ЮНИСЕФ: COVID-19 балалар мен жастардың психикалық денсаулығының нашарлауына әсері - бұл «айсбергтің басы» ғана

Жаңа талдаудың деректері жастар арасындағы психикалық бұзылулар экономикаға зиян келтіретінін көрсетеді, оның көлемі жылына шамамен 390 миллиард АҚШ долларын құрайды

15 Қазан 2021
2019_12-13 Mar_Turkestan PNS_Kaliyev
UNICEF Kazakhstan/2019/Kaliyev

НЬЮ-ЙОРК 5 қазан 2021 ж. – ЮНИСЕФ бүгінгі ұсынған өзінің негізгі баяндамасында балалар мен жастар ұзақ жылдар бойы өздерінің психикалық денсаулығы мен әл-ауқатына COVID-19 байланысты әсерін сезінуі мүмкін деп ескертеді. Баяндаманың мәліметтері бойынша «Әлемдегі балалардың жағдайы, 2021 жыл. Психикалық жағдайы: балалардың психикалық денсаулығын қорғау, қамқорлық ету және ынталандыру», бұл ЮНИСЕФ-тің балалардың, жасөспірімдердің және қамқоршылардың психикалық денсаулығына қатысты жан-жақты баяндамасы, ХХІ ғасырда - COVID-19 пандемиясының басталуына дейін - балалар мен жастар психикалық бұзылулардың ауыртпалығынан зардап шекті, ал мұндай бұзылулармен күресуге айтарлықтай қаражат бөлінбеді.

Соңғы мәліметтер бойынша, бүкіл әлемде 10-19 жас аралығындағы әрбір жетінші жасөспірім диагноз қойылған психикалық аурумен өмір сүреді. Жыл сайын 46 000-ға жуық жасөспірім өз-өзіне қол жұмсайды, бұл олардың жас топтары үшін өлімнің негізгі себептерінің бестігіне кіреді. Сонымен қатар, психикалық денсаулық қажеттіліктері мен психикалық денсаулықты қорғауды қаржыландыру арасында айтарлықтай алшақтық сақталуда. Баяндама бүкіл әлемде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бюджеттердің шамамен 2% психикалық денсаулықты сақтауға бөлінетіндігін көрсетеді.

«Бұл бәріміз үшін, әсіресе балалар үшін өте ұзақ бір жарым жыл болды. Пандемияға байланысты оқшаулау мен қозғалыс еркіндігін шектеудің ұлттық режимдерін ескере отырып, балалар өмірінің ең ұмытылмас жылдарын отбасыларынан, достарынан, сыныптастарынан, ойын жолдастарынан – балалық шақтың негізгі құрамдас бөліктерінен алшақ өткізуде», – деді ЮНИСЕФ Атқарушы директоры Генриетта Фор. - Мұның салдары күрделі және бұл айсбергтің тек басы ғана. Пандемия басталғанға дейін тым көп балалар психикалық денсаулығына байланысты шешілмеген мәселелердің ауыртпалығынан зардап шекті. Үкімет осы маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өте аз қаражат бөледі. Психикалық денсаулық пен болашақ өмір үшін салдардың арасындағы қарым-қатынасқа аз көңіл бөлінеді».

 

COVID-19 пандемиясы кезінде балалардың психикалық денсаулығы

Пандемия қазірдің өзінде ізін қалдырды. ЮНИСЕФ-пен және 21 елдегі Гэллап институтымен жүргізілген балалар мен ересектерге арналған халықаралық сауалнаманың алдын-ала тұжырымдарына сәйкес (алдын-ала шолу «Әлемдегі балалардың жағдайы, 2021 жыл» (The State of the World’s Children 2021)) жариялынымында ұсынылған, 15-24 жас аралығындағы сауалнамаға қатысқан жастардың орта есеппен әрбір бесіншісі өзін жиі жабырқаңқы сезінетінін немесе бірдеңе жасауға аз қызығушылық танытатынын айтты.

CОVID-19 пандемиясының үшінші жылы жақындаған сайын, оның салдары балалар мен жастардың психикалық денсаулығы мен әл-ауқатына айтарлықтай әсер етеді. ЮНИСЕФ-тің соңғы мәліметтері бойынша, бүкіл әлемде кем дегенде әрбір жетінші бала карантиннен тікелей зардап шекті, ал 1,6 миллиардтан астам бала белгілі бір дәрежеде білім жоғалтудан зардап шекті. Күнделікті өмірдегі, білім берудегі, демалыстағы іркілістер, сондай-ақ отбасының табысы мен денсаулығына қатысты алаңдаушылық көптеген жастарды өздерінің болашағы үшін қорқыныш, ашу және үрей тудырады. Мысалы, 2020 жылдың басында Қытайда жүргізілген онлайн-сауалнамаға сәйкес және «Әлемдегі балалардың жағдайы, 2021 жыл» (The State of the World’s Children 2021) баяндамасында келтірілген респонденттердің үштен бірі қорқыныш пен үрейді сезінетіні туралы хабарлады.

Қоғам үшін баға

Диагноз қойылған психикалық бұзылулар, соның ішінде СДВГ, үрейлілік, аутизм, биполярлық бұзылыс, мінез-құлықтың бұзылуы, депрессия, тамақтанудың бұзылуы, ақыл-ойдың кемтарлығы және шизофрения балалар мен жастардың денсаулығына, біліміне, болашақ жетістіктеріне және еңбекке қабілеттілігіне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.

