ЮНИСЕФ Қазақстанда бизнес-серіктестер Кеңесін құрды

Бизнес-серіктестер Кеңесінің мақсаты - Қазақстан балаларының мүддесі үшін ЮНИСЕФ-пен бірлескен іс-қимылдарды әзірлеу және үйлестіру үшін бизнес көшбасшылары жиналатын платформа құру

08 Желтоқсан 2021
UNICEF Kazakhstan 2021
UNICEF Kazakhstan 2021

НҰР-СҰЛТАН / АЛМАТЫ, 8 желтоқсан 2021 ж. - Бизнес әр баланың құқықтары жүзеге асырылатын қоғам құруда шешуші рөл атқарады. Бүгін балалар үшін үздік қоғам құрудағы бизнестің әлеуетін ашу үшін БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігі ЮНИСЕФ-тің бизнес-серіктестерінің Кеңесін құрды, ол ЮНИСЕФ пен бизнес арасындағы балалар тап болатын негізгі мәселелердің шешімдерін іздестірудегі ынтымақтастықты нығайтады.

«Балалардың құқықтарын қорғау бәріне қатысты. Біз Қазақстанның бизнес- көшбасшыларының белгілі бір санының ЮНИСЕФ-тің елдегі балалардың құқықтарын қорғау және ілгерілету жөніндегі күш-жігеріне қосылу міндеттемесін өзіне алғанына өте қуаныштымыз. Олардың үлгісі басқаларды шабыттандырады деп сенемін. Бизнес күшінің арқасында біз балалар тап болатын негізгі мәселелердің шешімін таба аламыз және оларды уақтылы және тиісті деңгейде жүзеге асыра аламыз», - деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілі Артур ван Дизен.

Бизнес-серіктестер Кеңесі Қазақстандағы балалардың денсаулығын, тамақтануын, білім алуын және қорғалуын жақсарту бойынша бизнес пен ЮНИСЕФ-тің бірлескен іс-қимылдарын үйлестіруге ықпал етуге бағытталған. Кеңес сонымен қатар балалардың құқықтарын бизнестің күн тәртібіне енгізуге бағытталған, осылайша балалардың құқықтарын әр әлеуметтік-жауапты бизнес үшін орталық орынға қояды. 

«Мемлекеттің даму деңгейі көп жағдайда еліміздің болашағының әлеуеті болатын жас ұрпаққа, балаларға деген қарым-қатынаспен анықталады. Қазақстанда бизнес жас қазақстандықтардың дамуына, білім алуына, денсаулығына қатысты әртүрлі балалар жобаларын қолдайды. ЮНИСЕФ бастамасы аясында біз әлеуметтік ортаны жақсарту және Қазақстандағы балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін отандық бизнес пен халықаралық балалар ұйымының тәжірибесі мен озық нәтижелерін біріктіре аламыз деп ойлаймын», - деп атап өтті Халық банкінің басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова.

Кеңес мүшелері Қазақстандағы балалардың құқықтарын жақсартуға және қорғауға бағытталған бағдарламалар мен бастамаларды қолдау үшін ЮНИСЕФ-тің уақытын, білімін, инновациялық идеяларын, дағдылары мен іскерлік байланыстарын ұсынады. Кеңес 10 мүшеден тұрады, олар жылына кемінде екі рет кездесіп, балалардың әл-ауқаты мен өміріне және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке қатысты мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істейді. Отырыста Кеңес мүшелерімен келісілген іс-қимыл жоспары бірлескен күш-жігерді үйлестіру үшін негіз болып табылады. Өзінің ауқымды іскерлік тәжірибесінің арқасында Кеңес мүшелері Қазақстандағы балалардың өмірін жақсартуға бизнестің қатысуына, сондай-ақ жаңа бастамаларды әзірлеуге және балалар мүддесі үшін ЮНИСЕФ бағдарламалары үшін ресурстарды тартуға жәрдемдесетін болады деп күтілуде.

Кеңестің әрбір отырысы Қазақстан Үкіметі бекіткен ЮНИСЕФ-тің 5 жылдық елдік бағдарламасына сәйкес белгілі бір тақырыптық салаға арналады. Балалар тағамы, балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және білім сапасы Кеңес мүшелері мен ЮНИСЕФ-тің әлеуетті ынтымақтастығы үшін басым тақырыптардың бірі болып табылады.

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.