“Менің тыныс алуым қиындап, өкпем кішірейіп кеткендей болды”

Асия* коронавирустық инфекциядан кейін өзінің емделу және сауығу тәжірибесі туралы

Назира Қайымова
Delivery of medical supplies
UNICEF Kazakhstan
28 Қыркүйек 2021

Қазақстанда COVID-19 пандемиясы бір жарым жылдан бері жалғасып келеді. Республикада 2021 жылғы қыркүйектің басында COVID-19 жұқтырудың 820 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Бүгін біз коронавируспен ауырған және осы аурудың барлық қиындықтарын басынан өткерген қыздың оқиғасымен бөліскіміз келеді.

Асия, 23 жаста, аурудың алғашқы белгілерін 2020 жылдың маусымында, COVID-19 пандемиясының нағыз қызу кезінде сезінді. Аурудың үшінші күні Асия иіс сезбей қалды, ал төртінші күні тыныс алған кезде кеудеде ауырсынуды сезіне бастады.

"Менің бұлшықеттерім ауырып, кішкене құрғақ жөтел болды, тыныс алу қиын болды. Сол кезде мен бір жайсыздықты сездім", - дейді ол. "Мен бұл пневмония болуы мүмкін деп күдіктендім".

ДДСҰ1 мәліметтері бойынша CОVID-19 жиі кездесетін белгілерге дене температурасының жоғарылауы, құрғақ жөтел және шаршау жатады. Басқа, аз кездесетін белгілерге дәм немесе / және иіс жоғалту, бас ауруы және басқалар жатады.

Асияның айтуынша, жоғары температура шамамен 9 күн болды. Ол қатты әлсіздік сезінді және тіпті үй шаруасымен айналыса алмады, мұндай оған мүлдем тән емес еді, өйткені Асияның өзі спортпен шұғылданады және белсенді өмір салтын ұстанады.

"Мен тек жатқым келді, тіпті фильмдер мен сериалдарды көре алмадым. Менің бұлшықеттерім, көкірек қуысым ауырды, ал температурадан басым жанып тұрғандай болды. Бұл өте жағымсыз күй", - дейді Әсия.

Асияның ата-анасы вирустың, оның ішінде коронавирустың болуын анықтайтын ПТР тестінің (полимеразды тізбекті реакция) оң нәтижесін алғаннан кейін аурудың үшінші күні жедел жәрдем шақырды.

"Сол кезде менің қолымда сол жақ пневмонияны және өкпенің 20% зақымдануын растайтын МРТ (магниттік-резонанстық томография) нәтижесі болды", - дейді Асия.

Асия Нұр-Сұлтан қаласындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

"Ауруханаға жатқызу жүйкеге тиді, өйткені жедел жәрдем мені КТ (компьютерлік томография) түсірімісіз қабылдаудан бас тартты", - дейді Әсия. "Мен КТ түсіргеннен кейін 2-3 күн өткен соң ауруханаға түстім".

Бүкіл отбасы вирусты жұқтырды, бірақ ауруханаға тек Асия мен оның әкесін жатқызды.

"Менің жасыма қарамастан, маған кәсіби көмек қажет болды. Бірақ мен жатқан жұқпалы аурулар ауруханасында көбіне 30-40 жастағы науқастар болды", - дейді ол.

ДДСҰ 2 мәліметтері бойынша барлық жас санаттарының өкілдері коронавирусты (2019-nCoV) жұқтыруы мүмкін. Егде жастағы адамдар мен белгілі бір аурулары бар адамдар коронавирустық инфекцияның ауыр түрлерінің даму қаупі жоғары, бірақ жастар да аурудан сақтандырылмаған.

Асияны емдеу хаттама бойынша жүргізілді және емдеуші дәрігер күн сайын таңертең палатаға пациенттерінің жағдайын тексеріп, пульсоксиметрмен сатурацияны өлшеу үшін келіп тұрды. Асияға антибиотиктер беріп, күніне 2 рет инфузия системасы мен асқазанға және оның денсаулығын сақтауға қажетті дәрі-дәрмектер алынды.

