2020-2021 жылдары Қазақстанда вакциналау туралы жалған ақпараттың тарауы

қысқаша нұсқасы

Қысқаша ақпарат

Пандемия тақырыбы кибералаяқтар мен жалған ақпарат тарату арқылы ақша табатын немесе өз пайдасы үшін бір ақпаратты бұрмалап беріп, елді адастыратын жандар үшін қоғамға әсер ету және жалпы әлем бойынша саяси мақсатқа қол жеткізу жолында таптырмас құрал болды. COVID-19-дың емі жайлы түрлі ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді толтырды. Бұрындары тек ғылыми ортада пайдаланылатын медициналық препринттер базасы (әлі ғылыми консенсус емес және дәлел бола алмайтын, рецензиядан өтпеген зерттеулер) пандемия кезінде «айғайға аттан қосатын» тақырыптар мен материал жазу үшін таптырмас дереккөзге айналды. Соның кесірінен әлемдегі миллиондаған жанның басы қатты.

Вакциналау туралы жалған ақпаратқа қарсы тұру бойынша жарияланған шараларға қарамастан, техногиганттар желінің ағылшынтілді сегментінен тыс вакциналауға қарсы үгіт-насихатты болдырмауға жеткілікті күш жұмсамай жатқанын зерттеу көрсетті. Көптеген жалған ақпарат Instagram мен Facebook желілерінің алгоритмдері мен модераторларының назарынан тыс қалып жатты. Telegram мессенджеріндегі вакцина туралы жалған ақпаратқа қарсы мүлдем дәйек келтірілмеген.

Толығырақ берілген есептен оқыңыз. 

Автор
Әділ Джалилов, Павел Банников, Думан Смақов, Маргарита Бочарова, Жұлдыз Әбділда, Медет Есимханов, Жансерік Тілеухан
Жариялау Күні
Тілдер
Орыс, Ағылшын , Қазақша