«Балалар батырлары»: Елордадағы ЮНИСЕФ фотокөрмесі

Көрме ЮНИСЕФ-тің 75 жылдығына арналған

ЮНИСЕФ Қазақстан
Heroes of Children general banner
UNICEF Kazakhstan/2022/Ospan Ali
29 Наурыз 2022

Фотокөрме әлемде БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) жұмыс істеп жатқанына 75 жыл толуына, сондай-ақ Қазақстандағы Балалар жылына арналған. Фотокөрмеде ЮНИСЕФ-пен бірлесіп, балалардың құқықтарын қорғау, ілгерілету және сақтау, сондай-ақ Қазақстандағы әрбір баланы тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген 30-дан астам адамдардың портреттері мен оқиғалары ұсынылған. Көрме кейіпкерлерінің арасында өмірлік қиын жағдайдағы аса осал балалар мен отбасыларды қолдау үшін ЮНИСЕФ-пен күш біріктірген мұғалімдерді, дәрігерлерді, жастарды, ғалымдарды, волонтерлерді және қоғам белсенділерін кездестіруге болады. Олар біздің арамызда өмір сүреді және күн сайын әрбір баланың бақытты балалық шаққа құқығы болуы үшін еңбек етуде.

UNICEF Kazakhstan/2022/Ospan Ali
Ілияс Фаткулин, “Жан” мүгедектер құқықтары жөніндегі Азия қоғамының басшысы, Алматы қ.
UNICEF Kazakhstan/2022/Ospan Ali
©UNICEF Kazakhstan/2022/Nurlybek Nurselinov

"Біз балаларға басқа әлемді, цифрлық технологиялар, шексіз мүмкіндіктер мен білім әлемін тануға мүмкіндік береміз".

Ілияс 2014 жылы көзі нашар көретін адамдарды оқытумен айналыса бастады. "Көру қабілеті бұзылған жасөспірімдердің цифрлық дағдыларын дамыту" жобасына қосқан үлесінің арқасында көру қабілеті бұзылған 25 бала компьютер мен смартфонды пайдалануды, мессенджерлерде хабарламалармен алмасуды және қала бойынша қозғалу үшін навигаторды пайдалануды үйренді.

Аида Муравьева, белсенді, 15 жаста, Алматы қаласы
Аида Муравьева, белсенді, 15 жаста, Алматы қаласы
Aida Muravyova
©UNICEF Kazakhstan/2022/Nurlybek Nurselinov

Аида 13 жастан бастап АИТВ-ның ашық статусымен өмір сүреді. Ол мектептерде АИТВ стигмасын төмендету жобасына қатысты және Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы АИТВ-позитивті жасөспірімдерге арналған бірінші қолдау тобының жаттықтырушысы болды. Қауымдастықтың атынан Аида АИТВ-мен өмір сүретін адамдар не нәрсеге тап болатынын және статусын аша отырып, неден өтетінін айтып береді. 

Александр Муха, "Мейірім" ҚҚ жетекшісі, Ақтау қаласы
Александр Муха, "Мейірім" ҚҚ жетекшісі, Ақтау қаласы
Alexandr Mukha
©UNICEF Kazakhstan/2022/Ospan Ali

Александр ЮНИСЕФ-пен бірлесіп Маңғыстау облысында "Балаларға мейірімді сот төрелігі" жобасын іске асырды. Осы жобаның арқасында "Мейірім" ҚҚ қызметкерлері балалармен жұмыс істейтін тергеушілердің кабинеттерін жабдықтауға көмектесе алды. Орталықтың жұмысы барысында "Мейірім" ҚҚ мамандары мен қызметкерлері Ақтау қаласының түрлі аудандарынан келген 500-ден астам балаға көмектесті. 

