Психикалық денсаулық туралы әңгіменің басталуы: 11-13 жас

Физикалық өзгерістер, сыртқы келбет және достық қарым – қатынас – осындай қиын уақытта көп нәрсені бастан өткеруге тура келеді

UNICEF
UNICEF Kazakhstan
UNICEF Kazakhstan
28 Маусым 2022

Сіздің балаңыз жыныстық жетілу кезеңіне түскенде, ол өз сезімдерін жақсырақ білдіре бастайды және ненің жақсы, ненің жаман екенін түсіне бастайды.

Ол кіммен дос болуды, қандай спортпен шұғылдануды және қайда оқуды өзі таңдай алады. Осындай тәуелсіздіктің келуімен бала өзінің жеке басына, мүдделеріне және достарына көбірек назар аудара бастайды.

Ол сондай-ақ қыздарда етеккірдің басталуы және ұлдарда дауыстың өзгеруі сияқты көптеген физикалық өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңде кейбір балалар үрей немесе қорқыныш сезінуі мүмкін.

Өзгерістер уақыты

Жылдам физикалық өзгерістер, өзінің сыртқы келбеті мен достықтың маңыздылығы туралы алаңдаушылықпен бірге баланың психикалық және эмоционалды денсаулығына әсер етуі мүмкін. Мұндай уақытта бала қиындық көруі мүмкін, өйткені ол дамудың маңызды кезеңінен өтіп жатыр. Ол Сізбен сөйлесіп, өз үрейлері немесе мәселелері туралы айта алатынын білуінің маңызы өте зор.

Бұл жастағы балалар қабілетті:

● Көңіл-күйдің өзгеруін сезінуге - шарықтаудан құлауға дейін.

● Оған мектепте тым көп тапсырмалар берілетіндей сезіну.

● Тамақтануға қатысты алаңдау / осыған байланысты үрейлену.

● Қайғыға немесе үрейге салыну, бұл өзіне деген сенімсіздікке,  өзін-өзі бағалаудың төмендігіне және балаға байланысты басқа да мәселелерге әкелуі мүмкін.    .  

Әңгімелесуді қалай бастау керек 
  • Әңгімелесуді ешқандай қысымсыз немесе болжаусыз бастауға уақыт пен орын табыңыз.
  • Бірге уақыт өткізіңіз, мысалы, үй шаруасымен айналысу, тамақ дайындау немесе саяхаттау.
  • Әңгіменің шынайы түрде болуына мүмкіндік беріңіз – «тергеу» емес, әңгіме жүргізіңіз.
  • Баланың көңіл – күйіне мұқият мән беріңіз - егер ол жаман күн өткізсе немесе бос болмаса, басқа уақытты таңдаңыз.
Ашық, шынайы және тура сөйлесу 

Егер балаңыздың көңіл-күйінің немесе мінез-құлқының өзгеруін байқасаңыз, оны байқағаныңыз туралы ақырын айтып, ол туралы сөйлескісі келедіма, сұраңыз. Мысалы:

● Бала достарымен бұрынғыдай белсенді қарым – қатынас жасамайды - мүмкін олар ұрысып қалған шығар?

● Мектептегі бағалар төмендейді - мүмкін оған қандай да бір пән қиын шығар?

● Баланың көңіл-күйі нашар, ол жабыраңқы немесе сабырлы болып қалған - ол не туралы ойлайды?

Жасаңыз 

Тыңдаңыз: Ол айтып жатқан нәрсеге құлақ салуға тырысыңыз, өз ойларыңыз бен пікірлеріңіздің басқаруына жол бермеңіз. Балаңыздың пікірін құрметтеңіз және мадақтаңыз.

Растаңыз: Ойлары мен сезімдерін түсінетіндігіңізге баланы сендіріңіз, Сізбен сөйлескенде ашылуына көмектесіңіз және Сіз оның жанында екендігіңізге сендіріңіз. Оған сіз де осындай жаста болғаныңызды және сол сезімдерді бастан өткергеніңіз есіңізде екенін айта кетіңіз.

Шешімдер ұсыныңыз: Баладан бәлкім бірдеңені өзгерту қажет екендігі туралы ойланған кездері туралы сұраңыз – «Сенің ойыңша не істеген жөн?» Егер ол бұл сұраққа жауап бере алмаса, оны тыңдап, осыны бірге талқылауды ұсыныңыз. Өзін жақсырақ сезіну үшін не істеу керектігі туралы айтып, оны қолдаңыз.

Жасамаңыз
  • Балаға не істеу керектігін айту. Оның орнына, оған қалай көмектесе алатындығыңызды сұраңыз.
  • Оның сезімдерін елемеу немесе төмендету. Есіңізде болсын, баланың сезімдерге ашылуы қиын.
  • Дауласу. Өз ойларыңыз бен сезімдеріңізді қадағалаңыз, шиеленістерден сақтаныңыз. Кез-келген шиеленістерді немесе дауларды мүмкіндігінше тезірек шешуге тырысыңыз, егер бұл орын алса, кешірім сұрап, қайта бастаңыз.
  • Басқаларды кінәлау. Мысалы, «Бұл сенің мектебің кінәлі!» мәселенің объективті бар екендігін мойындайды, бірақ оны шешпейді.
  • Салыстыру. «Басқа балаларда мұндай мәселелер жоқ» деген сияқты сөздерден аулақ болыңыз.
Есіңізде болсын: шыдамдылық пен дәйектілік - сәттіліктің кілті болып табылады
  • Бұл жаста балаңыз сізге аз сүйіспеншілік танытуы мүмкін және кейде дөрекі немесе ашуланшақ болып көрінуі мүмкін.
  • Бала неғұрлым тәуелсіз болып, жағдайды бақылауға деген құлшынысты сезінген сайын, сіз оның қарсылығына тап бола беруіңіз мүмкін. Мұндай әңгімелер Сіздің балаңыз үшін жаңа және кейде ыңғайсыз болады.

Есіңізде болсын, бұл біраз уақытты алуы мүмкін, бірақ әрқашан балаға оны жақсы көретіндігіңізді және оның әл-ауқаты туралы ойлайтыныңызды ұғындырыңыз.