ЮНИСЕФ қазақстандық мед. мекемелерге 7 тонна жеке қорғаныс құралдарын әкелді

Жүктің жалпы құны – 220 000 доллар

09 Қараша 2022
UNICEF Kazakhstan 2020
UNICEF Kazakhstan 2020

АСТАНА, 2022 жылғы 4 қараша – БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстанға медициналық мекемелерде инфекциялық аурулардың алдын-алу және бақылау бойынша үкіметтің іс-шараларына қолдау көрсету мақсатында 6.9 тонна жеке қорғаныс құралдарын, атап айтқанда қорғаныс комбинезондарын, қорғаныс халаттарын және қорғаныс бетперде-экрандарын жеткізді. Көлік шығынын қосқанда, жүктің жалпы құны 220 000 АҚШ долларын құрады.

COVID-19 пандемиясы медициналық мекемелерде инфекциялардың алдын-алуды нығайту қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Жеткізу COVID-19 және өзге де инфекциялардың клиникалар мен ауруханаларда таралу қаупін тиімді басқаруды қамтамасыз етуге көмектеседі. Жеткізілген жеке қорғаныс құралдары Қазақстандағы бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» ЖШС-не Қазақстанның барлық өңірлерінде қажеттіліктеріне қарай медициналық мекемелерге одан арғы таратылуы үшін жіберілді.

«Инфекциялық аурулардың алдын-алу және бақылауда ұстау үшін денсаулық сақтау секторына қолдау көрсету Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің міне екі онжылдық бойы артықшылығы болып келеді. Қазақстан аурухана ішіндегі инфекциялармен күресуде және оларды болдырмауда үлкен жетістіктерге жетті. ЮНИСЕФ Үкіметтің осы саладағы жұмысын қолдауды жалғастырып келеді. Біздің жеткізген құралдарымыз медициналық мекемелердің балалар мен олардың отбасыларына қауіпсіз медициналық көмек көрсетуге қолдау болады деп үміттенеміз», - деп атап өтті Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен.

Еске салар болсақ, 2020 жылы COVID-19 пандемиясы өршіп тұрған кезде ЮНИСЕФ Еуропалық Одақпен бірлесе отырып, Қазақстанға 300 000 ампула дексаметазон және 2 000 пульсоксиметр мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсеткен еді. ЕО қаржыландырған гуманитарлық көмектің жалпы салмағы 1138 кг-ды құрады. Сондай-ақ 2020 жылдың қыркүйек айында ЮНИСЕФ дезинфекциялаушы құралдар мен термосканерлер сатып алды да, оларды ақпараттық және оқу құралдарымен бірге Қазақстанның ауылдық шағын жинақты мектептеріне жеткізді, осылайша COVID-19-дың одан әрі таралуын тоқтатуға жәрдемдесті. Денсаулық сақтау және білім беру саласының мамандары үшін инфекциялардың алдын-алу және олармен күрес жүргізу жөнінде оқытушы вебинарлар өткізілді. Қазақстанның барлық өңірлері шағын жинақты мектептерінің шамамен 3000 қызметкері карантин кезінде және мектептер ашылғаннан кейін де COVID-19-дың таралуын болдырмау және балаларды қалай қорғау керектігі туралы білім алды.

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.