"Жобаның жүзеге асуына адамдар ғана емес, сонымен бірге жоба адамдарға азаматтық қоғамның жаңа сапалы деңгейіне жетуге көмектеседі"

Александра Шаронова, қолжетімділік бойынша маман, “Қолжетімді Қазақстан” жобасының менеджері
UNICEF Kazakhstan/2022/Ospan Ali
Александра Шаронова, қолжетімділік бойынша маман, “Қолжетімді Қазақстан” жобасының менеджері

Александраның қосқан үлесі арқасында «Қолжетімді Қазақстан» картасы павлодарлықтарға, одан кейін бүкіл елге қолжетімді болды, онда нысанды басу арқылы оның мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қаншалықты қолжетімді екенін білуге болады. Александра картаның негізгі модераторы ретінде волонтерлар жүктеген нысандардың фотосуреттерін күнделікті қарап, тексереді.

Алтынай Сегізбай, 23 жаста, ЮНИСЕФ волонтеры, Алматы қаласы
UNICEF Kazakhstan/2022/Ospan Ali
Алтынай Сегізбай, 23 жаста, ЮНИСЕФ волонтеры, Алматы қаласы

"Волонтерлық бағдарлама адамға тәжірибе тұрғысынан ғана емес, психологиялық тұрғыдан да өте жақсы әсер етеді: сіз кезінде алдыңызда тұрған кейбір кедергілерді енді жоя аласыз"

2020 жылы Алтынай ЮНИСЕФ-тің BeKind волонтерлік бағдарламасына қатысты, ал 2021 жылдың жазында ол өзін BeGreen Kazakhstan бағдарламасында волонтер-администратор ретінде сынап көруді ұйғарып, қазақстандық оқушыларға климаттың өзгеруі және саналы тұтыну мәселесі туралы айтып берген еді.

Марина мен Андрей Лутошкиндер - SAMGAU UPSHIFT бағдарламасының тренер-менторлары, Атбасар қаласы, Ақмола облысы
UNICEF Kazakhstan/2022/Ospan Ali
Марина мен Андрей Лутошкиндер - SAMGAU UPSHIFT бағдарламасының тренер-менторлары, Атбасар қаласы, Ақмола облысы

"Мен балалардың жобаларын іске асырудағы нақты нәтижелерін өзімнің басты жетістігім деп санаймын!",- Марина.

3 жылға жуық уақыт бойы Лутошкиндер отбасы волонтерлық жобаларға қатысып, зейнеткерлер мен қиын жағдайдағы балаларға көмектесу үшін волонтерларды тарта отырып, өздерінің әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруда.

"Әлеуметтік саладағы жұмыс көңіл бөлуді, зейінді және үлкен жүректі талап ететін өте орасан еңбек. Осы жұмыспен айналысуды таңдаған адамдардың бәрі өздері үшін ғана емес, сонымен бірге олар мейірімді және ақ жүректі адамдар үшін де жауапкершілікті алды", - Андрей.

"Пилоттық жоба патронаждың жаңа моделі отбасындағы бала күтімінің сапасына айтарлықтай әсер ететінін, оң ата-ана болу дағдыларын тиімді қалыптастыратынын, балалардың денсаулығына, дамуына және қауіпсіздігіне ықпал ететінін көрсетті"

Баян Бабаева, педиатр-дәрігер, Шымкент қаласы
UNICEF Kazakhstan/2022/Ospan Ali
Баян Бабаева, педиатр-дәрігер, Шымкент қаласы

ЮНИСЕФ-тің "Жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге және ерте жастағы балаларға патронаж жасаудың әмбебап-прогрессивті моделі" пилоттық жобасы аясында Баян 30-ға жуық тренинг өткізіп, 500-ден астам медбикелерді, дәрігерлерді, басшыларды оқытып шығарды. Баянның еңбегінің арқасында аталмыш модель мемлекеттік бағдарламаға енгізілді және қазір алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде балалармен жұмыс істеудің негізі болып табылады.  

Борис Каральник, иммунолог, профессор, медицина ғылымдарының докторы, Алматы
Борис Каральник, иммунолог, профессор, медицина ғылымдарының докторы, Алматы
Boris Karalnik
©UNICEF Kazakhstan/2022/Nurlybek Nurselinov

Борис Вольфович 2021 жылы вакцинация туралы қауесеттерге арналған Vlast.kz «Вакцинация» жобасына ғылыми кеңесші ретінде қатысқан еді. Ол өмірінің көп бөлігін инфекциялармен күресуге арнады. 700-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. Соңғы жылдары Борис Вольфович вакцинация мәселелеріне, соның ішінде COVID-19-ға қарсы маңызды шолуларды жариялады.

