Қазақстандағы алғашқы ЮНИСЕФ гала-кешінде 92,6 миллион теңге жиналды

Қаражат білім алу үшін ерекше жағдай жасалуын қажет ететін балаларды қолдауға жұмсалады.

02 Желтоқсан 2024
Первый гала-ужин ЮНИСЕФ
UNICEF/Kazakhstan/2024/AdilkhanIlyassov

АСТАНА, 30 қараша 2024 жыл - Елордада ЮНИСЕФ-тің «A Sky Full of Stars» атты алғашқы гала-кешкі асы өтіп, 92,6 миллион теңге жиналды. Түскен қаражат білім алу үшін ерекше жағдай жасалуын қажет ететін 2000-нан астам балаға цифрлық дағдыларды меңгеруге және инклюзивті білімге қол жеткізуге көмектесетін цифрлық инклюзия бағдарламасына жұмсалады.

Шара The St. Regis Astana қонақүйінде өтіп, жаһандық ЮНИСЕФ дәстүрін жалғап, бизнес, мәдениет және өнер өкілдерінің басын қосты. 

Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілі доктор Рашед Мустафа Сарвар былай деп атап өтті: «Біз осы іс-шара балаларды қолдауға дайын осынша көп адамдардың басын қосқанын мақтан тұтамыз. Бизнеспен серіктестік арқасында инклюзивті білімге қолжетімділікті кеңейте аламыз, әр баланың өз әлеуетін ашуына мүмкіндіктер жасай аламыз. Тек күш біріктіріп қана әр баланың құқығы қорғалатын әлем құра аламыз».

Цифрлық инклюзия бағдарламасы Қазақстанның пилоттық аймақтарында сәтті нәтижелер көрсетіп үлгерді. 2021 жылдан бері көру қабілеті бұзылған 131 жасөспірім цифрлық дағдыларды меңгерді. Жоба аясында ноутбуктер, телефондар және арнайы бағдарламалық жасақтама сатып алынды, көру қабілеті нашар адамдар арасынан трнерелер оқытылды. Осындай іс-шаралар балаларға анағұрлым тәуелсіз болуға, білім алуға қолжетімділігін арттыруға және жоғары білім туралы ой салуға көмектесті.

Гала-кешкі ас аясында өткен аукционда бірегей лоттар ұсынылды, солардың арасында аты аңызға айналған әнші Бибігүл Төлегенованың топтамасынан алынған шапан мен антология, қазақстандық суретші Зейнеп Түсіпованың туындысы және теннисші Елена Рыбакинаның қолтаңбасы қойылған ракетка болды. Қазақстандағы ЮНИСЕФ ізгі ниетті елшілері - Ninety One музыкалық тобының, балалар хорының, Астана Опера солистерінің және басқа да әртістердің өнері кештің ең қызықты оқиғасы болып, оны ұмытылмастай етті. Қонақтарға арнап сонымен қатар іс-шара серіктестері ұсынған бағалы сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылды.

Бірегей лоттарды ұсынғаны үшін аты аңызға айналған әнші Бибігүл Ахметқызы Төлегеноваға, Нұрлан Еркебұланұлы Смағұловқа, чемпион Назым Абайқызы Қызайбайға, «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС-не, Алпысбай Нағыметұлы Қазығұловқа, Airelle-ге, Темірлан Тілеске, Дәулет Ұранхаевқа, Қазақстан Футбол федерациясына, Бауыржан Темірланұлы Сағиевке және FARRO және DAMIANI Зергерлік үйлеріне шын жүректен алғыс айтамыз.

Ұтысқа сыйлықтар ұсынып, қайырымдылық кешіне қолдау көрсеткен Turkish Airlines, SheratonHotel Astana, Rixos Borovoe, G&G компаниялары мен ЮНИСЕФ досы атағын иеленген Динара Сатжанға, сонымен қатар қонақжайлылығы үшін The St. Regis Astana қонақүйіне, кешті ұйымдастырғаны үшін ZAVOD Events Agency компаниясына, кеш қонақтарына эксклюзивті сыйлықтар жасағаны үшін Argymaq компаниясына, сонымен қатар іс-шараны белсенді қолдағаны үшін Астана Опера, Mystery Astana, VELADA Model Agency & Model School, Bala Time, Orda Music ерекше алғыс айтамыз.

Ақпараттық серіктестер: MYD Production компаниясы, MEGA, Good Project, Tatler Kazakhstan журналы, weproject.media, PR және коммуникациялар туралы «PR Drive» онлайн журналы, Freedom Ticketon және TAJ Magazine.

Жиналған қаражат балаларды қажетті құрал-жабдықтармен және мамандандырылған бағдарламалық жасақтамамен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, олардың тәуелсіз және өз күшіне сенімді болып өсуіне көмектеседі.

Жобаның нәтижелері туралы толық ақпарат ресми unicef.org/kazakhstan сайтында жарияланады.

Медиа байланыс

Надира Есетова
қоғаммен байланыс бөлімінің маманы
ЮНИСЕФ
Тел: +77079500969

ЮНИСЕФ туралы

ЮНИСЕФ әрбір баланың құқықтары мен аман-саулығын қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді. Өзінің серіктестерімен бірге ЮНИСЕФ 190 ел мен аумақта өз міндеттемелерін жүзеге асыру үшін ең аз қамтылған және оқшау қалған балаларды қамтуға ерекше көңіл бөле отырып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі балалардың игілігі үшін еңбек етеді.

ЮНИСЕФ үкіметтерден, үкіметаралық ұйымдардан, қорлардан, бизнестен және жеке тұлғалардан түсетін ерікті қайырмалдықтар есебінен қаржыландырылады. Қаражат көздерінің осындай алуан түрлілігі ұйымға балаларға, әсіресе ең осал – отбасынсыз қалған, зорлық-зомбылықтан жапа шеккен, білім мен медицинаға қол жеткізе алмайтын балаларға көмектесу үшін ресурстарды икемді әрі тиімді бағыттауға мүмкіндік береді. Ақшалай қайырмалдықтан өзге ЮНИСЕФ еріктілердің уақыты мен күші, сарапшылық ынтымақтастық және ақпараттық серіктестік түріндегі қолдауды да қабылдайды. Қаражат үш негізгі бағытқа үлестіріледі: қажет болған кезде көмек көрсету, нақты жобаларды қаржыландыру және төтенше жағдайларда шара қолдану. Мұндай тәсіл ресурстардың уақытылы және мақсатты түрде пайдаланылуын қамтамасыз етіп, ЮНИСЕФ-ке әлемнің кез келген жеріндегі балаларға көмектесуге мүмкіндік береді.

ЮНИСЕФ балалардың өмірін жақсартуға бағытталған жұмысында ашықтыққа және есептілікке ерекше мән береді. ЮНИСЕФ ашықтық порталы ұйымның ресурстары қалай және қайда пайдаланылатыны туралы ақпаратқа ашық қол жеткізуге мүмкіндік беріп, қоғаммен тікелей және ашық тілдесуге дегін ниетін көрсетеді.

ЮНИСЕФ-тің жылдық есептері https://www.unicef.org/kazakhstan/ сайтында қолжетімді

Біздің InstagramFacebook және X парақшаларымызға жазылыңыздар.

ЮНИСЕФ ешбір компанияны, брендті, өнімді немесе қызметті насихаттамайды.