ЮНИСЕФ және Түркістан облысы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

13 Наурыз 2019
ЮНИСЕФ и Туркестанская область заключили меморандум о сотрудничестве
UNICEF Kazakhstan, 2019

ТҮРКІСТАН, 13 наурыз – БҰҰ Балалар қорының Қазақстан Республикасындағы өкілі Юрий Оксамитный және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Қазақстан Республикасында балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың әл-ауқатын арттыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісімге сәйкес, ЮНИСЕФ пен Түркістан облысы балалар мен аналардың денсаулығын жақсарту, балаларға арналған инклюзивті және қауіпсіз ортаны құру, позитивті ата-аналық принциптерін қолдана отырып, отбасы институтын нығайту сияқты салаларда тығыз жұмыс істейтін болады.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ЮНИСЕФ-ті ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, көтеріліп жатқан мәселердің маңыздылығын айтып өтті. «Бала денсаулығы, білім беру, мемлекеттің адами капиталын қолдау, көп балалы отбасылардың әл-ауқаты – өте маңызды мәселелер», - деді Өмірзақ Шөкеев. Әкім, сонымен қатар, бірқатар бастамаларды қолдауға дайын екенін білдірді. Балалрға қатысты зорлық-зомбылықты алдын алу туралы тәжірибесімен бөлісуге ЮНИСЕФ сарапшыларын шақырды. 

БҰҰ Балалар қорының Қазақстан Республикасындағы өкілі Юрий Оксамитный аймақтың және елдің күрделі мәселерді шешуге және бірлескен шешімдерді табуға дайын екендігін құптады. 

«Меморандум ЮНИСЕФ-тің өңірмен ұзақ мерзімді ынтымақтастығына жаңа серпін береді. Бүгін біз балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу ресурстық орталығын ашамыз. Бұл біздің заманауи оқу орталығы, патронаждық медбикелердің әмбебап-прогрессивті моделі, жүкті әйелдер мен балалы отбасыларға көмек көрсетуді бақылау мен реттеу орталығы ретінде басқа аймақтарға үлгі бола алатын ортақ бастамамыз», - деп атап өтті Юрий Оксамитный.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ЮНИСЕФ-тің денсаулық сақтау, білім, балалардың дамуына арналған қауіпсіз ортаны құру туралы бастамаларын қолдайтынын атап өтті.  

ЮНИСЕФ қызметі Қазақстандағы әрбір баланың қамы мен құқықтарын қорғауға арналған нақты жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. ЮНИСЕФ серіктестерімен бірге 190-нан астам елдер мен аймақтарда жұмыс істейді. Ерекше күш-жігер ең осал балаларға қол ұшын беруге бағытталған.

 

 

Медиа байланыс

Зарина Нурмухамбетова

ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (112)

Әсел Садуова

Қоғаммен байланыс маманы

ЮНИСЕФ

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.