Ботагөз Каукенова, "Medsupportkz" ҚҚ директоры, Нұр-Сұлтан қаласы
UNICEF Kazakhstan/2022/Ospan Ali
Ботагөз Каукенова, "Medsupportkz" ҚҚ директоры, Нұр-Сұлтан қаласы

"Medsupport жұмысы – бұл волонтерлардың, ғалымдардың, дәрігерлердің, студенттердің, адамдарға көмектесіп, біздің қоғам мен елді біршама жақсырақ еткісі келетін түрлі саладағы кәсіпқойлардың жұмысы". 

Ботагөз бен Medsupport қоры балалардың жоспарлы вакцинациясы туралы 2020 жылы айта бастады, ал қор жұмысының шыңы Қазақстанға COVID-19 вакциналарының алғашқы партиялары келе бастаған кезде болды. Medsupport жоспарлы вакцинация туралы посттар, мақалалар жазды, бейнелер түсірді, тіпті ЮНИСЕФ-тің қолдауымен балаларға арналған  жоспарлы вакцинация туралы EGU.KZ ақпараттық сайтын жасады. 

Даниил Ким, Samgau UPSHIFT бағдарламасының қатысушысы, Алматы қаласы
Даниил Ким, Samgau UPSHIFT бағдарламасының қатысушысы, Алматы қаласы
Daniil Kim
©UNICEF Kazakhstan/2022/Nurlybek Nurselinov

Даниил қала бойынша ауа тазартқыш сүзгілерін қаланың ерекше маңызды жерлеріне: аялдамаларға, ауруханаларға, оңалту орталықтарына, балабақшаларға, мектептерге орналастыруды жоспарлап отыр.  Даниил бұл идеяны іске асыру үшін грант жеңіп алып, Samgau UPSHIFT бағдарламасындағы нақты жобаға айналдырды. Сүзгілерді жасауға оған достары көмектесіп жүр. 

Диана Мурзағалиева, 15 жаста, ЮНИСЕФ волонтеры, Нұр-Сұлтан қаласы
UNICEF Kazakhstan/2022/Ospan Ali
Диана Мурзағалиева, 15 жаста, ЮНИСЕФ волонтеры, Нұр-Сұлтан қаласы

"Мен балаларға пайдалы бола алатыныма, оларға экологиялық ойлау туралы ақпарат беріп, бөлісе алатыныма қуаныштымын"

2021 жылдың күзінде Диана ЮНИСЕФ BeGreen Kazakhstan бағдарламасының онлайн волонтеры болды. Диана өскелең ұрпақты экологиялық сауаттылыққа үйретуде қандай әдіс-тәсілдерді қолдану керектігін біліп, жетінші және оныншы сынып оқушылары үшін онлайн сабақтар өткізді. Диана тыңдаушыларға «жасыл» дағдыларды дамытуға және саналы тұтынуды насихаттауға бар күш-жігерін жұмсауда.

Эльдар Гребнев, 15 жаста, Samgau UPSHIFT бағдарламасының қатысушысы, мүгедектігі бар адамдарға, қарт адамдарға және арбамен жүретін ата-аналарға арналған самокатты құрастырушы, Алматы қ.
Эльдар Гребнев, 15 жаста, Samgau UPSHIFT бағдарламасының қатысушысы, мүгедектігі бар адамдарға, қарт адамдарға және арбамен жүретін ата-аналарға арналған самокатты құрастырушы, Алматы қаласы
Eldar
©UNICEF Kazakhstan/2022/Nurlybek Nurselinov

"Енді мен ересектердің көмегінсіз өзім жүре аламын. Мен өте қуаныштымын!” 

2021 жылы Эльдар Samgau UPSHIFT бағдарламасына қатысуға бел буып, өз жобасын әзірлеуге грант алды. Нәтижесінде ол мүгедектер арбаларына арналған скутер жасай алды, оның көмегімен мүгедектер, қарт адамдар, арбалары бар ата-аналар және шағын жүк тасымалдауға мұқтаж адамдар қозғала алады. 

