Жасөспірімге күйзелісті жеңуге қалай көмектесуге болады?
Қиын немесе басым сезімдерді жеңуде балаңыздың серіктесі болыңыз

Жасөспірім кезінде адам көптеген күшті эмоцияларды бастан кешіреді, кейде олармен күресу қиын болуы мүмкін. Біз сарапшы жасөспірім психологы, бестселлер авторы, New York Times газетінің тұрақты авторы және екі баланың анасы доктор Лиза Дамурдан ата-аналар балаларға қиын немесе күшті сезімдермен күресуге қалай көмектесе алатыны туралы сұхбат алдық.
Ескертпе: Бұл жалпы нұсқаулық ата-аналардың көпшілігіне осындай қиын жағдайлардан шығуға көмектеседі, бірақ кейбір ашу қысу сәттері немесе эмоционалды күйзелістер сөйлеу дағдысы дамуының кешігуі, есту немесе көру қиындықтары немесе мінез-құлық мәселелері сияқты балалар немесе жасөспірім маманының көбірек шоғырландырылған көмегін қажет ететін даму ақауларымен байланысты болуы мүмкін. Балаңыздың күшті эмоциялары тереңірек мәселенің белгісі болуы мүмкін деп алаңдасаңыз, маманға хабарласыңыз.
Күйзеліс деген не?
Күйзеліс кіші балаларда да, жасы үлкенірек балаларда да болуы мүмкін. Бұл кезде бала толығымен эмоцияға батып, қатты күйзеледі. Бұл эмоцияларға қорқыныш, ашу, көңілсіздік немесе басқалар жатуы мүмкін.
Үлкен жастағы балалардағы күйзеліс қалай өтеді?
Сезімдерін сипаттай алатын балалардың бойын эмоция билесе, олар жылап, ентігу немесе ашулануы мүмкін. Жасы үлкен балалар көпшілік алдында күйзеліске ұшырағандарын білдірмейді, өйткені олар өздері бұл сезімнен ұялады. Күйзеліске үйде ұшырау әлдеқайда жиі кездеседі. Мысалы, жасөспірім күні бойы мектепте өзін ұстауы мүмкін, содан кейін үйге оралып, эмоциолардың сыртқа шығуына жол береді.
Жасөспірім күшті эмоциаларды сезінгенде не істеу керек?
Доктор Дамур ата-аналарға жасөспірімдерге күйзелісті жеңуге көмектесу үшін тоғыз практикалық қадамды ұсынады. Олардың көмектесетініне көз жеткізу үшін әр қадам арасында үзіліс жасаңыз. Көмегі тимесе, келесі қадамға өтіңіз.
1. Сөзін бөлмей тыңдаңыз
Жасы үлкен балалар ойдағыдай орын алмаған нәрсеге қатты ренжіген кезде күшті эмоцияларға тап болуы мүмкін. Бұл уақытта ең бастысы - бәрін айтуға мүмкіндік беру. Көбінесе жақсы ниетті ересек адамдар эмоцияны білдірудің өзі жеңілдік көзі екенін ұмытып, араласады немесе ұсыныстарын білдіре бастайды.
2. Шынайы жанашырлық танытыңыз
Көп жағдайда эмоцияларды ауызша білдіру жасөспірімге қажет жеңілдік сыйлайды. Мұқият тыңдау және жай ғана жанашырлық таныту арқылы біз жасөспірімдерге одан да көп қолдау көрсете аламыз. Ересектердің «недеген сұмдық» немесе «бұлай болғаны үшін өте өкінішті» сияқты сөздерді пайдалануына болады.
3. Күйзелістің бар екенін мойындаңыз
Күйзелістің болуын мойындау, әсіресе жасөспірімдер үшін өте тиімді. Эмоцияларының күштілігінің әсерінен жасөспірімдер кейде мұндай сезімдердің болуы дұрыс емес деп алаңдайды. Жасөспірім бір жағынан қатты ренжігенімен, екінші жағынан жасөспірімдік эмоциялар қаншалықты күшті болуы мүмкін деп қорқады.
Ересектердің «Сенің сезімдерің мағыналы, мен сенің неге бұлай әрекет етіп жатқаныңды түсінемін» деп айтуы жасөспірімдер үшін үлкен жұбаныш. Оның орнына үлкендер «Неге сонша ренжідің? Сенен әлдеқайда көп зардап шегіп жүрген адамдар бар ғой!» деп айтса, жасөспірімдер қорқынышпен қатар кінәні сезіне бастайды. Басқаша айтқанда, жасөспірімнің көзқарасын өзгертуге тырысу әрқашан ата-аналар күткендей көмектеспейді.
4. Күйзеліспен күресуге қолдау көрсету
Көп жағдайда бұл алғашқы үш қадам балаңызға көмектесу үшін жеткілікті. Бірақ бұл жеткілікті жеңілдік әкелмесе, біз жасөспірімдерге өз сезімдерін білдіруге көмектесуден, олардың эмоцияларын қайтадан бақылауға алуға көмектесуге көше аламыз. Бұған қол жеткізудің бір жолы - жасөспірімдерге өздерін жұбатуға көмектесу. Жасөспіріммен өздерін жақсы сезіну үшін жасай алатын терең, баяу тыныс алу жаттығуларына назар аудару сияқты пайдалы әрекеттер туралы сөйлесіңіз.
Ішпен тыныс алу сабырға келуге және оттегін өкпеге терең сіңіруге көмектеседі. Қарапайым үш қадамдық үдеріс төменде көрсетілген:
● Қолыңызды ішіңізге қойыңыз
● 5 рет терең тыныс алыңыз, мұрныңызбен 5 секунд дем алып, ауыз арқылы 5 секунд дем шығарыңыз
● Балаңыз дем алған кезде оның іші шар тәрізді ақырын үрленетінін, ал дем шығарған кезде ауа қайтадан шардан баяу шығатынын түсіндіріңіз.
5. Айнымас сенім білдіріңіз
«Сен қазір қиналып отырсың, бірақ бұл сезім ұзаққа созылмайды» немесе «Сенің қолыңнан келетіні және біздің мәчелемен бөлісіп, бірге талқылай алатынымыз маған қатты әсер етті» сияқты сөздерді қолданып, қолдау көрсетуге тырысыңыз.
6. Мәселені шешуге көмек ұсыныңыз
Егер сіз тыңдап, мәселені мойындап, жұбаныш ұсынсаңыз, бірақ сіздің жасөспірім әлі де күйзелісте болса, келесі қадам: «Бұл мәселені шешуге көмек керек пе?» деген сұрақты қою болуы мүмкін. Тек кеңес берудің орнына қолдау көрсетуге рұқсат сұрау жасөспіріммен әңгімені жалғастыруға көмектеседі. Кейде жасөспірімдер «Жоқ, мен жай ғана бөліскім келеді» дейді, мұндай жағдайда сөзін мұқият тыңдау оларға қажетінше қолдау көрсететініне сенімді бола аласыз. Ал олардың «иә» деуі біздің ақылымызды қабылдай алады дегенді білдіреді.
7. Мәселені екі бөлікке бөліңіз
Егер сіздің балаңыз мәселелерді шешу бойынша көмегіңізді қабылдаса, «өзгертуге болатын» және «өзгертуге болмайтын» деп мәселелерді екі санатқа бөлу пайдалы болуы мүмкін.
8. Өзгертуге болатын мәселелер санаты үшін ықтимал шешімдерді талқылаңыз
Оларға маңызды өзгерістер енгізуге болатын мәселелердің шешімін табуға назар аударуға көмектесіңіз.
9. Өзгерту мүмкін емес мәселені қабылдауға көмек көрсетіңіз
Жасөспірімді оңай емес мәселелерді қабылдауға бар күш-жігерін салуға шақырыңыз. Жастарды мәселені
қабылдауға көмектесудің бір жолы - олардың қаншалықты күш-жігері бар екендігі туралы айту. Сіз оларға «Сенің күш-жігерің шексіз емес, сондықтан оны біз шынымен шеше алатын мәселелерге сақта. Оны дәл қазір басқара алмайтын мәселелерге жұмсама» деп айта аласыз. Үйіңізде жасөспірім бар ма? Доктор Лиза Дамурдың қосымша кеңестерін оқыңыз.