Пульсоксиметрлердің жеткізілуі
UNICEFKazakhstan|2020
Пульсоксиметрлердің жеткізілуі

"Алғашқы бірнеше күн ауруханада қиын болды", - дейді Әсия. "Менің антибиотиктерден жүрегім айныды және күшім болмады. Бірақ төртінші күні жеңілдеу болды, жоғары температура түсті, тамақ жей алатын болдым".

Асияның айтуынша, жұқпалы аурулар ауруханасында жақсы жағдайлар болған. Күніне бірнеше рет палатада ылғалды тазалау жүргізіліп, тамақ бөлек пластикалық контейнерлермен әкелінді.

Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасынан шыққаннан кейін және қосымша оқшауланғаннан кейін, Асия денсаулығына ауыр зардаптарсыз қалыпты өмірге орала алды.

Алайда, Асия әлі де "постковид синдромының" әсерінде жүрмін деп санайды.

"Өкпемнің көлемі кішірейгендей сезінемін. Мен жүгіру кезінде тез шаршаймын, ауа жетіспейді, бірақ бұған дейін ондай байқалмаған", - дейді Әсия. "Мен 3-5 шақырымды оңай жүгіріп, шаршамайтынмын".

ДДҰ 3 -ның COVID-19-дан кейін өзін-өзі қалпына келтіру жөніндегі ұсыныстарына сәйкес дене жаттығулары осы аурудан кейін денсаулықты қалпына келтірудің маңызды бөлігі болып табылады. Олар төмендегілерге көмектесе алады:

• Ентігу белгілерін азайтуға

• Бұлшықет күшін арттыруға

• Тепе-теңдік сезімін және қозғалыстарды үйлестіруді жақсартуға

• Ойлауды жақсартуға

• Күйзелісті азайтуға және көңіл-күйді жақсартуға

• Өзіңе деген сенімділік сезімін арттыруға

• Ішкі энергия деңгейін арттыруға

Қалпына келудің алғашқы айында Асияны бас ауру мазалап, шашы көп түсе бастады.

"Мен дәрумендер ішуге тырысамын. Бұл көмектеседі, бірақ шаштарым сиреп кетті, бұрынғыдай емес", - дейді ол.

"Мен COVID-19-бен ауырғаннан бері қашықтан жұмыс істемеймін, кеңседе отырамын. Бірақ қоғамдық және халық көп жиналатын жерлерде маска киіп, антисептик қолданып, вакцинациялауды жоспарлап отырмын", - дейді Әсия.

COVID-19-ға қарсы вакцина алудың алдында құжаттарды толтыру
@UNICEF Kazakhstan/2021/NaziraKaiymova
COVID-19-ға қарсы вакцина алудың алдында құжаттарды толтыру

Қазақстан Үкіметінің COVID-19 пандемиясына қарсы күрестегі қорғау шараларын қолдау үшін 2020 жылы желтоқсанда және 2021 жылы мамырда БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) Еуропалық Одақпен cеріктестікте Ақмола облысы мен Нұр-Cұлтан қаласына 34 500 дексаметазон ампуласын және 205 пульсоксиметрді жеткізді. Жалпы, осы серіктестік аясында Еуропалық одақтың Қазақстанға гуманитарлық көмегі ретінде 330 000 ампула дексаметазон және 2 000 пульсоксиметр әкелінді.

UNICEF Kazakhstan/2020/ZhanaraKarimova
UNICEF Kazakhstan/2020/ZhanaraKarimova
Қазақстанға гуманитарлық көмектің жеткізілуі - 2020 жыл, желтоқсан.

Еуропалық Одақтың гуманитарлық көмегі аясында қаржыландырылады. Айтылған пікірлер мен көзқарастар тек авторға (авторларға) ғана тиесілі және міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді. Еуропалық Одақ олар үшін жауапкершілікті алып жүрмейді.

* Жеке басты анықтауға мүмкіндік беретін барлық есімдер мен өзге де мәліметтер жеке өмірді қорғау мақсатында өзгертілді.