Фатима Оспанова, 20 жаста, Samgau UPSHIFT бағдарламасының қатысушысы, Қарқаралы қаласы
Фатима Оспанова, 20 жаста, Samgau UPSHIFT бағдарламасының қатысушысы, Қарқаралы қаласы
Фатима Оспанова, 20 жаста, Samgau UPSHIFT бағдарламасының қатысушысы, Қарқаралы қаласы
©UNICEF Kazakhstan/2022/Ospan Ali

 "Болашақ білімді жастардың қолында!" 

 Фатима Samgau UPSHIFT жасөспірімдер мен жастардың дағдыларын дамыту бағдарламасына қатысуға шешім қабылдап, "ЖасСтар"  – жастарға арналған көшбасшылық дағдыларды және медиасауаттылықты дамыту бойынша қазақ тіліндегі білім беру жобасын жасады. Жобаға 14 пен 18 жас аралығындағы 300-ден астам жасөспірім қатысты. 

Жайсанбаева Ғазиза, "Родник" ҚҚ әлеуметтік бағдарламаларының үйлестірушісі, Алматы қаласы
UNICEF Kazakhstan/2022/Nurlybek Nurselinov
Жайсанбаева Ғазиза, "Родник" ҚҚ әлеуметтік бағдарламаларының үйлестірушісі, Алматы қаласы

"Мен әрдайым балаларды қорғау жұмысында шет елдер мен жақын шетелдердің озық тәжірибелерін зерделеуге тырысамын". 

ЮНИСЕФ-тің қолдауымен Ғазиза көші-қон процесінде 111 балаға көмек көрсетті, оның 51-і құжат алды. "Родник" қорының күш салуының арқасында 41 бала медициналық мекемелерге бекітіліп, 21 бала мектепке бара алды. 

Гүл Құсайынова, Ана мен Бала Орталығындағы Бала Жасындағы Ауруларды Ықпалдастыра Жүргізудің (БЖАЫЖ) және Патронажды Қызметтің әмбебап-прогрессивтік моделінің облыстық үйлестірушісі, Өскемен қаласы
UNICEF Kazakhstan/2022/Ospan Ali
Гүл Құсайынова, Ана мен Бала Орталығындағы Бала Жасындағы Ауруларды Ықпалдастыра Жүргізудің (БЖАЫЖ) және Патронажды Қызметтің әмбебап-прогрессивтік моделінің облыстық үйлестірушісі, Өскемен қаласы

"БЖАЫЖ", "УПМПС" бағдарламаларын енгізу барысында Гүл 1165 маманды, оның ішінде 334 дәрігер, 770 орта медициналық қызметкер, 58 әлеуметтік қызметкер және 3 психологты оқытып шығарды. Бұл бағдарламаны енгізу нәтижесінде 5 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімі, сырқаттанушылығы, мүгедектігінің төмендеуі тіркелді. 

Ирина Мацкевич, Аманжолов ат. ШҚУ КЕАҚ Психология және түзету педагогикасы кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының кандидаты, Өскемен қаласы
Ирина Мацкевич, Аманжолов ат. ШҚУ КЕАҚ Психология және түзету педагогикасы кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының кандидаты, Өскемен қаласы
Irina
©UNICEF Kazakhstan/2022/Ospan Ali

"Менің міндетім – әр баланың, әсіресе көмекке мұқтаж баланың әл-ауқатына кәсіби түрде ықпал ету".  

Ирина сот төрелігі жүйесінде балалар құқығын қорғау бойынша ең үздік халықаралық тәжірибені енгізуге, соның ішінде сотта балалар үшін арнайы күту бөлмелерін құруға өз үлесін қосты. 2017 жылға қарай балалар ісі қаралған соттарда айыпталушы балаларға арналған "жасыл" бөлмелер және жәбірленуші балалар мен кіші жастағы балаларға арналған "күн" бөлмелері жабдықталды. 