Пандемияның балалар өміріне әсер ету дәрежесін толық бағалаудың мүмкін еместігіне қарамастан, баяндамада келтірілген Лондон экономика мектебінің жаңа талдауы жастар арасында мүгедектікті немесе өлім-жітімді тудыратын психикалық бұзылулардың экономика үлесіне орны толмас зиян келтіретіндігін көрсетеді, оның көлемі шамамен 390 миллиард АҚШ доллары құрауы мүмкін.

Қорғаныш факторлары

Баяндамада генетиканың, тәжірибенің және қоршаған орта факторларының алғашқы күндерден бастап әсер етуінің жиынтығы, соның ішінде балаларды тәрбиелеу, мектепте оқыту, қарым-қатынастардың сапасы, зорлық-зомбылыққа немесе қатыгездікке ұшырағыштық, дискриминация, кедейлік, гуманитарлық дағдарыстар және COVID-19 пандемиясы сияқты денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар балалардың психикалық денсаулығын қалыптастырады және оған өмір бойы әсер етеді.

Қорғаныш факторлары, мысалы, сүйіспеншілікке толы қамқоршылардың болуы, қауіпсіз мектеп ортасы және құрдастарымен позитивті қарым-қатынас психикалық бұзылулардың пайда болу қаупін азайтуға көмектеседі, бірақ баяндамада күрделі кедергілер, соның ішінде стигматизация және қаржыландырудың жетіспеушілігі көптеген балалардың психикалық денсаулығына қол жеткізуіне немесе қажетті қолдауға қол жеткізуіне жол бермейтіні жайлы ескерту бар.

«Әлемдегі балалардың жағдайы, 2021 жыл» баяндамасында мемлекеттік және жеке сектордағы үкіметтер мен серіктестерге барлық балалардың, жасөспірімдердің және қамқоршылардың психикалық денсаулығын нығайту, көмекке мұқтаж адамдарды қорғау және ең осал адамдарға қамқорлық жасау, соның ішінде төмендегілерді қосқанда өздеріне міндеттемелер алуға, қарым-қатынас жасауға және әрекет етуге шақырады:

· Қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын профилактикаға, насихаттауға және күтім жасауға қолдау көрсету мақсатында денсаулық сақтау саласында ғана емес, барлық секторларда балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын сақтауға шұғыл инвестициялар.

· Ата-аналарға арналған бағдарламаларды қоса алғанда, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау секторларында дәлелді деректерге негізделген шараларды біріктіру және олардың көлемін кеңейту, олар жауапты және ынталандырушы күтімге ықпал етеді және ата-аналар мен күтім жасаушылардың психикалық денсаулығына қолдау

көрсету; сондай-ақ сапалы қызметтер мен позитивті қатынастар арқылы мектептерде психикалық денсаулықты сақтауды қолдауды қамтамасыз ету.

· Стигматизацияны жою және психикалық денсаулықты жақсы түсінуге және балалар мен жастардың тәжірибесіне байыпты қарауға көмектесу арқылы психикалық аурумен байланысты үнсіздікті жеңу.

«Психикалық денсаулық физикалық денсаулықтың бір бөлігі болып табылады, біз оны басқаша қарастыра алмаймыз», - деп мәлімдеді Генриетта Фор. - Бай және кедей елдерде әр баланың әлеуетін барынша арттырудың маңызды элементіне тым ұзақ уақыт бойы өте аз түсінік пен өте аз инвестиция көрдік. Бұл жағдайды өзгерту керек».

###

Редакторларға арналған ескертпелер

Жасөспірімдер арасындағы өлімнің себептерін бағалау Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) 2019 жылғы Жаһандық денсаулық бағалауының мәліметтеріне негізделген. Диагноз қойылған психикалық бұзылулардың таралушылығын бағалау денсаулық көрсеткіштерін өлшеу және бағалау Институты (ДКБИ) жүргізген 2019 жылғы аурудың жаһандық ауыртпалығын зерттеуге негізделген.

Депрессия немесе кез-келген нәрсеге қызығушылықтың аздығы туралы сауалнама нәтижелері ЮНИСЕФ және Гэллап институты бірлесіп ұрпақтар арасындағы алшақтықты зерттеу үшін жүргізген ірі зерттеудің бөлігі болып табылады. «Өзгеретін балалық шақ» жобасы аясында 21 елде 20 000-ға жуық адамнан телефон арқылы сауалнама алынды. Барлық іріктеулер ықтималды тәсілге негізделді және әр елде ұлттық деңгейде екі түрлі топты ұсынды: 15-24 жас аралығындағы адамдар және 40 жастан асқан адамдар. Зерттеудің қамту аумағы бүкіл ел болды, соның ішінде ауылдық жерлер, ал іріктеудің негізі телефонға қол жетімді әр жас шоғырланымындағы институционалды мәртебесі жоқ барлық азаматтық тұрғындарды білдірді. Жобаның толық қорытындыларын ЮНИСЕФ қараша айында жариялайды.

Медиа байланыс

Helen Wylie
UNICEF New York
Тел: +1 917 244 2215

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.