Эко-ұрпақ планетамызды құтқаруда

Степногорск пен Екібастұздың оқушылары балаларға экологиялық мәдениетті және қоқысты дұрыс сұрыптауды қалай үйретуде

ЮНИСЕФ Қазақстан
UNICEFKazakhstan/2021/MaratAmir
UNICEFKazakhstan/2021/MaratAmir
16 Қараша 2021

Қоқысты сұрыптау – бұл біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемдегі жаһандық мәселелердің бірі. Samgau Upshift менторлық бағдарламасының қатысушылары – «Сұрыптаушылар» командасының қыздары Гридасова Арина мен Ермекова Айсұлу осылай деп есептейді.

Samgau Upshift – жасөспірімдер мен жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік дағдыларын нығайту бойынша менторлық бағдарлама. 2020 жылдың желтоқсанында іске қосылған жобаны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен «Жастар қызметкерлері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен бірге іске асырылуда. ЮНИСЕФ Инновациялық зертханасының флагмандық бастамасы болып табылатын UPSHIFT әдіснамасын пайдалана отырып, бағдарлама жасөспірімдер мен жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік және инновациялар дағдыларды нығайтуға бағытталған. Samgau Upshift Қазақстанның түрлі қалалары мен ауылдарынан жасөспірімдерді біріктірді және оларды өз өңірлеріндегі жеке әлеуметтік жобаларға шабыттандырды.

Қоқысты сұрыптау және одан әрі өңдеу мәселесі туралы 12 жасар Арина бірнеше жыл бұрын ойлана бастады. 

"Мені мектептегі жаратылыстану сабақтарының бірінен кейін Екібастұз қаламыздың, еліміздің және әлемдегі экология мәселелері қызықтырды. Күн сайын планетадағы әрбір адам қоқыс тауларын "шығарады". Бұл қоқыс қайда кетеді? Ол қоқыс қайда және қалай сақталады? Біз пәтерден қоқыс шығардық, және пәтер таза болып қалды. Қоқыс пәтерден шыққаннан кейін онымен не болады?", - дейді Арина.

UNICEFKazakhstan/2021/MaratAmir
UNICEFKazakhstan/2021/MaratAmir
Степногорск қаласынан Арина Samgau Upshift бағдарламасы аясында жасалған экологиялық жобада пайдаланылатын карталарды көрсетіп отыр

Samgau Upshift бағдарламасына қатысу үшін қыздар әртүрлі мәселелерді және олардың мүмкін болатын шешімдерін қарастырды. Бірақ талқылаудан кейін олар бірауыздан қоқысты сұрыптау тақырыбы барынша өзекті екендігін түсінді. 

"Жобаны жүзеге асыру барысында біз бірлесіп "Сұрыптаушылар" деп атаған командада жұмыс істедік", - дейді Арина. "Жобаның мақсаты - сұрыптаудың маңыздылығын көрсету, оның не екенін түсіндіру, балабақша тәрбиеленушілеріне қоқысты сұрыптау мәдениетін сіңіру". 

Команда құрамына 4 адам кірді: Степногорск қаласынан Арина, Екібастұздан Айсұлу, Алматыдан Диас және Дарья.

UNICEFKazakhstan/2021/MaratAmir
UNICEFKazakhstan/2021/MaratAmir
Арина Ақмола облысы Степногорск қаласының №4 балабақшасынан 20 балаға тренинг өткізу үшін фигураларды қырқып отыр

Айсұлу: "Команданың әрбір мүшесі жобаның дамуына өз үлесін қосты.”

"ЮНИСЕФ бағдарламасы балаларға жаңа дағдылар мен тәжірибе алуға ғана емес, сондай-ақ бүкіл Қазақстан бойынша ұқсас мәселелер толғандыратын және олармен мәселені анықтай алатын, үздік шешім таба алатын және оны іске асыра алатын пікірлестерді табуға мүмкіндік береді", - деді ЮНИСЕФ-тің жастар мәселелері жөніндегі үйлестірушісі Айгүл Кадирова.