"Бұл менің мамандығым. Сондықтан көмектесуім керек"

Қанымкүл Әлжанова, балалар дәрігері, Шымкент қаласы, No11 емхана бас дәрігерінің ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары
UNICEF Kazakhstan/2022/Ospan Ali
Қанымкүл Әлжанова, балалар дәрігері, Шымкент қаласы, No11 емхана бас дәрігерінің ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары

Қанымқұл шаршаған ата-аналарды екпеден бас тартпауға 25 жыл бойы көндіріп келеді. Ол вакцинациядан бас тартқан он адамның, жартысынан көбінің ойын өзгерте алады.

Лейла Марденова, 24,  "№ 142 ЖББМ" КММ математика және информатика пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы
Лейла Марденова, 24, "№ 142 ЖББМ" КММ математика және информатика пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы
Лейла Марденова, 24,  "№ 142 ЖББМ" КММ математика және информатика пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы
©UNICEF Kazakhstan/2022/Nurlybek Nurselinov

"Арманға жету жолындағы жұмысты кейінге қалдыруға болмайды. Бірте-бірте, бірақ дұрыс бағытта алға жылжып, сәттілік жолында басқаларды жігерлендірген дұрыс".  

Лейла – UniSat бағдарламасының түлегі. Командамен бірге ол наноспутниктің дизайнын жасады, барлық жасалған бөлшектерді жинап, наноспутникті стратосфераға ұшырды. 

Майра Базарбаева, «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Нұр-Сұлтан
UNICEF Kazakhstan/2022/Ospan Ali
Майра Базарбаева, «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Нұр-Сұлтан

"Біз баланың ең кішкентай нәтижелеріне де қуанамыз: бұрын қолында затты қалай ұстау керектігін білмесе, қазір ол оны ұстауға тырысады. Ол басын көтере алмайтын, ал қазір бірнеше секундқа көтереді. Бұл біз үшін үлкен жетістік"

Майра – әлеуметтік қызметкер. Майра қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетіп, отбасындағы жанжалды жағдайлардың алдын алумен айналысады. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының негізгі міндеттері – өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын үйрету, баланы әлеуметтендіру және қоғаммен араластыру.

"Даму патологиясы бар балаларға, туғаннан 3 жасқа дейінгі қауіп тобындағы балаларға кешенді көмек көрсетумен айналысатын "Ерте араласу" қызметін құрғанымды мақтан тұтамын"

Майра Сулеева, "Кеңес" Мүгедектер қоғамдық бірлестігінің бас директоры, Алматы қаласы
UNICEF Kazakhstan/2022/Nurlybek Nurselinov
Майра Сулеева, "Кеңес" Мүгедектер қоғамдық бірлестігінің бас директоры, Алматы қаласы

Майра "Ерте араласу" қызметін құрды, оның мамандары ауыр патологиясы бар 300-ден астам баланы, соның ішінде церебральды сал ауруы мен біріктірілген формалардың генетикалық ауытқуларын әлеуметтік түрде бейімдеді.  Майраның жетекшілігімен "Кеңес" орталығының 30 жылға жуық қызметі ішінде "Кеңес" дамуында патологиясы бар балаларға қатысты әлеуметтік саясатқа айтарлықтай әсер етті, соның арқасында психоневрологиялық патологиясы бар мыңдаған балалар отбасыларда тұрады. 

Рахимхужа Сапаров, белсенді, 16 жаста, Алматы қаласы
Рахимхужа Сапаров, белсенді, 16 жаста, Алматы қаласы
Рахим
©UNICEF Kazakhstan/2022/Nurlybek Nurselinov

Рахим 2 жылдан бері АИТВ-ның ашық статусымен өмір сүріп келеді. Рахим педагогтарға арналған мектептерде АИТВ стигмасын және кемсітушілікті төмендету бойынша нұсқаулық жазу, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін жасөспірімдер мен балаларға арналған созылмалы ауруларды өзін-өзі басқару бойынша нұсқаулық жазу кезінде фокус-топтарға қатысты. 

