12 Қазан 2020

Балалар агрессиясы: себептері, салдары және одан арылу жолдары

Балалар агрессиясы: себептері, салдары және одан арылу жолдары, Бүгінгі мақалада балалар агрессиясының мәселелері жайлы әңгіме қозғалады. Агрессия (латын тілінен "agressio" — шабуыл, өршелену) – біреуге немесе бір нәрсеге зиян келтіруге бағытталған физикалық немесе сөздік (ауызша) жосық., Балаларда агрессия қандай көрініс табуы мүмкін?, Нәрестенің ашулы жылауында байқалатын реніш пен ашуланшақтықтың себебі қарапайым, бұл баланың физиологиялық мұқтаждықтары қанағаттанбаған деген сөз. Бұл жағдайда агрессивті реакция - өмір сүру үшін күрес реакциясы болып табылады. 1,2-5 жастағы баланың құрбы-құрдастарына ашулануы және физикалық шабуыл жасауы, ойыншықтарға иелік етуге байланысты…, Агрессияның пайдасы неде?, Жалпы алғанда агрессияда өмір сүруге қажетті өзіндік оң, сау қасиеттері де бар, мысалы қайсарлық, мақсатқа жетудегі табандылық, жеңіске ұмтылу, кедергілерді жеңу сияқты қасиеттер. Сондықтан тәрбие жұмыстары балалардың мінезінен агрессияшылдықты толық алып тастауға емес, оның жойқын, бейәлеуметтік көрінісін шектеу мен бақылауға және оның…, Балалар агрессияшылдығының себептері неде?, Агрессия келесі жағдайларда туындауы мүмкін: фрустрацияға реакция ретінде - бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру, эмоционалдық тепе-теңдікке қол жеткізу жолындағы кедергіні жеңу талпынысы; төтенше шара ретінде - балада өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барлық басқа мүмкіндіктер таусылғанда; "жатталып қалған" мінез-құлық ретінде - баланың өзі…, Бала агрессияшылдығының келесі түрлері арнайы араласуды талап етеді:, 1. Егер бес жастан асқан бала басқа балалар мен жануарларды азаптағаннан құмары қанса, мұндай жағдай сирек кездескенімен, әрқашан да психотерапевт пен психологтың арнайы емін қажет етеді. 2. Гипербелсенді баланың агрессияшылдығы. Мұндай балалар мазасыз әрі ашушаң болады, сөз көтере алмайды, және қирату мен қиянат жасауға бейім келеді.…, Балада агрессияның жойқын білінулеріне қалай жол бермеуге болады?, Балаға сүйіспеншілік көрсету - шамадан тыс агрессияны болдырмаудың ең абзал жолы болып табылады. Ата-аналар өз тарапынан баланың агрессивті мінез-құлқының себептерін түсінуге және оларды жоюға тырысу керек. Балаға тасып тұрған қуатын сарқуға мүмкіндік беріп тұрыңыз, ол өзі жалғыз немесе досымен бірге ойнасын; аса белсенді баланың қолын бос…, Агрессияшылдықты "емдеу" , Балалардың агрессивті мінез-құлқын түзету үшін, агрессияны алдын-алуға бағытталған тәсілдер де жарамды. Мұндай типті бала үшін бір ғана жылы сөз, бір жылы лебіз оның өшігуін басуға жеткілікті болуы мүмкін. Мұндай баланы "бұзылған" деп ойламаңыз. Егер де сіз осылай ойлай бастасаңыз, сізде баланы қабылдамау, оны жатсыну сезімі пайда болуы мүмкін.…, Негізгі тұжырымдар, Бірінші кезекте агрессияшылдықтан ең көп зардап шегетін тарап - баланың өзі, мысалы ол ата-анасымен араздасады, достарын жоғалтады, үнемі ашушаңдықта, және көбінесе қорқынышта өмір сүреді. Жоғарыда айтылғанның бәрі баланы бақытсыз етеді. Мұндай бала үшін ең жақсы ем қамқорлық пен жан жылуы. Бала әрбір сәт сайын ата-аналар оны жақсы көретінін,…