Қазақстанды тыңдай отырып: сауалнама экономикалық перспективаларға қатысты оптимистілікпен қатар проблемаларды анықтады

30 Қыркүйек 2022
UNICEF Kazakhstan/2022/Salamat Ayazbay
UNICEF Kazakhstan/2022/Salamat Ayazbay

АСТАНА, 2022 жылғы 29 қыркүйек – бүгінгі ұсынылған «Қазақстанды тыңдай отырып» зерттеулерінің нәтижелері жаһандық және өңірлік қауіп-қатер салдарынан Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік қарсы шығушылыққа тап болғанын дәлелдейді. Ішкі инфляция бұрынғысынша адамдарды мазалауда, ал жергілікті экономикалық жағдай туралы пікірі 2022 жылдың екінші тоқсанның өзінде бұзылған еді.

Зерттеу нәтижелерін талқылау жөніндегі дөңгелек үстел барысында Дүниежүзілік банк пен ЮНИСЕФ-тің сарапшылары Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік перспективаларына, еңбек нарығындағы қарқынына, балалар мен отбасылардың әл-ауқатына, сондай-ақ қоғамдастық пікірінше, мемлекеттік реформалар бағдарламасын талқылады.

Дегенмен, осы жылдың тамыз айындағы жағдайға сәйкес Қазақстан отбасыларының 23%-ы өздерін кедейлер қатарына жатқызды, сұхбаткерлердің үштен екісі елдің ұзақ мерзімді экономикалық перспективаларына қатысты оптимистілік сақтады, дәл осындай үлесінің пікірінше, ел реформалардың дұрыс жолында тұрғанын атап өтті. Сауалнама халықтың осал топтарына (атап айтқанда, кәрі адамдар, мүгедектігі бар адамдар және балалар) мемлекеттік қолдау көрсетуді қабылдау және мемлекеттік дамудың берілген бағыттарына қатысты оптимистіліктің артуымен, кедейлік қатарынан шығу арасындағы мықты заңдылықты анықтады. Бұл нәтижелер үкіметтік реформалар бағдарламаларын сәтті жүзеге асыру мен аталған бағдарламаны қоғамның қолдауы арасындағы оң кері байланысына сілтейді.

«Мемлекеттік бағдарламалар сәтті деп есептейтін адамдар өздерінің өміріне және елдің дамуына мейлінше көңілі тоқ екендігін мәлімдейтін фактісі бізге сенім ұялатады, — дейді Дүниежүзілік банктің Аға экономисті және Орталық Азиядағы кедейлікпен күрес және теңдік бойынша жаһандық тәжірибе тобының жетекшісі Уильям Зейтц. – Проблемаларды шешуге бағытталған әлеуметтік қолдау үкіметтің іс-әрекеттеріне қатысты оптимистілікті нығайтады және әл-ауқаттың бірқатар көрсеткіштеріне көңіл толуға ықпалдасады».

Сауалнама нәтижелері 2022 жылдың бірінші жартысындағы өсіп жатқан қауіп-қатерлерінің: Украинадағы соғыс, Ресейге қарсы халықаралық санкциялар, COVID-19 пандемиясы, бағаның күрт өсуі және жаһандық өсудің жалпы баяулауы респонденттердің пікірі Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік перспективаларындағы белгісіздік туралы айтарлықтай өскенін көрсетті.

Сондай-ақ сауалнама нәтижелері кедейлік статусы отбасындағы жағайларға байланысты айтарлықтай өзгеретінін көрсетті. 2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы тамызға дейін жүргізілген сауалнама барысында респонденттердің 40 пайызынан астамы кедейлікте тұрғанын бір рет болса да көрсеткен, бірақ әрбір интервьюде тек шамамен 5% ғана өздерін «созылмалы кедейміз» деп атаған.

«Басынан бастап COVID-19 пандемиясының үй шаруашылықтарына әсер етуін мониторингілеу үшін жүргізілген «Қазақстанды тыңдай отырып» зерттеуі әл-ауқат, тамақтану және азық-түлік қауіпсіздігі, денсаулық сақтауға, білім алуға және басқаның арасында әлеуметтік қоғанысқа қолжетімділік тұрғысынан балалар мен отбасылардың жағдайын кедергісіз және мерзімді қадағалауға тамаша мүмкіндік береді. Сауалнама барысында алынған деректер кедейлер арасында балалар басым екендігін көрсетеді. Нәтижелер көпбалалы отбасылардың кедейлікке ерекше бейімділігі барын көрсетіп отыр. Сауалнама нәтижелері балалар кедейлігін мемлекеттік күн тәртібінің ортасына қою қажеттілігін және кедейліктің бүлдіргіш әсерін болдырмас үшін көрбалалы отбасыларға жеңілдіктер беруді және қызмет көрсетуді қамтамсыз ету қажеттілігін көрсетіп отыр. Алынған деректерді теңсіздікті жою және барлығына инклюзивті және тұрақты дамуға жәрдемдесудің негізгі секторларында дәлелді шешімдер қабылдау мен саясатты күшейту үшін пайдалануға болады», - деп Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен атап өтті.

«Елді тыңдай отырып» сауалнамасы – нақты уақыт режимінде саясаттың үй шаруашылықтарына әсер етуі жайлы түсінік алуға мүмкіндік беретін азғана дереккөздердің бірі. Бұл тәсіл әлемнің барлық елдерінде көбіне мемлекеттік дағдарысқа қарсы басқаруды қолдау және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында қолданылды. «Қазақстанды тыңдай отырып» зерттеуі 2020 жылдың қазан айынан бастап 34 500 интервью жинақтауға мүмкіндік берген Дүниежүзілік банк пен ЮНИСЕФ-тің арасындағы жемісті серіктестіктің нәтижесі болып отыр.

«Қазақстанды тыңдай отырып» сауалнамасы мына сілтемеле бойынша онлайн қолжетімді.

 

 

 

 

 

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

Дүниежүзілік банк

Астанада: Шынар Джетписова sjetpissova@worldbank.org

Вашингтонда: Сона Панаджан spanajan@worldbank.org 

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы қызметі туралы толығырақ ақпарат мына сайтта: https://www.worldbank.org/en/country/kazakhstan 

Facebook-тегі парақша: https://www.facebook.com/WorldBankKazakhstan 

Дүниежүзілік банктің Еуропа мен Орталық Азиядағы жұмысы туралы қосымша ақпарат мына парақшада: https://www.worldbank.org/eca 

Facebook-тегі парақша: https://www.facebook.com/WorldBankEuropeCentralAsia/

Twitter-дегі парақша: https://twitter.com/WorldBankECA

Талқылауға қосылу: http://blogs.worldbank.org/europeandcentralasia 

 

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.