Орталық Азия елдері тамырын тереңге жайған стигмамен күресу арқылы психикалық денсаулыққа қатысты жағымды тілді қолдануды жақтайды
Орталық Азия және Беларусь елдерінің өкілдері осы аптада Қазақстанда бас қосып, балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулықты қорғау және психоәлеуметтік қолдау көрсету қызметтеріне қолжетімділігін кеңейту жөніндегі міндеттемелерін растайтын болады.
АСТАНА, 16 қыркүйек 2024 жыл – Бүгін Орталық Азия және Беларусь елдерінің өкілдері Астана қаласында (Қазақстан) жиналып, психикалық денсаулыққа қатысты жағымды тілді ілгерібастыру жөніндегі жұмыстарымен таныстырады және қоғамда терең тамыр жайған психикалық денсаулық саласындағы стигмамен күресу міндеттемелерін растайды.
Қазақстанның денсаулық сақтау және оқу-ағарту министрліктері мен ЮНИСЕФ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) серіктестікте ұйымдастырған екі күндік конференция министрлерді, психикалық денсаулық саласындағы мамандарды, педагогтарды және жастарды үздік тәжірибелермен алмасу және балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулық және психологиялық қолдау қызметтеріне қолжетімділігін жақсарту үшін біріктіреді.
Бағалауларға сүйенсек, дүние жүзінде әрбір 7 бала мен жасөспірімнің біреуі психикалық ауруға шалдыққан. Еуропа мен Орталық Азияда суицид 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы өлім-жітімнің төртінші негізгі себебі болып табылады. Зерттеулер көрсеткендей, стигма — әсіресе, психикалық денсаулық сөз болғанда қолданылатын тіл — балалар мен жасөспірімдерге қажетті көмекке жүгінуге тосқауыл болатын елеулі кедергі.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Беларусь бірқатар науқандар арқылы психикалық денсаулыққа қатысты кемсітетін және қорлайтын терминологияны жою және жағымды тілді балалар қолдау іздегенде жүгінетін жүйелерге енгізу үшін жұмыс жасап жатыр.
«Жағымды тілді алға бастыру және стигманы азайту арқылы біз балалар мен жасөспірімдер көмекке жүгінгенде өздерін қауіпсіз сезінетін едәуір қолайлы және инклюзивті орта жасай аламыз», — деді д-р Рашед Мустафа Сарвар, Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілі.
«Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулық пен аман-саулықты нығайту, алдын алу және емдеу қызметтеріне қолжетімділігін жақсарту» конференциясы барысында қатысушылар өзара келісілген әрекеттер мен саясаттар арқылы психикалық денсаулық пен аман-саулықты қолдауға ұжымдық міндеттемесін білдіретін декларацияны мақұлдады.
Медиа байланыс
ЮНИСЕФ туралы
ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады.
ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org.
Біздің Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.