21 Шілде 2020

ЮНИСЕФ-тің бала тәрбиесі жайлы ата-аналарға арналған мастер-классы

ЮНИСЕФ-тің бала тәрбиесі жайлы шағын мастер-классы, Төменде біз осы бейнедегі дауыстардың мәтіндерін (транскрипттерін) ұсынамыз: ПИА: Сәлеметсіздер ме, мен ЮНИСЕФ-тің докторы Пиа Ребелло Бриттомын, біз балаларды дамытуға көмектесеміз. ГРОВЕР: Ал бұл мен, сенің сүйкімді де, мейірімді досың Гровер! ПИА: Баланың ақылды, мықты және мейрімді болып өсуі үшін не істеу керек екендігі жайлы түсіндіруіме…, Өмірдегі ең маңызды кезең – бұл сен сәби болған алғашқы бірнеше жыл. Міне осы  кезде ми өте жылдам, өмірдің басқа кезеңдеріне қарағанда әлдеқайда жылдамырақ өседі. Ми әрбір секунд сайын дерлік мыңдаған байланысты орнатады! Кейбіреулер тіпті мидың 80%-дан астамы баланың үш жасқа келуіне қарай қалыптасады деп есептейді.,   ГРОВЕР: Тұра-тұрыңызшы. Сіз менің кішкентай мамық құбыжық миым осының барлығын атқарды демекшісіз бе? Мен үшке толғанға дейін-ақ? Мен өзім ойлағаннан да ақылды екенмін, ха-ха! ПИА: Әрине! Бірақ ми мұны қауіпсіз жағдайда болғаннда, толыққанды тамақтанғанда, ойнауға арналған уақыт пен мол сүйіспеншілік алғанда ғана атқара алады... "Тамақтан, ойна…