Раушан Худайшукурова, "Сана Сезім" әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы" ұйымының жобалар үйлестірушісі және әлеуметтік қызметкері, Шымкент қаласы

"Бағдарлама жобадағы барлық балаларға көші-қон процестеріндегі балалардың құқықтарын тиімді қолдау мен қорғауды қамтамасыз етті".  

ЮНИСЕФ-тің қолдауымен Раушан "Шымкент қаласында және Түркістан облысында көші-қон процесінде балаларды қорғау" жобасын іске асырды. Жобамен өмірлік қиын жағдайға тап болған 90 бала қамтылды. Оның ішінде 61 бала құжат алды, 15 бала Отанына қайтарылды, 10 бала отбасымен қауышты. 

Роза Ақылбекова, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро (АҚҚХБ) директорының орынбасары, Қазақстанның «Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі» ҮЕҰ Жұмыс Тобының Үйлестірушісі, Алматы қаласы

"Ұлттық және халықаралық деңгейде құқық қорғау саласындағы 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесі кезінде, біз тап болатын кез келген қиындықтар мен кедергілерге қарамастан, мен әрқашан құқық қорғаушы ұстанымдарымды қорғап келемін". 

Роза 1993 жылдан бастап құқық қорғау қызметімен және балалардың құқықтарын қорғаумен байланысты мәселелермен айналысады. Ол ЮНИСЕФ-пен бірлесіп "Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектептердің жұмысын трансформациялау және заңмен байланыста балалар мен олардың отбасылары үшін қызметтерді тарату", сондай-ақ "Көші-қон процестерінде балалардың құқықтарын қорғау жүйесін нығайту" бойынша жобаларды іске асырды. 

Сәуле Теменова, № 83 мектеп-гимназиясының директоры, Нұр- Сұлтан қаласы
Сәуле Теменова, № 83 мектеп-гимназиясының директоры, Нұр- Сұлтан қаласы
Сәуле Теменова, № 83 мектеп-гимназиясының директоры, Нұр- Сұлтан қаласы
©UNICEF Kazakhstan/2022/Ospan Ali

"Кез келген мектептегі ең бастысы – ерекше балаларға нормотип ретінде қарау" 

№ 83 мектеп-гимназияда инклюзивті білім беру қағидалары сақталған және барлық балаларға, олардың физикалық немесе психикалық ерекшеліктеріне қарамастан, бірдей жағдай жасалған. Сәуле  сондай-ақ мектепте инклюзивті сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер командасын құрды және мектеп бағдарламасына бейімделген спорт түрлерін енгізді. 

Шолпан Байболова, "Отбасы академиясы" ҚҚ Қамқоршылық Кеңесінің төрайымы
Шолпан Байболова, "Отбасы академиясы" ҚҚ Қамқоршылық Кеңесінің төрайымы
Шолпан Байболова, "Отбасы академиясы" ҚҚ Қамқоршылық Кеңесінің төрайымы
©UNICEF Kazakhstan/2022/Nurlybek Nurselinov

Шолпан Қазақстан үшін "Балаға мейірімді қала" тұжырымдамасын әзірледі, "Бала отбасында өмір сүруі тиіс", "Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік", "Отбасын қолдау орталығы" және басқа да жобаларға қатысты. Шолпан сондай-ақ Алматы қаласындағы балалар үйін "Отбасы мен балаларды қолдау орталығына" айналдыруға өз үлесін қосты. 

София Нұрмұхамбетова, 13 жаста, Островский ат. №4 зағип жандарға арналған мектеп-интернаттың 6 сынып оқушысы. Алматы қаласы
UNICEF Kazakhstan/2022/Nurlybek Nurselinov
София Нұрмұхамбетова, 13 жаста, Островский ат. №4 зағип жандарға арналған мектеп-интернаттың 6 сынып оқушысы. Алматы қаласы

София – "Зағиптарға арналған цифрлық дағдылар" курсының түлегі және Samgau UPSHIFT менторлық бағдарламасының қатысушысы. "Көру қабілеті бұзылған жасөспірімдердің цифрлық дағдыларын дамыту" курстарында София Алматы қаласындағы үйсіз жануарларды қолдауға бағытталған өзінің "Дай лапу", жобасын жасады.