"Әрине, біз мәселені шешпейміз. Бірақ бізде ересектер мен құрдастарымыздың назарын тұрмыстық қоқыспен ластану мәселесіне аударуға, қалдықтарды қайта өңдеу бойынша мәселелерді шешу мүмкін және өте маңызды деп ойлауға, қазіргі қоғамда экологиялық мәдениетті тәрбиелеудің маңызы зор. Мұндай мүмкіндікті жіберуге болмайды. Осылайша тақырып таңдалды", - дейді Арина мен Айсұлу.

Алдымен команда мүшелері үйдегі қоқысты өз бетінше сұрыптай бастады. 

"Мен пәтерімдегі қоқысты сұрыптауға тырысқанымда, анамның неге мені қолдамайтынын түсінбедім. Бірақ мынандай тәжірибе жүргіздім: қағаз бөлек, өнім қалдықтары бөлек, пластик және шыны бөлек. Мен барлығын пакеттерге сұрыптадым. Мен қоқыс контейнеріне келіп, анамды түсіндім. Менің жеке сұрыптауымнан ешқандай пайда жоқ екен, барлық қоқыс бір контейнерге кетті", - дейді Арина. 

Арина Степногорскте тұрады және қалада пластикалық бөтелкелерді жинап, содан кейін ғана оларды қайталама шикізатты қабылдау пункттеріне тапсыруға болады. Әр шағын ауданда олар үшін арнайы контейнерлер бар. Сондай-ақ макулатураны жинап, батарейкаларды жеке қабылдау пункттеріне тапсыруға болады.

Аринаның үйінде отбасы мүшелері бөтелкелерді жинайтын арнайы пакет бар, қағазға арналған басқа қорап бар. Отбасы жылына бір рет макулатура тапсырады, өйткені әр оқу жылының соңында қайта өңдеуге болатын көптеген қағаздар жиналады.  

Айсұлу ұзақ уақыттан бері үйде қоқыстың негізгі түрлерін сұрыптап келеді.

"Сұрыптауды қоқыстың үш түрінен бастауға болады. Мысалы: органикалық, қағаз және пластик. Елімізде экологияны жақсарту және ауаны жақсарту үшін пластик пакеттердің орнына экосумкаларды пайдалану керек", - дейді команданың 13 жастағы қатысушысы Айсұлу.

UNICEFKazakhstan/2021/MaratAmir
UNICEFKazakhstan/2021/MaratAmir
Айсулу Екібастұз қ. №24 мектеп-гимназиясының 3-ші сынып оқушысы кіші сіңлісі Инайяға қоқысты қалай сұрыптау керектігін көрсетіп отыр

Сұрыптаушылар командасының балалары Қазақстанның түрлі қалаларында тұрып, бірлескен жұмысты онлайн қалай ұйымдастыра алғандарын айтады. 

"Біз Samgau Upshift Буткамп арқылы таныстық. Бір ай бойы біз жобаның бірінші кезеңіне қатыстық. Біз әртүрлі қалалардан болғандықтан, Zoom арқылы көрістік, WhatsApp арқылы жазыстық. Екінші кезеңге өткеннен кейін біз жобаны іске асыруды шештік", - дейді Айсұлу. "Маусым айында мен Алматы қаласында демалыста болдым. Онда біз алғаш рет Дашамен, Диаспен және ментормен кездестік. Біздің прототиптеріміз - балаларға қоқысты сұрыптау бойынша оқыту ойындарын пысықтадық және екі балабақшада мастер-класс өткіздік. Ал Арина дәл осы уақытта Степногорск қаласында мастер-класстар өткізген еді.”

Жоба бойынша қашықтан жұмыс істегендеріне қарамастан, қатысушылар жетістікке жетті. 

Қыздардың айтуынша, командалық жұмыс оларға әрбір қатысушының пікірін тыңдауға, сондай-ақ кейде қателік жібере алатыныңды түсінуге және қабылдауға үйретті. Ең бастысы - оларды түзету және қойылған мақсаттан ауытқымау.

Айсулу из Экибастуза показывает получившиеся прототипы для обучения школьников сортировке мусора
UNICEFKazakhstan/2021/MaratAmir
Екібастұздан келген Айсұлу оқушыларды қоқысты сұрыптауға үйрету үшін алынған прототиптерді көрсетуде

Арина мен Айсұлу бұл тәсілді Samgau Upshift бағдарламасында өз жобасын қорғау кезінде қолданған. Samgau Upshift грантын алу үшін "Сорттаушылар" командасы алғашқы қорғаудан өткен жоқ. Бастапқыда қыздар адамдарды қоқысты сұрыптауға үйретіп қана қоймай, сұрыптауға арналған контейнерлер жасауды жоспарлады.

