Қазақстандағы балаларды желідегі зорлық-зомбылық, қатыгездік пен қанаудан қорғау.

Акелиус
UNICEF/Kazakhstan/2022/RuslanKarsamov

About

Safe Online қоры қаржыландыратын «Қазақстандағы балаларды желідегі зорлық-зомбылық, қатыгездік пен қанаудан қорғау» бағдарламасы балаларды цифрлық ортада қорғаудың сенімді тетіктерін құруға бағытталған.

2024 жылғы маусымнан 2026 жылғы мамырға дейін бағдарлама ұлттық жүйелерді нығайтуға және мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының, қоғамдық ұйымдардың және басқа да негізгі мүдделі тараптардың әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Негізгі мақсат – балаларға қатысты онлайн жыныстық қанау мен зорлық-зомбылықтың (БҚОЖҚЗ) алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ қатар жүретін цифрлық қауіп-қатерлерді азайту.

Бастама Қазақстанда интернетті балалар үшін қауіпсіз кеңістікке айналдыру мақсатында тиімді қорғаныс шараларын дамытуға, заңнамалық тетіктерді күшейтуге және цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған.