GIGA басқарушы комитеті өзінің Қазақстандағы екінші отырысын өткізді

2022 жылы GIGA бастамасының арқасында мектептерді интернетке қосуды жаңғырту үшін ауқымды зерттеулер жүргізілді

20 Қыркүйек 2022
Giga Steering Committee 2nd meeting
UNICEF Kazakhstan/2022/Zhanar Karimova

НҰР-СҰЛТАН, 2022 жылғы 16 қыркүйек – Бүгін елордада Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің төрағалығымен GIGA басқарушы комитетінің екінші отырысы өтті. Комитет 2021 жылы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) мен БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭО) арасында қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде құрылды. Ол Қазақстан Үкіметі тарапынан GIGA-ның ғаламдық бастамасын үйлестіреді.

Комитетке қатысушылар GIGA-ның екі жылдағы жұмысында бастаманы жүзеге асыру аясында, Түркістен облысында 38 ауыл мектебін кең жолақты интернетке қосуын және «Ақпараттық-сараптама орталығы» АҚ-мен (ҚР МП) бірлесе отырып мектептерде интернетке қосылу жылдамдығын мониторингілеу жөніндегі жобаның сынамасын, сондай-ақ «соңғы миля» моделін қосуды қоса алғанда қол жеткізілген нәтижелерді қарап шықты.

Отырыста ЮНИСЕФ-тің қолдауымен Қазақстанда кең жолақты интернетке қосылуды модернизациялау үшін ықтимал техникалық және қаржылық шешімдер саласында жүргізілген ауқымды зерттеу нәтижелері көрсетілді. Аталған зерттеуге Қазақстанның барлық аумақтары бойынша мектептердің интернетке қосылуының ағымдағы жағдайына талдау жүргізу, елдегі телекоммуникацилар нарығына экономикалық және техникалық шолу, сондай-ақ мектептерді интернетке қосуға арналған техникалық шешімдер мен баламалы қаржылық модельдер бойынша ұсыныстар енді.

«Жобаның жалғасып жатқанына және нақты нәтижелер әкелгеніне өте қуаныштымыз. Мен GIGA жобасының арқасында интернетке қажетті қосылу мүмкіндігін алған мектептерге былтыр барғаныма өте қуанышты болдым. Біздің бүгінгі отырысымыз білім берудегі цифрлық теңсіздікті жоюға арналған бастаманы кеңейту және оның тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған келесі қадамдарды белгілеуге мүмкіндік береді», - деп, Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің өкілі Артур ван Дизен атап өтті.

ТМД өңірі бойынша ХӘЭ өңірлік бөлімшесінен мектептердің интернетке әмбебап және теңбе-тең қосылуды қамтамасыз етуге арналған цифрлық даму саласындағы мемлекеттік саясат және реттеу шараларын одан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныстар жасалды. ХЭО-ның жаһандық Connect2Recover бастамасы аясында зерттеу ұсыныстары COVID-19 пандемиясына қарсы жауап ретінде цифрлық инфрақұрылымды және цифрлық экожүйелерді нығайтуға бағытталған.

Наталья Мочу, ТМД елдеріне арналған ХЭО-ның өңірлік бөлімшесінің Өңірлік директоры: «Басқарушы комитеттің бірінші отырысынан бастап Үкіметке ақпараттандырылған, қалалық және ауыл аймақтары арасында цифрлық алшақтықты жою, статистикалық мәліметтерді жинақтауға және, жалпы алғанда, мектептерді интернетке қосу жөніндегі мақсатты көрсеткіштер белгіленген «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын сәтті жүзеге асыру мақсатында АКТ инфрақұрылымын одан әрі дамыту шешімі мәліметтеріне негізделген реттеушілік кедергілер мен әлеуетті өсім межесін анықтауға арналған ауқымды сараптамалық және зерттеу жұмыстары жүргізілді», - деп атап өтті.

ЮНИСЕФ-тің АХҚО-мен бірлесе отырып, мектептердің немесе ұйымдардың интернетке қосылуын бөліп тарату үшін ықтимал техникалық шешім туралы айтты.

Отырыстың нәтижесінде Комитет қосылмаған мектептерді анықтау, мектептерде интернетке қосылудың техникалық жүзеге асырылуын және мониторингілеуді зерттеуді; мектептерде тұрақты интернетке қосылуды қамтамасыз етуді (мақсатқа бағытталған көрсеткіштер кемінде 20 Мбит/с); мектептердің АКТ инфрақұрылымы стандарттарын әзірлеуді; мектептерде АКТ-құзыреттіліктері деңгейін арттыруды қоса алғанда GIGA-ның бастамасын одан әрі жүзеге асыру бойынша міндеттер қойды.

Отырысқа ЮНИСЕФ, ТМД өңірі бойынша ХЭО-ның өңірлік бөлімшесі, ЦДИАӨМ, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, АХҚО, Түркістан облысының әкімдігі, «Халықаралық «Astana Hub» IT-стартап технопаркі», Алматы Менеджмент Университеті ББ, ҚР ПМ «Ақпараттық-сараптама орталығы» АҚ, Терабит консалтинг компаниясы, Қырғызстанның интернет-қауымдастығы қатысты.

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

GIGA туралы

GIGA – әр баланың сапалы білім алуы мен мамандық таңдауы үшін ауқымды мүмкіндіктер спектрімен қамтамасыз ету үшін Қазақстан қосылған, әрбір мектептің кең жолақты интернетке қосылуын қамтамасыз ету жөніндегі ЮНИСЕФ пен ХЭО-ның жаһандық бастамасы. Бастаманың мақсаттарының бірі – жалпы бүкіл елді және жеке әрбір баланы цифрлық байланыспен қамтамасыз етуге қажетті инфрақұрылым жасау.

ХЭО туралы

Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭО) – АКТ саласында 193 Мүше-мемлекетпен және шамамен 900 компанияның, университеттердің, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдардың мүшелерімен бірге инновациялармен айналысатын Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) жөніндегі мамандандырылған мекемесі. Қосымша ақпарат алу үшін www.itu.int сілтемесіне өтіңіз

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.