"Қоқыс жәшіктерін жасау біз үшін өте қиын, тіпті мүмкін емес екенін түсіндік. Сондықтан біз балаларды оқыту үшін қоқысты сұрыптау бойынша оқыту ойындарын құруды ұйғардық", - дейді Айсұлу.

"Samgau Upshift бағдарламасының судьялары бізге жобаны аяқтауға уақыт берді. Басында көңіліміз қалды және екінші мүмкіндікті пайдалануға болатынына сенбедік. Бірақ менторымыз Айсәуле Күнтуғанқызы бізді шабыттандырды және біз жобаны қорғадық! Әрқашан бірге жұмыс істеу маңызды! Бір-біріңді қолдау және табысқа сену маңызды!",- дейді Арина.

Арина мен Айсұлудың айтуынша, Samgau Upshift арқасында олар алыс және жақын мақсаттарды жоспарлауды, оларды іске асыру жоспарын құруды, сонымен қатар уақытты басқаруды үйренді. Ал бағдарлама менторлары оларға командада жұмыс істеуге және міндеттерді бөлуді үйретті.

"Қоқысты сұрыптауға назар аудару идеясының пайда болуына Samgau Upshift бізге көмектесті. Және біз команда балаларымен қоқысты қайта өңдеу мәселесін егжей-тегжейлі зерттей бастағанға дейін, мен пайдаланылған өнімдерден қанша нәрсе алуға болатынын білмедім: мата, жазуға арналған қаламдар, тіпті жолдар пластиктен жасалады", - дейді Арина.

Нақты жоспар жасалып, оны комиссия алдында қорғағаннан кейін "Сұрыптаушылар" командасына олардың жобасын іске асыруға қаржы бөлінді. 

"Бұл өте жақсы болды. Бұл біздің дұрыс жолды таңдағанымыздың және осы жолмен әрі қарай жүруіміздің дәлелі болды", - дейді Арина.

Айсұлу жоба оны қоқысты қайта өңдеудің жаһандық проблемасына бей-жай қарамайтын адамдармен таныстырғанына қуанышты екенін мойындады. 

"Бағдарлама бізге проблеманың шешімін қалай жүзеге асыру керектігін түсіндірді", - дейді ол.

Қыздар мұнымен тоқтап қалмайды және мәселені терең зерттеуді жалғастырады. Олар өздерінің Instagram аккаунттарын дамытуды жоспарлап отыр, онда Қазақстанның түрлі қалаларындағы қайталама шикізатты қабылдау пункттері туралы ақпаратты орналастыратын болады. 

Жобаны жүзеге асыру барысында Арина мен Айсұлу балабақшада мастер-класстар өткізді, онда қоқысты сұрыптаудың маңыздылығы туралы айтылды. Топ тәрбиешісі бұл мәселе өте өзекті және қызықты екенін, ол балалармен осындай сабақтарды одан әрі өткізетінін атап өтті.

Арина создает супер-героев – сортировщиков мусора для уроков в детских садах
UNICEFKazakhstan/2021/MaratAmir
Арина супер-героейларды – балабақшаларда сабақтарға арналған қоқыстарды сұрыптаушыларды жасауда

Қыздар балабақшалар мен мектептердің бірінші сыныптарында қоқысты сұрыптау бойынша мастер-класстарды өткізуді жалғастырады. 

"Егер балалар бала кезінен қоқыспен қалай және не істеу керектігін білсе, ересек өмірде олар өз білімдерін іс жүзінде қолданатын болады", – дейді Арина.  

Арина мен Айсұлудың айтуынша, Samgau Upshift бағдарламасына қатысқаннан кейін олардың қарым-қатынас шеңбері кеңейіп, бүкіл Қазақстан бойынша пікірлестерін тапты. 

"Егер Степногорск пен Екібастұзда кем дегенде бір адам қоқысты қайта өңдеу мәселесі туралы ойланса және біздің жобадан кейін оны сұрыптай бастаса, онда біздің жұмысымыз бекер болған жоқ", - деп қорытындылады Арина мен Айсұлу.