Светлана Богатырева, "Just Support" қорының атқарушы директоры, психология магистрі, отбасылық психолог
Светлана Богатырева, "Just Support" қорының атқарушы директоры, психология магистрі, отбасылық психолог
Светлана Богатырева, "Just Support" қорының атқарушы директоры, психология магистрі, отбасылық психолог
©UNICEF Kazakhstan/2022/Nurlybek Nurselinov

2020-2021 жылдары "Just Support" жеке қоры ЮНИСЕФ-пен бірлесіп "Отбасылардағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және ата-ана дағдыларын нығайту" жобасын әзірледі.  Жоба барысында Светлана командамен бірге 28 маман оқытып, кейіннен 635 отбасына балалармен қарым-қатынасты жақсартуға көмектесті. 

Татьяна Федотова, "Ковчег" ҮЕҰ директорының орынбасары, Талғар қаласы
Татьяна Федотова, "Ковчег" ҮЕҰ директорының орынбасары, Талғар қаласы
Татьяна Федотова, "Ковчег" ҮЕҰ директорының орынбасары, Талғар қаласы
©UNICEF Kazakhstan/2022/Nurlybek Nurselinov

"Ковчег" 21 жыл бойы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелерімен айналысып келеді. 

2018 жылы Татьяна және "Ковчег"-тың басқа қызметкерлері ата-анасыз қалған балаларға арналған мекемелерді деинституализациялау бойынша жобаға кірді. Бұл жобада Татьяна 2 модуль дайындады. Біріншісі асырап алушы ата-аналарды іріктеу мен даярлауға, екіншісі қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасы мен балаларды әлеуметтік қолдауға арналды. Татьяна екі модульді де "Отбасылық Академия" ҚҚ-мен бірлесіп жазды. 

Татьяна Миронюк,"Ұлттық волонтерлік желісі" ЗТБ атқарушы директоры
Татьяна Миронюк,"Ұлттық волонтерлер желісі" ЗТБ атқарушы директоры
Татьяна Миронюк,"Ұлттық Еріктілер Желісі" ЗТБ атқарушы директоры
©UNICEF Kazakhstan/2022/Ospan Ali

"Әр санның артында әрқашан волонтер тұрады" 

Татьяна волонтерлік қызметте 17 жастан бастап жұмыс істеп келеді. Татьяна ЮНИСЕФ-тің қолдауымен "Ұлттық волонтерлік желісі" командасымен балалар мен жасөспірімдерге арналған буллинг пен кибербуллингтің алдын алуды жүргізетін, оқушыларға арналған онлайн сабақтар жүргізетін, экологиялық жобалар мен балалар құқықтары жөніндегі клубтарға қатысатын барлық өңірлердегі волонтерлерді оқытады. 

Евгения Дайнеко
Евгения Дайнеко – «Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің» серіктес-профессоры, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры
Евгения Дайнеко
©UNICEF Kazakhstan/2022/Nurlybek Nurselinov

"Баршаға арналған білім – менің өмірлік ұстанымым, сондықтан менің міндетім – еліміздің экономикалық дамуы мен тұрақтылығын нығайту үшін жоғары білікті АКТ мамандарын дайындау".

Евгения ХАТУ базасында балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін ақпараттық технологиялар шешімдерін әзірлеуге және біріктіруге бағытталған бірінші инновациялық зертхананың ашылуына үлес қосты. Евгенияның тікелей қолдауымен бастауыш және орта мектеп мұғалімдеріне арналған инклюзивті аралас курс құрылып, 6 облыстың 5000-нан астам мұғалімі курсты сәтті аяқтап, алған білімдерін іс жүзінде қолдануда.

Көрмеге портреттері қойылған батырлар – күн сайын балалардың игілігі үшін еңбек етіп жүрген жүздеген, мыңдаған адамдардың бір бөлшегі ғана. Осы көрменің көмегімен ЮНИСЕФ бала құқықтарын насихаттайтын және қорғайтын әрбір және барлық адамдардың жұмысын дәріптегісі келеді.