Еуропа мен Орталық Азияда қызылша ауруының саны өткен жылмен салыстырғанда биыл 3000 пайызға өсті

ЮНИСЕФ қызылша ауруының көбеюі аймақтағы балаларды иммундаумен қамтудың төмендеуімен байланысты екеніне назар аударады

21 Желтоқсан 2023
Kazakhstan Measles vaccination
UNICEFKazakhstan/2014

ЖЕНЕВА, 14 желтоқсан 2023 жыл. ЮНИСЕФ-тің хабарлауы бойынша, 2023 жылдың қаңтар айының басынан бастап сол жылдың 5 желтоқсанына дейін Еуропа мен Орталық Азия елдерінде қызылша ауруының 30 601 расталған жағдайы тіркелді, бұл 2022 жылғы 909 жағдаймен салыстырғанда, вакцинация арқылы алдын алуға болатын осы аурудың 3266 пайызға өскенін көрсетеді.

Деректер сондай-ақ соңғы кездері жағдайдың нашарлау үрдісін көрсетеді: 2023 жылдың қазан-қараша айлары аралығында Еуропа мен Орталық Азияда қызылша ауруының саны екі есеге жуық өскен. Иммунитеттің төмендеуіне байланысты бұл аймақта аурудың өсуі жалғасады деп күтілуде.

«Қызылша ауруының көбеюінен гөрі халықтың иммундаумен қамтылуының төмендеуінің айқын белгісі жоқ. Мұндай күрт өсу балаларды осы қауіпті және ықтимал өлімге әкелетін аурудан қорғау үшін мұқият назар аударуды және қоғамдық денсаулық сақтау шараларын шұғыл қабылдауды талап етеді», – ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша аймақтық директоры Регина Де Доминичис осылайша көрсеткен.

Қызылша балалардың денсаулығына зиянды әсер етеді, кейде өлімге әкеледі. Бұл балалардың иммундық жүйесінің ұзақ мерзімді әлсіреуіне әкеледі, бұл оларды басқа жұқпалы ауруларға, соның ішінде пневмонияға осал болып келеді. 

Ең соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда қызылша ауруының ең жоғары деңгейі тіркелген: 100 000 тұрғынға шаққанда 69 жағдай немесе барлығы 13 254 жағдай. Қызылша ауруы бойынша екінші орында Қырғызстан тұр: 100 000 тұрғынға шаққанда 58 жағдай немесе барлығы 3 811 жағдай. Өткен аптада Ұлттық қызылша өршуін жариялаған Румынияда 100 000 тұрғынға шаққанда 9,6 жағдай немесе барлығы 1855 жағдай тіркелген. 2023 жылдың қазан-қараша айлары аралығында Еуропа мен Орталық Азиядағы жағдайлардың саны екі есеге жуық өсті. Иммунитеттің төмендеуіне байланысты бұл аймақтағы жағдайлардың саны өсе береді деп күтілуде.

Қызылша ауруының көбеюі аймақтағы иммундаумен қамтудың төмендеуімен түсіндіріледі. Бұған ықпал ететін факторлардың қатарына ішінара COVID-19 пандемиясы кезінде және одан кейін күшейген жалған ақпарат пен сенімсіздіктен туындаған вакциналарға сұраныстың төмендеуі, медициналық қызметтердің дұрыс жұмыс істемеуі және алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйелерінің әлсіздігі жатады.

Соңғы бағалауларға сәйкес, 2019-2021 жылдар аралығында Еуропа мен Орталық Азияда жоспарлы вакцинацияны 931 000 бала толығымен немесе ішінара өткізіп алған. Еуропа мен Орталық Азияда қызылшаға қарсы вакцинаның бірінші дозасымен қамту деңгейі 2019 жылғы 96 пайыздан 2022 жылы 93 пайызға дейін төмендеді. Бұл балалар вакциналар жоспарлы түрде енгізілген жасынан өтіп кеткендіктен, олардың вакцинация шеңберінде қуып жетуін қамтамасыз ету үшін мақсатты күш қажет.

 

Барлық балаларды қамтуды қамтамасыз ету мақсатында ЮНИСЕФ өңір елдерін шақырады:

 

  • Әрбір баланы, әсіресе вакцинацияны өткізіп алғандарды шұғыл түрде анықтау және қамту.
  • Вакциналарға сұраныстың артуын, оның ішінде сенімді нығайту арқылы қамтамасыз ету.
  • Вакцинация және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша қызметтерге басым тәртіппен қаражат бөлу.
  • Денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстарға, инновацияларға және жергілікті өндіріске инвестициялар арқылы тұрақты Денсаулық сақтау жүйелерін құру.

ЮНИСЕФ үкіметтермен, вакциналар Альянсымен, ДДҰ-мен және басқа серіктестермен нақты деректерді жинау, вакцина алмаған балаларды және өткізіп алған қауымдастықтарды анықтау, сұраныс пен ұсыныс перспективаларынан ауытқудың негізгі себептерін түсіну және контекстке байланысты себептер мен қауіп факторларын бағалау мақсатында ынтымақтасады. ЮНИСЕФ бұл деректерді Еуропа және Орталық Азия елдерінің үкіметтеріне әрбір балаға вакцинация жүргізуде қолдау көрсетуге арналған стратегияларды әзірлеу және іске асыру үшін пайдаланады.

Медиа байланыс

Джорджина Дайалло
Коммуникациялар менеджері
ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша бөлімшесі
Тел: +41 76 320 68 14

Редакторларға арналған ескерту:

Деректермен мына мекен-жай бойынша танысуға болады: https://www.who.int/teams/immunization-vaccines-and-biologicals/immunization-analysis-and-insights/surveillance/monitoring/provisional-monthly-measles-and-rubella-data

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.