Қазақстандық қыздар ЗТГС жайлы ойды өзгерту бойынша жұмыс жүргізуде

Екі мектеп түлегі нейроалуандылық туралы хабардарлықты қалай арттырып жатыр

Дария Негматова
Dayana and Gaukhar working on their project on ADHD
UNICEF/Kazakhstan/2024/ZhanaidarMapan
23 Қыркүйек 2024

Балалық шағында қиындықтарға тап болған Даяна Жұмабаеваға ЗТГС диагнозы тек 17 жасында ғана қойылған.

«Мен екі мемлекеттік ауруханаға және бір психиатриялық клиникаға жүгіндім, көңілім қалды. Психиатрлар не ЗТГС не екенін білмеді, не ЗТГС тек жеті жасар балаларда ғана болады деп қасарысты — мұндай пікірдің көп жылдар бұрын жалған екені анықталып қойған болатын», —дейді былтыр мектеп бітірген Даяна.

Dayana, 20 y.o
UNICEF/Kazakhstan/2024/ZhanaidarMapan

Енді ол бірде-бір бала мұндай жағдайға тап болмайтынына және қажетті қолдауды әлдеқайда ертерек ала алатынына көз жеткізгісі келеді. Жоғары сынып оқушысы Гаухар Абуалиевамен бірге Даяна Орталық Азияда осы мәселеге қатысты хабардарлықты арттыруға, ЗТГС және психикалық ауруларға шалдыққан адамдарға қолдау көрсетуге тырысады.

Gaukhar 17 yo
UNICEF/Kazakhstan/2024/ZhanaidarMapan

Осы жылдың басында астаналық екі қыз «Hi, ADHD» жобасын бастады, аталмыш жоба — жастар бастамасы, оның аясында ЗТГС және психикалық денсаулық туралы материалдар ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне аударылады, сонымен қатар әлеуметтік желілерде түрлі ақпарат жарияланады және лекциялар өткізіледі. Олар қазірдің өзінде Астана мен Бурабайда 255 адамға арналған лекция өткізіп, мектеп оқушыларынан бастап ересектерге дейін әртүрлі аудиторияны қамтып үлгерді. Олардың презентацияларының тақырыптары — ЗТГС симптомдарының әртүрлілігі, жалған деректер, лайфхактар, стигма, осы синдромның бетперде жамылып, бүркемеленуі, оны анықтаудың қиындықтары.

Зейін тапшылығы және гипербелсенділік синдромы (ЗТГС) — дүние жүзіндегі балалардың шамамен 5-8% душар болатын кең таралған неврологиялық ауру. ЗТГС — нейроалуандылықтыңбір түрі, ол ойлауда, оқуда және мінез-құлықта түрлі айырмашылықтарға әкелетін мидың жұмыс істеуіндегі табиғи өзгерістерді білдіреді. Нейроалуандылық спектрі ЗТГС қана емес, сонымен қатар аутизм және дислексия сияқты күйлерді де қамтиды.

ADHD brochure
UNICEF/Kazakhstan/2024/ZhanaidarMapan

ЗТГС туралы хабардарлық артып келе жатқанымен, көптеген балаларға диагноз кеш, кейде тіпті есейген кезде қойылады. Тиісті ем жүргізбесе, ЗТГС адамның өзін-өзі төмен бағалауына және өзін-өзі шектен тыс сынауына әкелуі мүмкін. Бұл өз кезегінде мектептегі және жұмыстағы үлгерімге, қарым-қатынастарға және күнделікті өмірге кері әсер етуі мүмкін. Диагноз қойылмаса, өзгежағымсыз салдардың қаупі артуы мүмкін. Мысалы, ЗТГС болса, депрессия қаупі артады, бірақ ЗТГС емдейтін дәрі-дәрмек қабылдау мұндай қауіпті азайтады.

Гаухар үшін ЗТГС белгілері оқуға зейін қоя алмау түрінде көрініс берген. «Мен сабақ оқуға 7-8 сағат жұмсап жүргенде неге ЗТГС жоқ достарым сабаққа оңай зейін қойып, жақсы баға ала алады деген сұрақ жиі мазалайтын»,  дейді ол. «Менің сыныбыма жаңадан келген мұғалімдер неге мен басқа оқушылар сияқты сабаққа зейін қоя алмайтыныма, көп жұмыс істеуге уәде бергеніме қарамастан, неге үнемі ойға шомып кеткендей көрінетініме таң қалатын».

Нейроалуандылығы және психикалық аурулары бар адамдардың құқықтарын қорғаумен қатар «Hi ADHD» жобасы азап шегіп жүргендерге жақсырақ қолдау көрсету үшін білім және медицинасекторларын реформалауға көмектесуді мақсат етеді. Қазіргі уақытта ұйым ЗТГС бар ересектерге арналған диагностикалық сұхбатты (DIVA) Қазақстанда қолдану үшін аударып, бейімдеп жатыржәне болашақта тегін терапия және дәрі-дәрмекпен көмек көрсету үшін қаражат жинауды жоспарлап отыр.

Dayana and Gaukhar
UNICEF/Kazakhstan/2024/ZhanaidaarMapan

Даяна мен Гаухар сондай-ақ халықаралық мамандармен байланыс орнатуға ынталы, сондықтан ЮНИСЕФ ұйымдастырған Астанадағы (Қазақстан) балалар мен жасөспірімдердің психиатриялық көмекке қолжетімділігін және әл-ауқатын жақсартуға арналған қосалқы аймақтық конференцияда тәжірибелерімен бөліседі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен және Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылған конференция 2024 жылдың 16-17 қыркүйегінде өтеді.

«Осы конференцияға қатысу біз үшін үлкен мәртебе, ол бізге түрлі елдердің мамандарымен және пікірлес адамдармен байланыс орнатуды көздейтін мақсатымызға жетуге көмектеседі»,  дейді Гаухар.