлесіп, АҚШ – тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен-Қазақстанда күміс волонтерлерге арналған тренингтер өткізді. Бұл оқу сабақтары еріктілерді ерте балалық шақты дамыту (ECD) және уақтылы иммундау мәселелері бойынша ата-аналар мен қамқоршыларға қалай сөйлесу және дәріс оқу керектігі туралы білім мен дағдылармен қаруландыруға арналған. Жалғасып жатқан COVID-19 пандемиясына байланысты вакцинация тақырыбының сезімталдығына байланысты кеңейтілген Тақырыптық тәсіл қолданылды. Ата-аналар мен қамқоршылар күміс еріктілермен вакцинация, ECD, тамақтану, емшек сүтімен емізу және оң тәрбиені тыңдап, талқылай алды. Бұл тәсіл оларға қол жеткізуге және диалогқа тартуға мүмкіндік берді.

Баланың өмірінің алғашқы жылдарында отбасының қатысуы баланың дамуын анықтайтын ең күшті факторлардың бірі болып табылады.

Отбасы – бұл баланың алғашқы ұстазы. Дәл осы ата-ана мен бала арасындағы сапалы қарым-қатынас пен өзара байланыс олардың мектепте және жалпы өмірде де табысқа жетуі үшін қажетті, әрі негізгі дағдыларды қалыптастырады. Сондықтан отбасының осыған ынта білдіруі балаларды ерте жастан сапалы күту, дамыту мен тәрбиелеудің маңызды  бөлігі болып есептеледі.

Әлия Жұмағұлқызы Қартабаева – Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ-тің тренингіне қатысып, «Күміс волонтер» атанғандардың бірі. Кейіпкер өзінің оқу тәжірибесімен бөлісе отырып, жобаның маңыздылығы, алған білімі мен дағдыларын өз жұмысында қалай пайдаланатыны туралы әңгімелеп берді.

Жоба мен оның мазмұны жайлы

Әлия Жұмағұлқызы – Қызылорда облысы Қазалы аудандық ауруханасының педиатры, жалпы тәжірибелік дәрігер. Әлия көп балалы отбасында өскендіктен болар, балаларды өте жақсы көреді. Бала кезінде иммунитеті әлсіз болғандықтан, жиі науқастанып қалатынын мойындайды. Және дәл осы екі себеп мамандық таңдауға әсер еткенін айтады

Әлия Жұмағұлқызы да тәжірибелі маман ретінде заман көшінен қалмай, білімін шыңдауға тырысады. Кейіпкеріміз түрлі тренингтер мен бағдарламаларға жиі қатысады.

Әлия Жұмағұлқызы бала қарап отыр (Баянсұлу, 1 жаста). Бозкөл, Қазақстан.
UNICEF/2022/ KairatShaltakbayev Әлия Жұмағұлқызы бала қарап отыр (Баянсұлу, 1 жаста). Бозкөл, Қазақстан.

Әлия Жұмағұлқызы жайлы ортада тренингтің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, тренерлердің біліктілігі мен барлық студенттерге көңіл бөліп отырғанын тілге тиек етті. Әлия тікелей эфирдегі жаттығу үдерісі туралы жақсы пікірде.

«Балаларды ерте дамыту, оң пейілді ата-ана мен жоспарлы иммундауға  қатысты барлық сауалдар мен негізгі тақырыптар қамтылды (жоспарлы иммундау мен COVID-19). Маған тренингтің тек қана теориялық бөлімнен ғана емес, практикалық жағын да қарастырғаны және әр тақырып бойынша өткен ойындары да ұнады», – дейді Әлия.

«Тренингке Қазақстанның 8 облысынан 80-ге жуық дәрігер қатысты. Бұл танысу үшін, әрі дәрігерлер арасындағы нетворкинг үшін тамаша мүмкіндік болды. Мәселен, біз Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген білікті дәрігерлермен ерте жастан (әсіресе жаңа туғаннан 3 жасқа дейін) салауатты дамудың маңыздылығы туралы пікір алмастық, өйткені осы аралықта сәбиде білуге деген алғырлық пен экономикалық өнімділіктің негізі қалыптасады».

Баланың ерте дамуын бақылаудың маңыздылығы туралы
Бала 3 жасқа дейін өзін тұлға ретінде қалыптастырады, өз қалауы мен іс-әрекетін білуге ​​үйренеді. Дәл осы ерте даму кезеңінде баланың өз дегенін білдіруге құштарлық пайда болады және ол ересектердің қалауына кереғар өз қалауының орындалуын талап етуге ұмтылады.

Маленький пациент (Медина, 8 месяцев) на приеме у врКішкентай пациент (Медина, 8 айлық) педиатр-дәрігер Әлия Қартабаеваның қабылдауында Бозкөл, Қазақстан.ача-педиатра Картабаевой Алии Жумагуловны. Бозколь, Казахстан.
UNICEF/2022/ KairatShaltakbayev Кішкентай пациент (Медина, 8 айлық) педиатр-дәрігер Әлия Қартабаеваның қабылдауында Бозкөл, Қазақстан.

Кішкентай пациент (Медина, 8 айлық) педиатр-дәрігер Әлия Қартабаеваның қабылдауында Бозкөл, Қазақстан.

Шамамен үш жасына қарай балада «Мен өзім» деген сана қалыптасады, дейді Әлия Жұмағұлқызы,

Бала туғаннан бастап, 3 жасына дейін ата-анасы оның дамуы мен сөздік қорының қалыптасуына сүйіспеншілікпен, мейіріммен қарауы тиіс, өйткені 3 жасқа дейінгі жинаған сөздік қоры мен жалпы білімі баланың бүкіл өмірінің іргетасы, деп есептейді Әлия.

Педиатр-дәрігер Әлия Қартабаева сәбиді тексеріп жатыр (Айлин, 5 айлық). Бозкөл, Қазақстан.
UNICEF/2022/KairatShaltakbayev Педиатр-дәрігер Әлия Қартабаева сәбиді тексеріп жатыр (Айлин, 5 айлық). Бозкөл, Қазақстан.

Қазақстанда ерте жастағы балалардың дамуының мониторингі – ЮНИСЕФ-тің 2021-2025 жылдарға арналған елдік бағдарламасындағы шешуші бағыттарының бірі.

Баланың ерте дамуын инвестициялау өмірдің кейінгі кезеңдеріне ұзақ мерзімді әсер етеді (ЮНИСЕФ, 2011). Баланы ерте жастан дамыту қызметтері бүгінгі таңда олардың жан-жақты дамуы үшін ынталандырушы орта жасап қана қоймайды, сонымен бірге ертеңгі ең жақсы ата-аналарды дайындауға да септеседі.

Тренинг нәтижесінде берілген білім мен дағдылар туралы

«Белгілі бір деңгейде тәжірибесі бар емдеуші дәрігер ретінде менде әртүрлі жағдайларға қатысты өз ережелерім мен ойларым болды. Мысалы, мен бұрын дәрігер ретінде баласын емізіп жүрген әйел жүкті болып қалса, баланы емшек сүтінен шығаруға кеңес беретін едім. Жүкті әйелдің сүтінің құрамы нашарлайды деп ойлайтынмын. Тренинг барысында бұл жаңсақ ақпарат екенін білдім: босанғаннан кейін де сүт жеткілікті болған жағдайда ана жаңа туған баласын да, тіпті, үлкен баланы да қоса емізе алады».

Сол сияқты баланың ас қорыту жүйесі бұзылады деп ойлап, жазда босанған аналарға жеміс-жидек жеуге тыйым салдым. Осы жоба барысында алған білімімнің арқасында мен бұл өнімдердің ешқайсысы ана сүтінің құрамына әсер етпейтінін білдім, дейді Әлия.

Жоспарлы иммундаудың маңыздылығы жайлы

Әлия «Дені сау әйелден дені сау бала туады» деген қағиданы ұстанады. Тәжірибесі бар педиатр ретінде Әлия әрбір ата-анаға екпенің маңыздылығын айтуды өз міндеті деп біледі.

Педиатр-дәрігер Әлия Қартабаева жас босанған аналарға екпе туралы кітапшаны ұсынып, бала денсаулығы туралы тақырыппен таныстырып тұр. Бозкөл, Қазақстан.
UNICEF/2022/ KairatShaltakbayev Педиатр-дәрігер Әлия Қартабаева жас босанған аналарға екпе туралы кітапшаны ұсынып, бала денсаулығы туралы тақырыппен таныстырып тұр. Бозкөл, Қазақстан.

«Барлық ата-аналарға айтарым, вакцинаның арқасында жұқпалы ауруларға қарсы иммунитет қалыптасады. Әрқашан ауыра қалған жағдайда, бұл аурулардың көпшілігінен жылдам және оңай айығуға болатынына назар аудартамын. Кейбір ата-аналарға өз отбасымды және отбасы мүшелерінің жоспарлы вакцинациядан кейінгі денсаулығының жақсы екендігін мысалға келтіремін».

Әлия баланы ектіруге қарсы ата-аналарға немесе әлеуметтік желілерде жалған жаңалықтар мен иммундау туралы жалған ақпаратқа байланысты балаларын вакцинациялаудан тартынатын ата-аналармен қарым-қатынасында, алдымен ғылыми ақпараттар ұсынып, осыдан кейін оларға өз бетінше пайым жасауға мүмкіндік береді. Арада біраз уақыт өткеннен кейін оларды қайта әңгімелесуге шақырады. Әлия әрбір әке-шешенің өзіндік түсінік деңгейі бар екендігіне сенеді және әрбір отбасына жеке қадам жасаудың қажеттілігі де өте маңызды.

Әлия өзінің күнделікті жұмысының аясында ата-аналарға жоспарлы иммундау тақырыбы бойынша кеңестер жүргізеді. Кейіпкеріміздің айтуынша, қазан мен желтоқсан айларының аралығында дәрігерлер үшін өткізілген тренингтен кейін 80 шақты әке-шешеге кеңес берген.

«Тақырыпты өз бетінше меңгеру үшін, мен ата-аналарға Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп әзірлеген жоспарлы иммундау туралы брошюраларды ұсынамын».

Оңды әке-шеше болу мен әкелердің бала тәрбиесіне араласуы

«Кішкентай пациенттерімнің ата-аналарымен әкелердің бала тәрбиесі мен адам ретінде қалыптасуына араласуының маңыздылығы жайлы әңгімелесемін, өйткені көбінесе баланың өміріне тек аналары ғана қатысады. Отбасы мүшелерін жас босанған анаға үлкен түсіністікпен, қамқорлықпен және сүйіспеншілікпен қарауын сұраймын. Мен әйелдердің босанғаннан кейін күйзеліске түсіп кетпеуі үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын.

Педиатр-дәрігер Әлия Қартабаева қызметтік жиналыс өткізіп отыр. Бозкөл, Қазақстан.
UNICEF/2022/ KairatShaltakbayev Педиатр-дәрігер Әлия Қартабаева қызметтік жиналыс өткізіп отыр. Бозкөл, Қазақстан.

Сол сияқты кейіпкеріміз бала тәрбиесіне атасы мен әжесінің араласуы, оған қоса отбасындағы туыстардың болысуы баланың дамуына оңды әсер ететіндігін айтады.

«Мен жобаға дейінгі білімім мен жоба барысында алған білімімнің арасындағы үлкен айырмашылықты байқаймын. Жобаға қатысқаныма өте қуаныштымын және ЮНИСЕФ-тің «Күміс волонтері» атанғанымды да мақтан тұтамын».

Әлия тренинг аяқталса да, оның талай қатысушысы бір бірімен байланысып, баланың ерте дамуын бақылау, екпе егу, бала тәрбиесіне оңды әсер ету жөнінде пікір, ақпарат алмасып жүргенін айтады.

Педиатр-дәрігер Әлия Қартабаева кішкентай пациентті қарсы алып тұр. Бозкөл, Қазақстан.
UNICEF/2022/ KairatShaltakbayev Педиатр-дәрігер Әлия Қартабаева кішкентай пациентті қарсы алып тұр. Бозкөл, Қазақстан.

«Мен иммундау және баланы ерте бастан дамыту туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған осындай жобалардың жиі, мысалы, жылына екі-үш рет өткізілгенін қалаймын. Мұндай жобаларға жас мамандардың да қатысуын ынталандыру қажет. Менің жобаны ұйымдастырушыларына алғысым шексіз, өйткені алған білімімді өз жұмысымда жүзеге асырамын. Осы білімнің арқасында қазақстандықтардың келесі ұрпағының денсаулығы нығая түседі деп нық сеніммен айта аламын!».